- 18 -
абзал». Содан кейін қасындағыларға: «Абайлап
бір-біріміздің
үстімізге шығайық!» -деген ұсыныс жасайды. Тасбақалар қабаттап
бір-біріне шығады, ең үстіндегі тасбақа айналасына қарап: «Мен
адамдардан биікпін, ең жоғарыдамын», -деп есерленіп,
мақтанып
тұрған кезде астыңғысы шырт етіп сынады.
А. Сейсенова
(52 сөз)
ӘР ЗАТТЫҢ ӨЗ ОРНЫ БАР
Рахмет өзіне тиісті заттарын белгілі орынға қоймайды. Даладан
келісімен, әр киімін әр жерге лақтырып тастай салады.
Бас киімі бір жерде, қолғабы екінші жерде жатады.
Керек
уақытында киімдерін таба алмайды. Үй ішін қағыстырады.
- Қолғабымды көрдің бе? Бас киімімді көрдіңдер ме? Сөмкемді
көрдіңдер ме? – деп, күн сайын сұрап жүргені.
Киімін таба алмай
жүріп, кейде сабақтан да кешігіп қалады.
(56 сөз)
КЕМПІРҚОСАҚ
Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланды. Нөсерлетіп жауған
жаңбырдан соң, жаңбыр басылып, бұлт сейілді. Көкжиектен батысқа
қарай батып бара жатқан күн көрінді.
Дәл осы кезде сұр бұлт
арасынан доға сияқты кемпірқосақ пайда болды. Оның жеті жолағы
бар. Олар – қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін.
Доғаша иілген кемпірқосақтың сыртқы жолағы қызыл болады.
Жеті түстен тұратын жарық сәуле, кәдімгі күн жарығы екен.
Жыл он
екі ай
(60 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: