- 4 -
Шапшаңдығы:
•
талаптан төмен
•
талапқа сай
•
талаптан жоғары
. . .
. . .
. . .
Мәнерлеп оқуы:
•
Мәнерлеп оқыды
. . .
Оқу дағдыларын жетілдіруге арналған
ұсыныстар:
. . .
Әр оқушының оқу дағдысы жеке тексеріледі. Бұл кезде секундомер пайдаланбаған
жөн, минуттық тілі бар сағат пайдалану керек. Мұғалім оқыту барысында уақытты оқушыға
білдірмей және сағатты оқушы оқуды бастағаннан кейін белгілегені жөн, өйткені көптеген
оқушылар оқуға дайындыққа көп уақыт жібереді,
бірінші қатарын іздейді, зейінін
тұрақтандырады, т.б. Төменгі нәтиже көрсетіп жүрген оқушылар бойында сенімділік
ұялатып, көңілдерін көтеріп,
көмек көрсету қажет, оқуына жайдары жүзбен сипаттама
беріп, жақсы жақтарына баса көңіл аудару қажет, содан кейін кеткен кемшіліктері
ескертіледі. Әсіресе психо-физиологиялық
кемшіліктері бар кекеш, көзінің көруі нашар,
шамадан тыс баяу балалар ерекше бақылауда болуы тиіс. Қорытынды шығару кезінде бұл
ескеріледі. Мұндай оқушылардың оқуын бақылауды сабақ барысында жүргізуге де болады.
Оқу дағдысын тексеру оқушыларға таныс емес мәтіндермен жүргізіледі.
СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ
ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары:
•
Әліпби әріптерін (таңбасы, жазба, бас, кіші);
•
дыбыс пен әріптің дұрыс атауын;
•
дыбыс пен әріптің негізгі өзгешеліктерін («дыбысты естимін және айтамын»);
•
дауысты және дауыссыз дыбыстарды («дауысты дыбыстар әндетіліп,
созылып
айтылады, ауа кедергісіз шығады»);
•
дұрыс жазу ережесін: 1) Кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының,
сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылуы; 2) сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуы;
3) сөйлем соңына тиісті тыныс белгінің (нүкте, сұрақ, леп) қойылуы;
•
сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы;
•
сөз мағынасы туралы (сөздің заттың,
құбылыстың, қимылдың, сапаның атауы екендігі;
мағынасы мәндес, қарама-қарсы, дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа
сөздердің болатындығы) біледі.
•
сөз, сөйлемнің шегін таба алады; сөзді буынға бөледі;
•
саналы, дұрыс, бірқалыпты буындап және тұтастай минутына 20-35
сөз оқиды
(белгілерімен қосқанда);
- 5 -
•
мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуға дағдыланған;
•
монолог, диалог арқылы берілген синтаксистік құрылымдағы хабарлы, сұраулы және
лепті сөйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі;
•
кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-
бірімен байланыстырады;
•
жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;
•
баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес);
•
сөздерді есту арқылы жазады (мұғалім сөздерді орфоэпиясы бойынша оқиды) (жыл
соңында 10-15 сөз);
•
сөйлеуден сөзді бөліп алады; оны сызбамен көрсетеді;
•
бөліп алынған сөзге сұрақ қоя алады (кім? не? қандай? не істеді? қайтті? нешеу?);
•
сөйлеуден сөйлемді ажыратады және бөліп алады, мәтіннен оның орнын (шегін) таба
алады; сөйлемнің сызбасын сыза алады;
•
сөзді буынға бөледі және оны графикалық түрде белгілейді;
•
сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;
•
сөздегі дауысты,
дауыссыздарды ажыратады;
•
затты не құбылысты, сапаны немесе қимылды білдіретін сөздерді таба алады;
•
тыңдағанын түсінеді, сұрақтарға толық жауап береді, диалогқа түседі, әңгімеге
қатысады;
•
әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген немесе оқыған мәтінін өз сөзімен
айтып береді; оқыған немесе әңгімесіне өзінің бағасын бере алады;
•
тірек сөздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме құра алады;
•
мәтіннің берілген басы мен соңы арқылы мәтін, диалог құрастырады;
•
затты, құбылысты, аңдарды сипаттайды, өз тәжірибесінде 4-6 сөйлемнен тұратын әңгіме
құрайды;
•
берілген тақырыпқа диалог құрастырады, сөйлеу әдебі сөздерін (амандасу, алғыс айту,
кешірім сұрау)
пайдаланады;
•
картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сөйлем).
Достарыңызбен бөлісу: