- 74 -
қолынан жем жейтін болады. Содан бала қарлығашты көруге
асығады екен.
Бір жолы мектептен келген соң қарлығашты дыбыстап
шақырса, шақырғанына келмейді. Байқаса,
терезенің көзі ашық
қалыпты. Досының ұшып кеткенін біледі. Өзін тастап кеткеніне
өкпелеп, жылап жібереді.
- Мен өзім-ақ қоя берейін деп жүр едім. Неге қоштаспай кетті
екен?! – дейді ол өксігін баса алмай.
- Жылама, ботам! Қарлығаш енің жақсылығыңды ұмытпайды.
Бір келуін келеді. Көр де тұр! – дейді әкесі.
Содан әкесінің айтқаны келеді. Бірде барлығы үй ішімен
дастарқан
басында отырғанда, терезенің көзінен зу етіп қарлығаш
ұшып кіреді де, шиқ-шиқ етіп бөлмені айнала шарлап, қолын соза
берген баланың иығына келіп қонады.
Қарлығаштың аузында тістеп
алған бір сап-сары дәні бар екенін отырғандар сонда ғана көреді.
-
Папа, мына аузындағысы не? – дейді бала.
-
Қауынның дәні. Саған рақмет айтайын деген сыйлығын қабыл
ал, - деп әкесі күледі.
Қарлығаш лып етіп терезе көзінен ұшып кетеді. Ал әлгі дән
еденге ұшып түседі.
Содан әкесі ұлына дәнді қыш тостағанға отырғызуға
көмектеседі. Күн жылынған соң әкесі
мен баласы өскінді бақшаға
апарып отырғызады. Бала өскінді суарып, күтеді. Күз болғанда әлгі
кіп-кішкентай өскіннен үп-үлкен, жұпар иісі аңқыған, тәп-тәтті
қауын өсіп шығады.
-
Мұндай тәтті қауын жеп көрген емеспіз! – деп мақтайды жұрт.
Міне, баланың жақсылығын қарлығаш осылай қайтарған екен.
(328 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: