Белгісіздікке әуестік.
Менің қарамағымдағы адамдар басқа
адамдардан тағы бір креативтіліктің көрінуіне мүмкіндік беретін
қасиетімен ерекшеленеді. Өзін-өзі кемелдендірген адамдар бел-
гісіз, құпиялық, жұмбақтықтан анағұрлым аз қауіптенеді: оларды
белгісіз нәрсе өзіне тартады; олар таныс емес жерге қуанышпен
кіреді. Мұнда мен өзімнің бір жазбамды оқып кетейін. Бұл
адамдар белгісіздікке мойынсұнбауға немесе жоққа шығаруға
бейім емес, одан қашпайды; олар таныс емес нәрселердің бәрі
бұрыннан жақсы белгілі деп өздерін сендірмейді. Олардың шын-
дыққа деген ұмтылыстарының Гольдштейнде жазылған миы
шайқалған және неврозбен ауыратын адамдардағы тәртіпке,
нақтылық пен қауіпсіздікке деген гипертрофияланған қажет-
тілікпен ешқандай байланысы жоқ. Сау адамдар қалыптан тыс
64
жағдайларда өздерін жақсы сезініп, күдіктер, сенімсіздік таныта
біледі (бұл кейде ғылымда, өнерде және жай өмірде өте керек).
Сонымен, шешім қабылдауды кейінге қалдыру көп адам-
дарға жағымсыз, психологиялық төмендеуді көрсетсе, кейбіреу-
лерде, керісінше, жоғарылауды көрсетеді.
Қарсылықтардың шешілуі
Көп жылдар бойы мен өзімнің бір байқауымды түсіндіре
алмай келдім. Тек қазір ғана мен нақты тұжырымдарға келдім.
Сөз өзін-өзі кемелдендіретін адамдарда қарсылықтардың шеші-
луі туралы болып отыр. Сөздің қысқасы, мен көптеген психолог-
тар кездесе береді дейтін қарама-қарсылықтарға басқаша қара-
дым. Мысалы, менің қарамағымдағы адамдар қамқоршы (аль-
труист) не өзімшіл (эгоист) екенін шеше алмадым. Осы жерде «не»
деген сөз ерекше шыққанына назар аударыңыздар. Сірә, біреуі көп
болса, екіншісі аз болар және керісінше. Сонымен, фактілердің
әсерінен маған Аристотельдің логикасынан бас тартуға тура келді.
Менің қарамағымдағы адамдар бір мағынада өзімшіл, ал екінші
мағынада альтруист болды. Бұл екі қасиет қарама-қарсы нәрсе
емес, керісінше, динамикалық бірлікте болды. Фроммның өзіне
деген махаббаты туралы классикалық мақаласына сәйкес келді.
Менің қарамағымдағы адамдар қарама-қарсылықтарды тиімді
пайдалана алды, содан эгоизм мен альтруизмді қарама-қарсы қою
– тұлға дамуының дәрежесі төмендігінің белгісі деуге негіз берді.
Сонымен бірге мен басқа да қайшылықтардың қалай шешілгенін
көрдім: таным-ерік дихотомиясы ерікпен «құрылымданған» та-
нымға айналды, осы сияқты нәрсе сана-интуиция дихотомиясында
да байқалды. Парыз, міндет рахаттануға айналды. Жұмыс пен
ойынның арасындағы шек жойылыңқырап кетті.
Соған ұқсас нәрселерді суретші өз жұмысының барысында
істейді. Ол бір-біріне сәйкес келмейтін түстерді, формаларды
қатар қойып, бір суретке айналдыруы мүмкін. Соған ұқсасты
ғалым да жасайды. Бір-бірімен сәйкес келмейтін фактілерді
бірлестіріп, түбінде бұлардың бір кісеннің ұшы болатыны анық
көрінеді. Сол сияқтыны мемлекеттік қайраткер, емші, философ,
көңілдес және ата ана туралы да айтуға болады. Олардың бар-
лығы қарама-қарсы құбылыстарды біріктіріп, бірегей тұтас нәрсе
жасай білуге қабілетті.
|