Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Өзін-өзі кемелдендірудің креативтілігі



Pdf көрінісі
бет26/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Өзін-өзі кемелдендірудің креативтілігі 
Meн «дарын креативтілігі» мен «өзін-өзі кемелдендіру 
креативтілігі» дегендерді екіге бөліп қарастыру қажет деп тап-
тым. Соның ішінде «өзін-өзі кемелдендіру креативтілігі» ең көп 
таралған және тұлғамен тығыз байланысты, болмыста тек ұлы 
және күнделікті шығармашылық өнімдерінде ғана көрініс 
бермейді, бөлек басқа жолдармен де көрінеді. Мысалы, қалжың 
сезімінің болуы бір нәрсені шығармашылық тұрғыдан жасауға 
бейімділік, мысалы, оқыту және т.б. 
Қабылдау.
Өзін-өзі кемелдендіру креативтілігінің маңызды 
құрылымын ерекше қабылдаушылық құрайды, мысалы, баланың 
жалаңаш патша туралы ертегіні қабылдауы сияқты. Бұлай қа-
былдайтын адамдар жаңаны, нақтыны жақсы көреді. Яғни бұл 
адамдар жай адамдар сияқты абстарктіні, ерекшелікті шын өмір-
мен араластырмайды, керісінше, шын өмірді қабылдайды, сонда 
өмір сүреді. Бұл қасиет Роджердің айтып кеткен «күйзелістерге 
ашықтық» деген сөзінен дәл көрінеді. 
Өзін көрсете білу.
Менің қарамағымдағы адамдардың бәрі 
салыстырмалы түрде аяқастылы және экспрессивті. Олар өздерін 
еркін ұстай алады; олар өздерін сынауға онша бейім емес, 
сондықтан олар өздерін еркін сезінеді деген әсер туады. Өз ойла-
рын еркін жеткізе білу, сыртта адам күлер деген қорқынышсыз 


63 
болу, бұл қасиеттер өзін-өзі кемелдендіруде креативтілік үшін 
аса маңызды. Роджерс бұл психологиялық денсаулық аспектісін 
«толыққанды қызмет жасайтын тұлға» деген керемет сөз тіркесі-
мен береді. 
«Екінші аңғалдық».
Басқа бақылауларға сәйкес, өзін-өзі 
кемелдендірген адамдардың креативтілігі көбінесе бағытты 
балалар креативтілігіне ұқсас. Ол аяқасты, ешқандай қиналусыз, 
жеңіл, стереотиптерге тәуелсіз көрінеді. Қайтадан мына әсер пай-
да болады: оның бастау бұлағы қабылдаудың «кінәсіз» еркіндігі 
және «кінәсіз» ештеңемен шектелмеген аяқастылық пен экс-
прессивтілік көрсете алады. Барлық балалар дерлік қоршаған 
болмысты еркінірек қабылдайды, өздерін ештеңені нақты күту-
мен шектемейді. Әрбір бала ән не тақпақ шығаруға, би ойлап шы-
ғаруға немесе сурет салуға, жоспарланбаған, дайындалмаған 
ойынға қатыса алуға қабілетті. 
Менің қарамағымдағы адамдар осы балалар сияқты. Түсін-
беушілік болмау үшін айтып кетейін, олар балалар емес (ересек 
адамдар, жастары 50-70 арасында). Олар балалықтың екі аспек-
тісін – «күйзелістерге ашықтық» немесе аяқастылық пен экс-
прессивтілікті сақтап қалған немесе қайта ие бола алған. Әрине, 
бұлардың осы қасиеттері балалардікінен әлдеқайда төмен дәре-
жеде. Егер балалар әуел бастан аңғал, аңқау болса, менің қара-
мағымдағы адамдар, «екінші аңғалдықты» иеленген. Олардың 
қабылдауының кінәсіздігі мен экспрессивтілігі ақыл-ойының 
иірімділігімен бірлікте көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет