Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет34/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

жеке алғанда
адамның ақыл-
ойының күштерін қалыптастыруға болмайды; дәл солай адамның 
ақыл-ойын табиғи үйлесімді дамытатын құралдармен ешқашан 
да 
жеке алғанда
адам жанының күштерін табиғи үйлесімді етіп 
және жеткілікті мөлшелерде көркейтуге болмайды. 
Біздің күштеріміздің біреуінің кез келгенін бір жақты дамыту 
нағыз дамыту, табиғи үйлесімді дамыту емес; ол білім беру емес, 
ол бар болғаны білім берген сияқты болу, мыстың сыңғыры мен 
білім берудегі даңғазалык. 
Нағыз табиғи үйлесімді білім өзінің мән-мағынасы жағынан 
мүлтіксіздікке талпынуға, адам күштерін жетілдіруге талпынуға 
шақырады. Ал осы күштерді дамытудағы біржақтылық өзінің 
мән-мағынасы жағынан адам табиғаты күштерінің жиынтығы-
ның іргесін шайқап, ірітеді және айналып келгенде құртып 
тынады, талпыныстың өзі сол жиынтықтан ғана пайда болатыны 
ақиқат әрі табиғи үйлесімді... 
Егер адам осыған білім беруде жол беретін болса, онда бұл 
қай бағытта болмасын, жартыкеш адамдарды қалыптастыруға 
апарып соғады, ал мұнда тұрған ешқандай жақсы нәрсе жоқ. 
Біздің күштерімізді дамытудың біржақтылығының қандай 
түрі болмасын дәлелденбеген талаптармен өзін-өзі алдауға
өзінің осал жақтары мен кемшіліктерін мойындамауға, біздің 
қате, біржақты көзқарастарымызбен келіспейтіндер туралы қатал 
пікір айтуға апарып соғады. Бұл жүрек пен сенімге бола шектен 
шығып кетуге мүмкіндігі бар адамдарға және өзінің сүйіспен-
шілік дегеннің не екенін білмей, қара бастың қамын ойлап, өзінің 
ақыл-ой күштеріне өздерінің түбіне жететін табиғисыздығына 
кең еркіндік беріп қойғандарға да қатысты дәл айтылған. Қандай 
да бір күштің салмағының басым болып кетуінің кез келген түрі 
оның тарапынан іштей әлсіз және өлі туған шектен тыс талап 
қоюға апарып соғады. Бұл сүйіспеншілік пен сенімге қатысты да, 


75 
сондай-ақ адамның ойлау қабілетіне, оның шеберлік пен маман-
дығына қатысты да дәл айтылған. Отбасылық және азаматтық 
берекенің ішкі негіздері дегеніміз негізінен рух пен өмір; отба-
сылық және азаматтық өмір сыртқы дағдыларды қалыптасты-
руды талап етеді, ал сыртқы дағдылар өздерінің пайдалылығы 
сүйенетін негіздердің ішкі мән-мағанасынсыз адамзат үшін 
қауіпті адасудың себебі, отбасылық және азаматтық өмірдегі әр 
түрлі риза болмаушылықтың, барлық азап пен реніштің, жабайы-
ланудың қайнар көзі болып табылады, бұлардың бәрі сөз жоқ 
солардың табиғатынан туындайды. 
Күштердің бастауыш білім беру идеясы үшін талап етілетін 
қажетті тепе-теңдігі адам табиғатының әрбір жеке басты күшінің 
табиғи үйлесімді даму қажеттігін талап етіп қояды. Олардың 
әрқайсысы өзгермейтін, мәңгілік заңдар бойынша дамиды, оның 
дамуы табиғи үйлесімді, себебі оның дамуының өзі біздің таби-
ғатымыздың осы мәңгі заңдарымен үйлесіп тұрады. Барлық 
жағдайда даму қандай да бір жолмен осы заңдарға қайшы келіп 
жатса, ондай даму табиғи емес, табиғатқа жат. Біздің әрбір жеке 
күшімізді табиғи үйлесімді дамуына негіз болған заңдардың жеке 
алғанда бір-бірінен айырмашылығы бар. Егер адамның ақыл-ойы 
адам жанын асылдықтың биік деңгейіне көтеретін заңдар бойын-
ша дамыса, ол табиғи үйлесімді болып дамымайды. Біздің сезім 
мүшелеріміз бен дене мүшелерімізді табиғи үйлесімді етіп 
қалыптастыратын заңдардың біздің жанымыз бен ақыл-ойымыз-
дың күштерін табиғи үйлесімді етіп қалыптастыруға шамасы 
келетін заңдардан айтарлықтай айырмашылығы бар. 
Бірақ осы жекелеген күштердің әрқайсысы, әсіресе тек 
жаттығудың көмегімен ғана табиғи үйлесімді болып дамиды. 
Адам өзінің моральдық өмірінің негіздерін – сүйіспеншілік 
пен сенімді іс жүзінде көрсеткенде ғана оларды табиғи үйлесімді 
етіп дамытады. Адам өзінің ақыл-ой күштерінің, ойлау жүйесінің 
негіздерін тек ойлаудың өзі арқылы ғана табиғи үйлесімді етіп 
дамытады. Ол дәл осылай өзінің шеберлікке, мамандыққа деген 
қабілетінің сыртқы негіздерін, өзінің сыртқы сезімдерін, орган- 
дары мен мүшелерін оларды іс жүзінде жаттықтырып қана 
табиғи үйлесімді етіп дамытады. 
Осы күштердің табиғатының өзі сол күштерді жаттықтыруға 
итермелейді. Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, ал қол 


76 
ұстағысы келеді. Сонымен қатар жүрек те сенгісі келеді. Ми 
ойлағысы келеді. Адам табиғатының кез келген туа біткен 
қасиетінің нышаны тірліктің белгісін білдіргісі, бір нәрсе істей 
алғысы және дамыған 
күш
болғысы келеді, ол күшті Жаратқан 
бізге кәдімгі күш емес, мәйек күйінде салып берген.
Әлі жүре алмайтын баланың жүруге әрекет жасай бастағанда 
етпетінен құлап, сол сәтте-ақ беті қайтып қалатыны секілді, өзі 
қолын созған мысық тырнап алса, ал қолын тигізіп көргісі келген 
ит шәу-шәу етіп, оған тісін ақситса, баланың сенім күші әлсі-
рейді. Егер оны ойлауға үйрететін құралдар оның қабілетін 
қоздырмай, келісілген күшпен ұйқысынан оятып, жандандыр-
май, керісінше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет