Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет37/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

сүйіспеншілік пен сенімнің өскіндері тыныш- 


80 
тықта ғана табиғи үйлесімді болып дамиды
және сонымен 
бірге сезімнен туған мазасыздықтың кесапаты мен одан туған 
сенімсіздік пен күш қолдануға апарып соғатын салдарға әке- 
леді. 
Күн сайын өзінің баласын физикалық игіліктермен тойғызып 
жіберетін ақылы аз бай әйел, қай әлеуметтік топқа жатпасын, 
баласының бойына адам табиғатының шын қажетімен нақты 
негізделмеген, адамның табиғатына жат хайуандық ләззатқа 
құмарлықты дарытады. Бұлай рақат табу кейіннен адамның шын 
қажетін сенімді қанағаттандыруға өткел бермес кедергіге айнала 
алады, бұл кедергі оның өмір бойы қажетін дұрыс және өз 
бетімен қанағаттандыруға қажетті күштерінің бесігінде-ақ ірге-
сін шайқалтып, берекесін алып, оларды әрекет ету қабілетінен 
айырады. Сөйтіп, олар адам бойында оп-оңай және тоқтаусыз 
күннен-күнге өсе беретін толқулардың, қорқыныштың, азап пен 
дөрекі күш қолданудың түпсіз қайнар қөзіне айналады. Баланың 
бойында адамдықтың алғашқы, таза сезімнің оянуына жасалатын 
нағыз аналық қамқорлық іс жүзінде оның ең керекті қажеттерін 
өтеумен шектеледі, шындығын айтқанда, ананың осы қамқорлы-
ғынан баланың адамгершілігі мен діндарлығының асқақ мәні 
туады. Оқыған және есті ана бала үшін өмір сүреді, 
оның ессіз 
еркелігі мен хайуанша қоздырылатын және таусылмайтын 
эгоизмі үшін емес, оның сүйіспеншілігі үшін бәрін жасайды.
Шешесімен бірге баланың тыныштығын қорғайтын табиғи 
үйлесімді қамқорлық оның сезім органдарының қабылдағыш-
тығын тітіркендіре алмайды, ол тек оның физикалық қажеттерін 
қанағаттандыра алады. Бұл – табиғи үйлесімді аналық қам-
қорлық, ол ананың бойында инстинкт түрінде болғанымен, оның 
ақылы мен жүрегінің талап-тілегімен үйлесіп тұрады. Табиғи 
үйлесімде аналық қамқорлық ақыл мен жүрекке сүйенеді, өмірге 
тек инстинкт ретінде келеді, олай болса, ешқашан да ананың асыл 
да асқақ қасиеттерінің нышандарының оның қан мен тәннен 
тұратын сезімге берілген құмарлығына бағындырудың нәтижесі 
емес, оның ақылы мен жүрегінің талпынысының нәтижесі. Ана- 
ның күші мен ананың жанқиярлығы осылай әсер ете отырып, 
нәрестенің бойында сүйіспеншілік пен сенімнің өскіндерін таби-
ғи үйлесімді етіп дамытады. Осы күш және жанқиярлық аталық 
күштің, бауырластық туысқандық сезімнің игілікті әсерінің 


81 
негіздерін дайындап қалайды, сөйтіп, сүйіспеншілік пен сенімнің 
рухын отбасының аясына бірте-бірте таратады. Анаға деген 
физикалық сүйіспеншілік пен оған деген сезімнен туған сенім 
осындай жолмен адамдық сүйіспеншілік пен адамдық сенімге 
ұласады. Сүйіспеншілік пен сенімнің анаға деген сүйіспеншілік-
тен тараған рухы әкеге, бауырларына деген сүйіспеншіліктен 
және соларға деген сенімнен білінеді. Баланың адамға деген 
сүйіспеншілігі мен адамға деген сенімінің аясы бірте-бірте 
кеңейе түседі. Анасы кімді жақсы көрсе, бала да соны жақсы 
көреді. Анасы кімге сенсе, баласы да соған сенеді. Шешесі тіпті 
баласы еш уақытта көрмеген, бөтен кісі туралы: «Ол сені жақсы 
көреді, сен оған сенуің керек, ол жақсы адам, оған қолыңды бер» 
десе, бала оған күлімсіреп, өзінің күнәдан пәк қолын ұсынады. 
Ал егер шешесі оған: «Осы жерден алыс бір жерде сенің атаң бар, 
ол сені жақсы көреді» десе, онда бала осы сөзге сеніп, шешесімен 
сол кісі туралы қуана-қуана сөйлеседі, атасының оны жақсы 
көретініне сенеді. Ал егер шешесі баласына: «Көкте менің әкем 
бар, біздің қолымыздағы жақсы нәрсенің бәрі содан тарайды» 
десе, шешесінің сөзіне сеніп, оның көкте әкесі бар екеніне сеніп 
қалады... Бала осылай шешесінің жетекшілігімен табиғи үйлесім-
ді түрде сезімнен туған сенімнен және физикалық сүйіспенші-
ліктен адамға деген сүйіспеншілікке, адамға деген сенімге, сосын 
олардан нағыз христиандық сенім мен нағыз христиандық 
сүйіспеншілік сезіміне көтеріледі. Бастауыш білім беру идеясы-
ның мақсаты – тура осы жолмен бесіктен бастап баланың адам-
гершілік және діни өмірін адамға негіздеп құру. 
Ары қарай барып, өзіме екінші сұрақты қоямын: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет