Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет33/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

дамасының негізін қалаушылардың бірі болды, оқыту пәндерін 
«білім алу емес, қабілеттерді мақсатты түрде дамыту құралы» 
ретінде қарастырды.
К.Д. Ушинский «Песталоццидің әдісі» халықтың алғашқы 
ұстазы деп атауға құқық беретін жаңалық болып табылады 
деді. Песталоцци бастауышта оқытудың жалпы негіздерін 
және бастауыш білім берудің жеке әдістемесін қалып-
тастырды. Оның идеялары Ф. В. А. Дистервег, Ф. Фребель, 
К.Д. Ушинский сияқты ірі педагогтердің зерттеулерінде дамы-
тылды.
Мен өзімнің табиғатымның адамдық мән-мағынасы немесе 
дәл соны білдіретін менің 
адамдық табиғатым
менің бүгін бар, 
ертең жоқ қаным мен тәнім, адами талап-тілегімнің хайуандық 
сипаты емес, ол – мен секілді адамның жүрегі мен ақыл-ойының 
нышандары, менің шеберлікке деген адамдық қабілетім екенін, 
міне осылар екенін мойындауым керек. Бұдан өзінен-өзі қара-
пайым білім беру идеясын адамның ақыл-ойының және оның 
біліктерінің күштері мен туа біткен нышандарын табиғи үйле-
сімді дамыту мен қалыптастыру идеясы ретінде қарау керек екен 
деген қорытынды шығады. Сондықтан біздің күштеріміз бен туа 
біткен нышындарымызды дамытудың және қалыптастырудың 
құралдарына бұл идея ұсынып отырған табиғи үйлесімділік 


73 
хайуандық сипатындағы біздің талап-тілегімізді біздің жүрегіміз-
дің, ақыл-ойымыздың және біліктеріміздің күштері мен туа 
біткен нышандарының одан жоғары тұрған ішкі, құдай берген 
мән-мағынасына дәл солай міндетті түрде толық бағынуын, 
басқаша айтқанда, негізінде тәніміз бен қанымыздың жанымызға 
бағынуын талап етеді. Бұдан одан әрі адамның күштері мен туа 
біткен нышандарын табиғи үйлесімді дамыту мақсатында қол-
данылатын тәрбиелеу өнерінің құралдарының жиынтығы біздің 
күштерімізді дамытып және қалыптастырып келе жатқан таби-
ғаттың өзі жүріп келе жатқан 
жолды
анық білмесең де, оны қалай 
болғанда да іштей сезуің керек екенін 
шарт етіп қояды
деген 
қорытынды шығады. Табиғаттың бұл жүрісі өзгермейтін, мәңгі-
лік заңдарға сүйенеді, олар адамның әрбір күшінде туа пайда 
болады және тоқтаусыз өзі дамуға талпынады. Біздің дамуымыз-
дың бүкіл табиғи барысы осы талпынудан туады. Адам бір 
нәрсеге күшім бар деп ойлайтын болса, ол соның бәрін алғысы 
келеді және ол бойындағы осы талпынудың әсерінен соның бәрін 
істеуді қалап тұруға тиіс. 
Осы күшті сезу мәңгілік, күмәнсіз және өзгермейтін заң-
дарды білдіру деген сөз, табиғаттың жүрісі адамның дамуына 
қатысты осы заңдарға сүйенеді. 
Негізінен, адамның бойындағы жекелеген туа біткен бір 
нышанның ерекшеліктерінен туындайтын бұл заңдардың заң-
дарға тән күштердің бір-бірінен айырмашылығы болатыны 
секілді, бір-бірінен айырмашылығы бар. Бірақ мына күштер 
секілді олар да адам табиғатының бірлігінен туындайды, сондық-
тан қаншалықты айырмашылығы болса да, олар бір-бірімен 
терең байланысқан. Адам баласының бойында бірге болып, 
үйлесімдік пен тепе-теңдікті сақтағанның арқасында ғана олар 
адам үшін нағыз және толықтай табиғи үйлесімді болып табы-
лады әрі адамды қалыптастыруға себепкер болады. Қандай 
жағдайда болмасын дәлелденетін ақиқат мынау: адамды қызық-
тырып әкететін нәрсе ғана пәрменді түрде, шынымен және та-
биғи үйлесімді етіп қалыптастыруға көмектеседі, ол адам таби- 
ғатының барлық күштеріне, яғни жүрегіне, ақыл-ойына және 
қолына әсер етеді. Адамға бұлайша әсер етпейтін нәрсенің бәрі, 
оның жан дүниесін тұтастай қызықтырмайтын нәрсенің бәрінің 
әсері табиғи үйлесімді емес және осы сөздің толық мағынасында 


74 
адамды қалыптастыруға көмектеспейді. Адамға біржақты, яғни 
оның күштерінің біреуіне ғана, жүректің күшіне ме, ақыл-ойдың 
немесе қолдың күшіне ме әсер ететін нәрсенің бәрі оның күш-
терінің тепе-теңдігін шайқалтады және бұзады, білім құралдары-
ның табиғаттан қол үзуіне апарып соғады, ал оның салдары – 
жер-жерге жаппай тарап кеткен қате тәрбие мен адамдардың 
табиғилықты жоғалтып алуы. Адам жанын асқақтататын құрал-
дардың көмегімен ешқашан да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет