Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет32/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Иоганн Генрих 
Песталоцци 
(1746-1827) 
 
 


71 
жатқан бақытсыздықтың көзін жоюға» тек халықтың білімін 
көтеріп, көзін ашып қана қол жеткізуге болады деген байламға 
келеді. Ал халықтың мектепке және білім алуға қаржысы да, 
күші де жоқ болғандықтан бұл міндет аналарға жүктелуі тиіс. 
Бұл міндетті жеңілдету үшін оларды нұсқаулықпен қамтамасыз 
ету керек деген оймен Песталоцци аталмыш шығармасын 
жазады. 
Песталоццидің педагогикалық көзқарастары «Гертруда 
балаларын қалай оқытты?» (1801 ж.) атты еңбегінде жүйелі 
түрде берілген. Оның оқыту әдісі Жакото әдісіне жақын бола-
тын, оқушының ақыл-ой әрекетін ынталандыруға бағытталды. 
Өзге педагогтер секілді Песталоцци білімдерді жинай беру 
зиянды: білім әрекетке итермелеуі тиіс дегенді қолдады. Білік-
тер де, ептіліктер де білімді көрнекілік жолмен алған сияқты 
алынуы керек деді. Тәрбиенің мақсаты – адамның тумысынан 
берілген күш-жігері мен қабілеттерін дамыту. Ал тәрбиенің 
міндеті – адамның үйлесімді дамуын қалыптастыру. Тәрбиенің 
негізгі ұстанымы – табиғатпен үйлесімділік, ал құралы – еңбек, 
ойын, оқыту. Білім беру адам психологиясы туралы ілімдерге 
негізделуі тиіс деді. Ол Руссомен бірге «табиғатпен жоғары 
үйлесімді» тәрбиеге оралуға үндеді. Алайда тәрбиедегі биология-
лық және әлеуметтік факторлардың қатынасына келгенде 
«өмірдің өзі қалыптастырады» деген тезисті ұсынды. Тәрбие 
көпқырлы әлеуметтік үдеріс дей келіп, «адамның дамуына жағ-
дай түрткі болады, бірақ адам да жағдайларды қалыптасты-
рады» деді.
Песталоцци тәрбие мен оқытудың мазмұнына қатысты 
ақыл-ойлы білім беру, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, адамгер-
шілік және діни тәрбиеге мән берді. Ақыл-ойлы білім – бұл 
оқытудың әр сатысына қатысты интеллектуалдық күш-жігері 
мен қабілеттерін дамытатын арнайы жаттығулардың жүйесі. 
Дене тәрбиесі баланың дамуына ересек адамның парасатпен 
ықпал етуінің, барлық физикалық мүмкіншіліктерін дамытуы-
ның және бекітуінің ең бастапқы түрі, ол қозғалысқа деген 
табиғи ұмтылысқа негізделеді. Еңбек тәрбиесі Песталоцци 
бойынша, оқытудың өндіріспен бірігуі, еңбек іспен үйлеспеген 
сөзді жек көруге үйретеді. Ол нақтылыққа, шыншылдыққа, 
ересектер мен балалардың, бала мен баланың арасында дұрыс 


72 
қарым-қатынас орнатуға үйретеді. Адамгершілік тәрбие – 
басқа адамдарға пайда әкелетін істерге үнемі жаттығу, ол 
тәрбиенің негізгі орталығы болып саналады. Песталоцци 
баланың бүкіл өмірі барысындағы адамгершілік тұрғыдан да-
муын отбасындағы дұрыс қарым-қатынасқа негіздеді, мектеп-
тегі тәрбие тек отбасындағы тәрбиемен жарасымды үйескен-
де ғана сәтті болады деді. Діни тәрбие турасында ол ресми 
бекітілген дін мен оның ғұрыптарына қарсы болды, ол діннің 
моральдық сезім мен адамгершілік бейімділігін қолдайтын таби-
ғилығын қолдады. Дамыта тәрбиелей оқыту турасында «Оқы-
ту тәрбиеге бағынуы тиіс» деді. «Мұғалім мен оқулыққа ең бас-
ты рөл берілетін мектептер ештеңеге жарамсыз», «Мұғалім 
оқушының бойында қайраткерлікті қалыптастыруы керек... 
оған дайын білімдерді дайын ыдысқа құйғандай құймауы керек». 
Мектептегі дамыта оқыту және элементарлы оқыту идеясын 
ұстана отырып, И.Г. Песталоцци дамыта білім беру тұжырым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет