Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет40/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

өнердің
адамның ойлау қабілетін дамыған пайым 
жасау қабілетіне дейін көтерген 
осы құралдарының
шын мәнін 
зерттеу және бұл құралдар барлық жерде пайдалы болып, 
жалпылама қолданылу үшін оларды жетілдіріп отыру. Сезім 
арқылы қабылданып, анық танылған заттарды логикалық өңдеу 
қабілеті 
сөз жоқ ең алдымен дамыған санау және өлшеу қабіле-
тінен туатын және қолдау табатын болғандықтан, білім берудің 
осы маңызды мақсатына жетуге арналған ең жақсы құралды 
сан 
мен форманы оқытудың
оңайлатылған өңдеуінен іздеу керек 
екені анық болды. Бастауыш білім беру идеясы психологиялық 
жағынан негізделген және сан мен формаға оңайлатылған үйре-
тудің тілді дәл солай оңайлатып үйретумен қабыстырылатынын 
неліктен адамның ойлау қабілетіне үйрету үдерісіндегі табиғи 
үйлесімді қалыптастырудың ең терең, ең пәрменді және ауқымды 
негізі деп танитыны және бұл идеяның неліктен солай оқытудың 
талап ететіні де анық болды. 
Сан мен формаға үйретуді қарапайым өңдеуден өткізу 
туралы айтар болсақ, онда осы бағыттағы біздің тіпті Бургдорф-
тағы алғашқы тәжірибелеріміздің өзінің 
елдің бәріне
берген 
таңғаларлық 
әсері өнеге аларлық. Осы тәжірибелеріміздің Бург- 
дорфте тек біржақты ғана басталған, содан кейін мүлде нашарлап 
кеткен ең соңғы кездегі нәтижелерінің 
өзі 
менің негізгі көптен 
бері қатты шайқалған, 
ұзақ жылдар бойы ашық наразылық 
білдіріп, 
өзінің өмір сүруі үшін күрескен, сөйтіп, жарға жығылуға 


86 
жақын қалған мекемемнің бүгінге дейін құламай тұруына 
мүмкіндік бергені ешкім таласпайтын факт болғаны тіпті көңіл 
аударарлық. Тіпті қазірдің өзінде барлық сыртқы құралдар 
барған сайын әлсіреп және мүлде таусылып бара жатқанда, 
саудасы бітетін кезі жақындаған сияқты болғанда, өзінің 
өміршеңдігінің отын өшірген жоқ, қайта тәрбиеші жігіттер мен 
қыздарды дайындауға арналған институттың құрушысы болды; 
елді елең еткізген осы зор құбылыс менің мекемемді құтқарып 
қалар деген үмітімді өшірмейді. 
Үшіншіден, біз өзімізден 
тәрбиелеу өнерінің
адамның ақыл-
ой жұмысының нәтижелерін білдіруге және адам жанының 
талап-тілегінің сырттай табысқа жетіп, пәрменді болуына 
мүмкіндік беретін құралдар арқа сүйейтін 
негіздері қалай дамып 
жатыр
, отбасылық және азаматтық өмірге қажетті дағдылардың 
жасалуына көмектесуге тиісті негіздер қалай дамып жатыр деп 
сұрайтын болсақ, онда бұл негіздердің – ішкілерінің де, сыртқы-
ларының да – рухани және физикалық негіздер екенін бірден көре 
аламыз. Шеберлікке және мамандыққа қажетті барлық қабілет-
терді қалыптастырудың ішкі мән-мағынасы адам табиғатының 
рухани күштерін, ойлау және пайымдау қабілеттерін қалып-
тастыруда екенін және көреміз. Адамның рухани күштері өзінің 
мазмұны жағынан адамның бойындағы сезім мүшелері арқылы 
қабылдау қабілетін табиғи үйлесімді түрде қалыптастырудан 
туады. Егер адам санауға, өлшеуге және осымен байланысты 
сызуға жақсы, яғни табиғи үйлесімді түрде және қанағатта-
нарлық деңгейде үйретілген болса, онда кез келген шеберлік пен 
ісмерліктің оның бойында тамырын тереңге жібергенін және 
оның маңызды негіздері бар екендігін мойындауымызға тура 
келеді. Үйренсем деген шеберліктің қажетті дағдыларын алсам 
деген белгілі мақсат үшін оған тек өзінің сезім органдары мен 
мүшелерінің күшін шеберлікті меңгеруге қажетті дамыған ішкі 
қабілетіне сәйкес механикалық жолмен жетілдіру ғана қалады. 
Егер форма мен санға қарапайым жолмен өңделген үйретуді 
шеберлікке қажетті 
рухани 
қабілеттерге арналған нағыз гимнас- 
тика деп қарастыратын болсақ, онда біздің сыртқы дағдылары-
мызды қалыптастыруға қажетті сезім органдары мен мүшелердің 
механикалық жаттығуын керісінше шеберлікті меңгеруге қажетті 
қабілеттерге арналған физикалық жаттығу деп есептеу керек. 


87 
Шеберлікке деген қабілеттерді қарапайым ғана қалып-
тастыру
(кәсіптік білікті әрбір жеке адамның әлеуметтік жағ-
дайы мен тұрмыс жағдайына сәйкес осы қабілеттердің арнайы 
қосымшасы ретінде қарау керек) ішкі мәні жағынан екеуі екі 
бөлек негізге сүйенеді. Оның табиғи үйлесімді құралдары бір-
бірінен айырмашылығы бар екі негізгі күшті – рухани және 
физикалық күшті – жандандырудан және жетілдіруден туады. 
Бірақ ортақ, адамзат мәдениетінің солармен байланысты басты 
үш күшін жандандырудың және жетілдірудің арқасында бұлар 
білім берудің нағыз құралдары болады немесе бұл 
адамдық 
әлпетімізге 
арналған білім берудің нағыз және табиғи үйлесімді 
құралдары болады. 
Мен 
моральдық және ақыл-ойға негізделген
осы құралдарды 
қарампайым жолмен әзірлеудің мән-мағынасын қозғап кеттім; 
енді олардың физикалық негіздерін қозғай кетейін. Біздің мо-
ральдық және ақыл-ой күштерімізді қалыптастыруға негізгі 
түрткі болатын нәрсе олардың өздерінің дамуға деген талпыны-
сында. Дәл солай 
шеберлікке қажетті қабілеттерді
табиғи 
үйлесімді жолмен қалыптастыруға негізгі түрткі болатын нәрсе 
осы қабілеттердің физикалық жағынан да өздерінің дамуға деген 
талпынысында. Бұл талпыныс осы жағдайда да сезім мүшелері-
мізде, органдарымызда және мүшелерімізде жаратылысынан бар. 
Ақыл-ой және физикалық жағынан оянған талпыныс осы қабі-
леттерді қолдануға бейімділікті біз үшін қажеттілікке айналды-
рады. Ондай оянуға келетін болсақ, онда тәрбиелеу өнеріне бұл 
жерде істейтін іс жоқ. Өзінің сезім органдары мен мүшелерін 
пайдалануға деген физикалық талпынысты негізінен хайуандық 
инстинкт оятады. Оның инстинктивті түрде оянуының 
өнердің 
моральдық және ақыл-ой негіздерінің заңдарына бағынуы, бы-
лайша айтқанда, біздің осы күшімізді табиғи үйлесімді дамытуға 
деген қарапайым талпыныс, міне осы бағынуға бағытталуға тиіс. 
Бұл жерде оған әсіресе қолдау көрсетіп, жандандыратын 
мәжбүрлеу күші, ондай күш кез келген жеке адамның тұрмыс 
жағдайы мен өміріндегі оқиғаларда және отбасылық өмірдің 
ықпалында болады, отбасылық өмірде бұл мәжбүрлеу күші 
өзінің барлық құралдарын адамгершілік, ақыл-ой және физика-
лық жағынан бір жерге шоғырландырады. Отбасылық өмірдегі 
білім беру құралдарын қамқорлықпен және ақылмен пайдалану 


88 
физикалық жағынан да, адамгершілік және ақыл-ой жағынан да 
өте маңызды. Бұл құралдардың әркелкілігі әрбір жеке адамның 
қызметі мен отбасылық тұрмыс жағдайын анықтайды. Бірақ 
біздің табиғатымыздың негізгі күштерін қолдануға мүмкіндік 
беретін білім беру құралдары ретке келмеген, әр түрлі болға-
нымен, бұл құралдардың ақыл-ой жағынан дамуда өзгермейтін 
және мәңгілік заңдарға бағынған, яғни барлық жерде бірдей. 
Балаға білім бергенде, үйренуге берілген кез келген форманың 
дұрыстығына зейін қойып сақтаудан оны тура қайталап жасауға 
жұмсалатын күшке, содан кейін дұрыстығы мен күші жағынан 
жақсы сіңірілген кез келген форманы оп-оңай және шебер қайта 
жасауға көшеді. Ал бала форманың дұрыстығы мен күшін және 
нәзіктігін меңгеріп алғаннан кейін, формаларды бейнелеудегі 
еркіндік пен дербестікке және өзінің қандай өнері бар екенін 
анықтауға көшеді. Табиғаттың жүріп өтер жолы осындай, 
адамның өнерін шыңдай отырып, ол қашанда сол жолмен жүріп 
отыруға тиіс. Білім беру құралдарын біртіндеп қолдану арқылы 
өзінің тәрбиеленушісінің бойына істей алу өнерін дамытып, оны 
дұрыстығы, күші және нәзіктігі жағынан мүлтіксіздік дәреже-
сінің кейбір элементтеріне қатысты белгілі бір, біркелкі мүлтік-
сіздікке жеткізе отырып, табиғат осы жекелеген жаттығулардың 
нәтижесін бір-бірімен сәйкесетін және бір-бірімен үйлесе 
байланысқан күйге жетеді. Сондықтан олар шеберліктің жалпы 
бар нәрсені қамтитын деңгейіне дейін өседі, онсыз адам баласы 
онымен өзін көркейте де алмайды, іс жүзіндегі шеберліктің 
қандай түрін болмасын жетілдіруге деген өзі шынымен дәлелдеп 
алған, табанды талпынысын сезе де алмайды. 
Шеберлікті меңгеруге деген қабілеттің механикалық негіз-
дерін дамытудың осы табиғи үйлесімді барысы қабілеттің 
тамыры тереңге кеткен рухани негіздерін дамытуда табиғаттың 
барысына толық сәйкес келеді. Ол жалпы осы қабілет үшін ақыл-
ой мен жүрекке құятын білім негіздерімен үйлесімділікке жету-
дің табиғи үйлесімді жолын салып береді, сөйтіп, сүйіспеншілік 
пен сенімді тәрбиелеудің табиғи үйлесімді кұралдарын (ойлау 
қабілетін дамытатын құралдарға қатысты қалай жасалған болса, 
дәл солай) шеберлікке деген қабілетті қалыптастыратын дәл 
сондай құралдармен біріктіргісі келеді. Онсыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет