Жан-Жак Руссо – көрнекті француз
ағартушысы, жазушы әрі философ-ойшыл.
«Ғылымдар мен өнерлер туралы» (1750),
«Адамдардың
арасында
теңсіздіктің
пайда болуы және себептері туралы»
(1754), «Жаңа Элоиза»(1761), «Қоғамдық
шарт» (1762), педагогикалық роман
«Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762)
еңбектердің авторы. Тұтас алғанда фео-
далдық қоғамды және оның тәрбие жүйе-
сін Руссо тәрбиеленушілерді дұрыс дамы-
Жан-Жак Руссо
(1712-1778)
103
туға кедергі келтіретін зиян екендігін атап өтті. Руссо әрбір
балада табиғатынан жағымды нышандар берілетіндігін атап
көрсетті. «Эмиль немесе тәрбие туралы» еңбегінде ол баланың
дамуының ішкі заңдылықтарын анықтауға әрекет жасады.
Онда әйел тәрбиесі туралы (Эмильдің болашақ зайыбы), әйел
табиғаты туралы көзқарастарын баяндады. Руссоның көзқара-
сынша, оның мәні ана болу, шаруашылықты жүргізе білу жа-
нұяда жағдай жасай білу, жолдасына ұнай білу, пайдалы болу.
Сондықтан да қыз баланың табиғи тәрбиесі, Руссоның айтуын-
ша, ер баланың тәрбиесінен түбірімен ерекше болуы керек. Қыз
балаға тән қасиет тәуелді болу, басқаның көзқарасын меңгеруге
даяр болу. Жан-Жак Руссоның педагогикалық мұрасының көпте-
ген мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен сөзсіз үндесіп
жатыр.
Эмиль немесе тәрбие туралы
Бастапқы тәрбие бәрінен де маңызды және ол тәрбие
әйелдерге байланысты екені сөзсіз. Егер Табиғатты жаратушы
ол міндетті еркектерге артса, оларды да баланы емізе алатындай
етіп жарататын еді. Сол себепті тәрбие туралы трактаттардың
қай-қайсысында да негізінен әйелдерге назарды көп аударыңыз;
тәрбиеге ие болып, балаға көбірек ықпал етуге ерлерден гөрі
әйелдер бейім... Әкесін құрмет тұтпайтын баланы кешіруге
болады; ал баланың тәрбиесінің нашарлығы соншалық, тіпті
құрсағында көтеріп, ақ сүтін берген, баласы үшін өзін ұмытып
тәрбиелеген анасын құрметтемейтін болса, мұндай бейшара,
құдайдың берген жарық күнін көруге лайықсыз мақұлықты
құбыжық сияқты қылғындырып өлтірген дұрыс деген де
түсініктер бар. «Аналары балаларын өздері еркелетеді», – дейді.
Әрине, бұл солардың кінәсі екені сөзсіз; бірақ балаларға қара-
ғанда, балаларды азғындататын аналар көбірек кінәлі шығар,
бәлкім. Анасы баласының көрген сәттен-ақ бақытты болғанын
қалайды. Ананың бұл тілегі орынды. Егер ол оны бақытты
етудің құралдарынан адасқан болса, оның көзін ашу керек.
Әкелердің атаққұмарлығы, пайдакүнемдігі, өктемдігі, жалған
қамқорлығы, немқұрайдылығы мен қаталдықтары аналар-
дың көзсіз мейіріміне қарағанда балалар үшін жүз есе қауіп-
ті...
104
Өсімдіктер өңдесең ғана қандай да бір өң алады, ал адамға өң
беретін – тәрбие. Адам ер жетіп, күшті болып дүниеге келсе де,
бойы мен күшін пайдалануға үйренбейінше, олардың пай-
дасы шамалы болады; ол аз десеңіз: бойы мен күшін көрген
соң басқа адамдардың көмегінсіз қалып, ол пайдадан гөрі
зиянын көп әкеледі; ал басқалардың қарауынсыз қалған оның
қажеттіліктерін ешкім білмей, ақыры кедейшіліктен өлетін еді...
Біз өмірге әлсіз болып келеміз, бізге күш керек, біз өмірге
ештеңесіз келеміз, біз қамқорлыққа зәруміз; біз өмірге ойланбай
келеміз, біз ақылға зәруміз. Туылғандағы «жоқтың» бәрін
«бар» қылатын – тәрбие, есейгенде де біз онсыз өмір сүре ал-
маймыз...
Тәрбиені иә табиғаттан, иә адамнан, иә болмаса заттардан
үйренеді. Біздің ішкі қабілеттеріміз бен органдарымыздың дамуы
табиғаттан болатын тәрбие; бұл дамуды қалай пайдалануға
болатынын үйрену адамнан үйренетін тәрбие; ал қабылдау
арқылы заттарға қатысты қандай да бір жеке тәжірибелеріміздің
қалыптасуы заттармен байланысты тәрбие.
Демек, біздің әрқайсысымыз осы тектес үш түрлі мұғалімнің
еңбегіміз. Егер осы үш мұғалімнің сабақтары бір-біріне қарама-
қайшы болса, ол оқушының тәрбиесі нашар және өзіне-өзі
ешқашан көңілі толмайтын болады; ал егер ол үшеуі бір-бірімен
үйлесіп, бірдей мүдде көздесе, сол мақсатқа жетеді, сол адам
дұрыс өмір сүреді. Ол адам жақсы тәрбие алды деген сөз.
Айта кететін нәрсе, осы үш түрлі тәрбиенің ішіндегі
табиғаттан келетін тәрбие – бізден мүлдем тәуелсіз, ал заттардан
келетін тәрбиенің кейбір тұстары ғана бізге байланысты.
Осылайша, адамдар тарапынан келетін тәрбиеде ғана біз өзіміз
патша, өзіміз би бола аламыз; алайда мұнда да біз жалған патша
ғанамыз, әйтпесе баланы қоршаған адамдардың іс-әрекеті мен
сөйлеген сөздерін қай адам түгел басқара аламын дер?
Ал егер тәрбиені өнер дейтін болсақ, оның керемет болуы
тіпті де мүмкін емес. Өйткені оның сәттілігін жүзеге асыруға
қажетті заттардың барлығы адамға байланысты емес. Біз қамқор-
лығымыз арқылы бар болғаны – мақсатымызға азды-көпті ғана
жақындай аламыз, ал оған жету үшін бақыт керек.
Ал ол мақсат қандай болмақ? Тәрбиені жетілдіру үшін оның
жаңа айтылған үш түрінің өзара байланысты болмағы керек,
105
олардың екі түрін өзімізге бағынбайтын бір түріне сәйкес ба-
ғыттау керек.
...Бұл тәрбиелер тек әр түрлі болса жақсы ғой, ал егер олар бір-
біріне қарама-қайшы болып, – адамды өзі үшін емес, басқа үшін
тәрбиелегісі келгенде не істеу керек? Осы жерде тығырыққа тіре-
леміз. Иә табиғатпен, иә қоғамдық мекемелермен күресуге
қысымдық көрсетілген жағдайда екеуінің біреуін ғана таңдауға
мәжбүрміз – иә адамды, иә азаматты тәрбиелеуді таңдауымыз
керек, өйткені бір мезгілде әрі адамды, әрі азаматты тәрбиелеу
мүмкін емес.
Адам – өзі үшін адам; ол – өзі немесе өзі сияқтылармен бір
қатарда тұрған абсолютті тұтастықтың сандық бір бөлігі. Адам-
азамат – бөлінгішке тәуелді бөлшектің бірлігі, оның мәні жал-
пыға, яғни қоғамдық ағзаға қатынасы тұрғысынан айқындала
түседі. Жақсы қоғамдық мекемелер деп адамның табиғатын
бәрінен де күшті өзгертіп, шарттаса тіршілік ету үшін, әр адам
өзін жеке емес, жекенің бірлігі деп санап, тұтастың бір бөлігі деп
есептейтіндіктен оны абсолютті тіршілік ету қабілетінен айыра-
тын, оның
менін
жалпы мәнге айналдыра алатын мекемелер сана-
лады. Римнің азаматы Гай да, Луция да емес, римдік болатын;
римдік тіпті отанын да отаны үшін сүйді. Регул өзін карфагендік
деп есептеген, өйткені ол өзі билеушілердің қолындағы мүлікке
айналды. Шетелдік ретінде рим сенатында отырудан бас тартқан:
ол үшін карфагендік оған сенатта отыруға бұйрық беруге тиіс еді.
Оның өмірін не үшін сақтағылары келгенін түсінбей, ренжіді. Ол
жеңіске жетіп, өз үйінде азаппен өлу үшін салтанатпен оралды.
Бұл біздің білетін адамдарымызға ұқсамайды.
Лакедемондық Педарет болса үш жүздік кеңеске өту үшін
рұқсат сұрайды; оған рұқсат бермеді, бірақ ол Спартада өзінен де
қымбат басқа үш жүз адамның табылғаны үшін қуанып үйіне
оралды. Бұл қуаныш барынша шынайы болды ма деп ойлаймын:
шынайы болды деуге негіз бар. Міне, азамат!
Бір спартандық әйел соғысқа бес ұлын аттандырып, ұрыс
даласынан хабар күтеді. Илот келеді: әйел толқып, жаңалық
сұрайды. «Сенің бес ұлың да қаза болды!» – дейді. «Өй, жек-
сұрын құл! Мен сенен осыны сұрадым ба?» – дейді әйел. – «Біз
жеңдік!». Ана шіркеуге жүгіріп, құдайға шүкірлік айтады.
106
Азаматтық құрылыста кімде-кім табиғи сезімнен үстем
тұрғысы келсе, сол өзіне не керегін білмейді. Өзімен-өзі қарама-
қайшылықта болғандықтан, әрдайым өзінің қабілеттері мен
міндеттерінің арасында қалып, ол ешқашан не адам, не азамат
бола алмайды; ол өзіне де, өзгеге де пайдаға жарата алмайды. Ол
замандастарымыздың – француз, ағылшын буржуаздардың бірі
болады, басқа ешкім болмайды.
Өмірде өзіңді дәлелдеп, өзіңмен қайшылыққа келмес үшін
сөзің мен ісің бірдей әрі шешім қабылдауға дайын болу керек
және оны батыл түрде қабылдап, әрдайым ұстану керек. Бұл
неткен ғажап, адам ба, әлде азамат па, әлде екеуі де ме екенін
көрсеткенше мен күтемін.
Осы екі қарама-қарсы мақсаттан бір-біріне қарама-қайшы
тәрбиенің екі түрі шығады: біреуі – қоғамдық және жалпы,
екіншісі – жеке және тұрмыстық.
Егер қоғамдық тәрбие туралы білгілеріңіз келсе, Платонның
«Мемлекет туралы» шығармасын оқыңыз. Кітап туралы оның
тақырып атауына қарап тон пішетіндер ойлайтындай бұл еш-
қандай саяси шығарма емес, бұл – осыған дейін жазылған тәрбие
туралы трактаттардың бірегейі әрі кереметі.
Қоғамдық тәрбие қазір жоқ, болуы мүмкін емес, себебі отан
жоқ жерде азаматтың да болуы мүмкін емес. Бұл екі сөз – «отан»
және «азамат» – қазіргі жаңа тілдерден алынып тасталынуы
керек. Олай айтуға негіз бар және оны жақсы білемін, бірақ ол
туралы айтқым келмейді. Менің баяндайтын сюжетім үшін бұл
маңызды емес.
Мен колледж деп аталатын күлкілі ғимараттың ішінде де
қоғамдық тәрбие бар деп ойламаймын. Зайырлы қоғамдағы
тәрбиені де маңызды деп ойламаймын, өйткені бір-біріне қарама-
қайшы екі мақсатқа ұмтыламын деп екеуіне де қол жеткізе ал-
майды: ол тәрбие бәрін бәрі үшін істеп жатқандай кейіп танытып,
ал іс жүзінде тек өзін ғана ойлайтын тек екіжүзді адамдарды
тәрбиелейді...
Женева Академиясында, әсіресе Париж университетінде ме-
нің жақсы көретін және сыйлайтын профессор бір адамдарым
бар, егер қалыптасқан тәжірибеден ауытқымауға мәжбүр бол-
мағанда, олар жастарға жақсы тәрбие беруге қабілетті деп ойлай-
мын. Ол профессорлардың біреуін өздері тапқан реформалардың
107
жобасын баспаға жариялауға сендіріп жүрмін. Мүмкін жауыз-
дыққа қарсы құрал барын көріп, жауыздық атаулыны жоюға
тырысып көретін шығар.
...Үй тәрбиесі немесе табиғат тарапынан болатын тәрбие
туралы айтсақ. Тек өзі үшін тәрбиеленген адам басқаларға кім
болмақ? Егер екі мақсатты біреуге біріктіру мүмкін болса, адам
бойындағы қайшылықтарды жою арқылы бақытқа жетудегі
жойқын кедергіні де жоятын едік. Ол туралы пікір айту үшін
толық қалыптасқан адамды көріп, оның қабілеттерін, табыста-
рын, даму жолын көре алуымыз керек болады; бір сөзбен айт-
қанда, адамның шынайы табиғатын біліп алуымыз керек болады.
Кімде-кім осы шығарманы оқыса, осы ойларды дамытуға өз
үлесін қосады ғой деп ойлаймын (
Достарыңызбен бөлісу: |