Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет44/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Ж.М. Бектұрғанованың аудар-
масы
).
Ян Амос Коменский – чех елінің 
белгілі ойшылы, педагог. Педагогика 
тарихында Я.А. Коменский тұңғыш рет 
ерекше ғылым ретінде дидактика жүйе-
сін жасады. Оның дидактикалық прин-
циптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, 
жаттығу) табиғат заңдарын ой елегі-
нен өткізуді, таным мен білімді ұғымды 
түрде ұштастырып, баянды етуді 
көздеді. Я.А. Коменскийдің салиқалы көз-
қарастары педагогиканың кейінгі да-
муына орасан зор ықпал етті. 
 
«Ұлы дидактикадан» үзінділер 
«Ұлы дидактика», яки жұрттың бәрін бәріне оқытудың уни-
версалдық теориясы, яки әрбір христиан мемлекетінің барлық 
қоғамында, әрбір қала, қыстарында мұқият ұйымдастырылған 
жүйелі мектептер ашудың жолдары.
Онда жас буынның бірде-бірі шет қалмай, жынысына қарай 
бөлінбей, ғылым негіздерін үйреніп, өзінің мінез-құлқын жақсар-
тады, адамгершілікке жетіледі, сөйтіп, өздерінің жас, балғын 
шағында бүгінге және келешекке пайдасы бар ғылымның бәрін 
де оқып игермек. Дидактика қағидалары сол игі іске жол ашады.
Ян Амос Коменский
 
(1592-1670) 
 
 
 
 


108 
Жас жеткіншекке қандай білім беріліп, не үйретілсе де ол 
қысқа, қызықты және тиянақты болсын. 
Білімнің негіздері заттың өз табиғатынан алынады. Оның 
ақиқаты механикалық өнер саласымен алынған мысалдармен 
дәлелденеді.
Білім егудің тәртібі жылға, айға, күнге, сағатқа бөлінеді. 
Ең аяғында дидактика соның бәрін оңай жолмен тиімді етіп 
үйретудің жолдарын көрсетеді.
Біздің дидактикамыздың басы мен аяғы яки бастауыш 
қолданбасы мыналар болмақ: 
Ұстаз аз сөйлеп, шәкірт көбірек үйренетін болсын. Мектепте 
айғай-шу, масығу, пайдасыз еңбек азайып, сауық, қуаныш, тия-
нақты жұмыс көп болсын. Христиан мемлекетінде қараңғылық, 
бейбастақтық, алалық аз болсын, жарқындық, татулық пен ты-
ныштық мол болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет