Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет52/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

VII Негізгі қағида 
Зорлап оқытуға болмайды. 
Табиғат ешнәрсені сыртқа зорлап шығармайды, іштей бүр-
шік атып, сыртқа өздігінен шығады. Ендеше жұмысты мына 
түрде жүргізгендер зорлау қолданғандар болады: 
1.
Баланың жасы да, ақыл-есі жетілмей тұрған кезде зорлап 
үйретемін деу қате. 
2.
Балаларға алдын ала талдау бермей, түсіндірмей, соны 
орындаудың жол-жорағасын көрсетпей жатып, бір нәрсені қайт-
сең де орындайсың деп қысымға алу пайдасыз. 
VIII Негізгі қағида 
Бәрі сыртқы сезім үшін 
Табиғат қалай да болса өз қамын өзі жейді. Шәкірттеріне 
жұмыс беріп, оның тегін жеткілікті түрде түсіндірмесе, қалай 
орындалатын жолын көрсетпесе, ең жаманы соны орындар кезде 
балаларға демеу, көмек көрсетпесе, олардан бар күшіңді салып 
өздігіңше істейсің деп өктемдік етсе, ал балалар сол жұмысты дұрыс 
орындай алмаған жерде шатынап, ашу көрсетсе, ондай қатал 
мұғалімнің ісінен береке шықпайды. Сонда жас буынды азапқа 
салып, қинау дегеніміздің қандай мәні болмақ? Мұның аты қаз 
тұрып, аяғын басуға қорқатын баланы аяғынан тік тұрғызып қойып, 
таяқтап жүргіземін деген дәйеші әйелдің қылығына ұқсас бірдеңе 
болар еді. Табиғат бізге бұдан басқалау сабақ береді: нашардың 
күш-қуаты жетпейтін болса, оған шыдамдылықпен болысу керек. 
ІХ Негізгі қағида 
Бәрін де істің пайдасына бағыттау керек. 
Табиғат пайдасы көзге тез көрінбейтін затты өсірмейді. 
Сөйтіп, сен нені үйретсең де оқушының тез ұғынып кетуіне жол 
ашамын десең, оған қоғамға күнделікті пайдасы бар нәрсені 
үйретіп отырғаныңды көрсете білуің керек.
Бұл ережені барлық жерде – грамматика, физика, т.б. пәндер 
тұсында бұлжытпай орындау қажет. Әйтпесе сенің айтқан- 


122 
дарыңның бәрі де балаларға ол дүниеден келген бір тажал сияқ-
танып көрінеді. Сол зат дүниеде бар ма, оның тәртібі қандай де-
генді тыңғылықты түрде түсінерлік етсең, бала біліп қана қой-
майды, соған сеніп кетеді. Егер сен қандай заттың болса да сыр-
сипатын, қызметін көрсете білсең, онда сен баланың соны шын 
мәнінде біліп, іске қолдана білуіне жол ашасың. Сол үшін балаға 
пайдасы көзге анық көрініп тұрған нәрсені ғана үйрету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет