124
тырып алмайды, таныстырса олар өзінің не істейтінін және іс
жүзінде не істеліп жатқанын түсінетін дәрежеге жеткен болар еді.
Шәкірт білім алуға қызықпаса, ыждаһатсыз, түсінбей оқыса, одан
жақсы нәтиже күтуге болар ма?
IV Негізгі қағида
Оқудың негізі терең болсын
Табиғаттың тамыры тереңде жатады. Бұдан айқындалатыны,
оқушының білімге деген алғырлығы, қызығуы байсалды, пән
идеясын ақылға қондыру терең болуға тиіс.
Өнер немесе тіл
пәндерінің толық жүйесін оқытқанда, балалар соның идеясын өте
жақсы оқытып ұғынсын, сол ұғым терең тамыр жайған соң ғана
басқасына кірісеміз.
V Негізгі қағида
Бәрі заттың өз тамырынан өсіп шығады
Табиғаттың шеттен алатыны жоқ, ол
өз тамырында тұрып,
тіледі.
VII Негізгі қағида
Бәрі үздіксіз қимылдап, алға басады.
Табиғат дамылсыз қимылдап, алға басады. Ол ешуақытта
тоқталмайды,
бастағанын тастай беріп, жаңаны жасаймын деп
әлек болмайды, бастаған ісін кеңейтіп, соны аяғына жеткізеді.
Есті дамыту, нығайту көбіне баланың жас шағында жүргі-
зіледі
Мұндай натуралдық әдіс бойынша алдыңғы сабақтар кейін-
гілеріне
негіз болса, бәрін баланың ақылына тиянақты етіп егу
қажет. Әбден түсінікті болған, баланың есінде қалған сабақ қана
оның ақыл-зердесінде қалады... Олай болса, баланың жас шағын-
да ешнәрседен аянып қалуға болмайды. Бұл тиянақты түрде
шындап алға басудың іргетасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: