Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет53/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Х Негізгі қағида 
Барлық әдіс бір ізден шықсын 
Табиғат бірлікте, бірыңғай жүйеде әрекет етеді. Сондықтан 
оқыту әдісі әр түрлі болса, жас буынның жұмысы қиындап, оқу 
аяқсиды. Тәжірибеде пәнді әркім өз бетінше оқытып қоймай, бір 
мұғалімнің өзі де әрқилы, мысалы, грамматиканы бір түрлі, диа-
лектиканы екінші түрлі оқытады, басқасы да сондай. Дұрысында, 
зат пен сөздің арасында байланыс, тектестік болса, олардың 
арасындағы тұтас үндестікті сақтап, біркелкі әдіс қолдануға бо-
лар еді. 
XVIII тарау 
Білімді тиянақты етіп егудің негіздері 
Оқыту ісі үстірт болмасын 
Жұрттың айтуынша, мұны айғақтар анықтайды, көптеген 
оқушылар мектептен баянды білім ала алмай жүр, соның қалың 
көпшілігі үстірт білім алады немесе білімі бар деген құр атаққа 
ие болады. 
Бұл мақсатқа жету үшін: 
Пайдасы бар делінген заттарды ғана тиянақты түрде зерттеу 
қажет. Сол пәндерді оқып үйренгенде, оны бүге-шігесіне дейін 
қалдырмай танып білу керек. 
Соның негізін тиянақты түрде игерту қажет. 
Сол негіздер оның жан дүниесіне терең орнауға тиіс. 
Сол негіздерді балалар өзіне тірек етіп, қалануға тиіс. 
Заттардың өз арасында айырмашылық болса, бала соны да 
толық тани білетін болсын. 
Соңғының бәрі алдыңғыдан туады. Өзара байланысы бар 
заттар болса, олар әр кезде өзінің сол байланысты қалпында 


123 
үйретіледі. Соның бәрін ақыл, ес, тілдің үлесіне теңдей бөліп 
беру қажет. Бәрін тұрақты жаттығулармен бекітіп отыру керек. 
Осы айтылғандардың әрқайсысын енді жеке-жеке қарастырып 
көрелік. 
І Негізгі қағида 
Керексізге қол ұрылмасын 
Табиғат пайдасыз нәрсені істемейді. Олай болса:
Мектептерде бүгінге дейін, болашаққа да, тіпті барлық өмір 
бойына адамға өте пайдалы деген пәндерді ғана оқыту керек. 
Бағалы білімдері ғана үйрету керек. 
Түк шықпайтын оқудың керегі не? Пайдасыз ғылымды үй-
ренуден келетін пайда да, зиян да болмаса, оның өмірге қатысы 
жоқ болса, жұмыс арасында ол ұмытылмай ма? Өмірдің бір 
тамшысын да бос нәрсеге ысырап етуге болмайтын болса, біз 
өзіміздің қысқа өмірімізді қымбат білімдермен толықтыруымыз 
керек. Сонымен, мектептердің міндеті жас буынды салдарлы 
біліммен құралдандыру болсын. Ал ермекке айналған оқу қайтсе 
келесі іске айналады дегенді төменде сөз етеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет