Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет50/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 
IV Негізгі қағида 
Әрбір пән аралас емес, дербес үйретіледі 
Табиғат өзінің әрекеттерін араластырмай, белгілі бір тәр-
тіпте, бөлек-бөлек орындайды. 
 
VII Негізгі қағида 
Секірусіз, бәрі бірте-бірте үйретіледі. 
Табиғатта кездейсоқ секіру жоқ, ол бірте-бірте алға басады. 
Олай болса, мұғалім үйрететін сабақтың өзі үшін де, шәкірт үшін 
де бірінен соң бірі туындайтын етіп реттестіріп алмаса және 
қажетті түрде бір мезгілге шақталмаса жұмысты былықтырып 
алады. Өйткені міндет қойып, соны жүзеге асыратын құралдарын 
сайлап алмай, сол құралдар арқылы қандай тәртіппен мақсатқа 
жететінін белгілеп алмай табысқа жету қиын, материалдың кей-
бір буынын тастап кету, бұрмалау, былықтыру жоспарсыздықтан 
туады. 
XVII тарау 
Оқыту ісі мен білім беруді оңайлатып жүргізудің негіздері 
Мұның он түрлі жолы бар 
Табиғат жолына жүгінсек, жас буынды оқытудың оңай 
жолдары төмендегідей болуға тиіс.
1. Білім алуға дер кезінде, баланың ақыл-ойы бұзылмай тұр-
ған кезде кіріскен жөн.
2. Оқу балалардың ақылын дайындап алудан басталады. 
3. Оқу жалпыдан жалқыға. 
4. Оңайдан қиынға қарай үйретіледі. 


119 
5. Оқытылатын материалдың саны өте көп болса, шәкірттің 
жүгі ауырлайды. 
6. Оқушы барлық жағдайда асықпай алға басып отырады. 
7. Баланың ақылын оның жасына және оқыту әдісіне сай 
келмейтін нәрселермен ауыздандыруға болмайды. 
8. Не үйретілсе де, олардың сыртқы сезім мүшелері арқылы 
егіледі. 
9.Төтелей пайдаға асатын оқу болсын. 
10. Әр кезде оқытудың әдісі біреу ғана болып, ол өзгермесін. 
І Негізгі қағида 
Материал таза болсын 
Табиғат әр кезде жарамсыз нәрсені істен шығарып тастаудан 
бастайды. Бұдан көретініміз, біріншіден, даналық оқуын ақыл 
иесі жас буын басқа кәсіптермен айналыспай тұрған кезде жақ-
сырақ қабылдайды, өйткені бала басқа жұмыспен ойын бөлген. 
Екіншіден, жас бала көп мұғалімнен бірдей оқып, білім ала ал-
майды. Себебі олардың бәрі бірдей оқытудың бірыңғай форма-
сын қолдануы мүмкін емес. Мұндай жағдай баланың нәзік ақылы 
тоқырап, оның дамуы бәсеңдейді. Үшіншіден, оқыту әдісіне олақ 
мұғалімдер ер жеткен балалар мен жас буынды оқытуға кіріскен 
кезде, жұмысты әдепті тәрбие үйретуден бастамай жүр, олардың 
өзіндік толқуларын жүгендеп алмай, шәкірттерді барлық білімге 
ықыласпен кірісерлік дәрежеге жеткізу қиын. 
Балаларды білімге қызықтыру, оны қолдап отырудың жол-
дары. 
Балаларды оқуға қызықтыру, соны қолдап дамыту ата-ана, 
ұстаз, мектеп, оқу пәндерінің өзі, оқыту әдісі мектеп басшылығы 
арқылы іске асады. 
Мектеп басшыларының көмегі 
Мектеп басшылары мен тұтынушылар көпшілік қатысқан 
жұмыстарға қатысып отырса (декламация оқытып, диспут 
жүргізу, емтихан өткізу немесе бітіргендерге ғылыми атақ беру) 
және соларға бар ықыласымен мақтау қағаз, сыйлық беріп 
отырса, шәкірттерді оқуға ынталандыруға мұның да тигізер 
пайдасы бар.


120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет