113
шығарады. Шіріген көне жұмыртқадан балапан пайда болмайды.
Жылқышы атты, егінші өгізді, мерген итті немесе қаршығаны
жұмысқа баулу үшін аң мен құстың сәбилері мен балапанын ғана
алады. Үлкейіп кеткенін алса, еңбек босқа кетеді.
Адам тәрбиесі де солай қалыптасады.
5. Осы айтқандардың бәрі адамға да қолайлы болса керек.
Заттың бейнесін өзінің сезім мүшелері арқылы қабылдайтын
адам ақылы да (жоғарыда айтылғандай) нымға ұқсас. Бала да өзі-
нің сәби, жұмсақ кезінде барша кездескен сәтті оңай қабыл-
дайды. Содан соң ол да кеуіп, қатаяды, тәжірибеге қарағанда,
ондай кезде заттың әсері мен суреті оларға қиындықпен егіледі.
Осыны ескеріп, Цицерон «жас кезінде балалар сансыз затты
жылдам қабылдайды» деген. Сөйтіп, адамның қолдары және
барлық мүшесі түрліше кәсіп пен еңбекке баланың жастық ке-
зеңінде, оның сіңірлері қатпай, балқып тұрған кезінде жақсырақ
ыңғайланады.
Баланың жас шағында игергені ғана есінде қалады.
Адамның жас шағында алған білімі ғана орнықты болып,
естен шықпайды. Оның мысалын жоғарыда келтірдік. Ыдыс
сынса да, одан алғашқы құйылған астың иісі шығып тұрады.
Өзінің шыбық кезінде ағаш жоғарыға, төменге, жан-жаққа
қаратып бұтақ салса, онысы жүздеген жыл өзгермейді. Оны тек
кесіп алып қоюға болады. Күн боялса, оның алғашқы бояуы
кетпейді, қайта бояуға келмейді. Ағаштан иілген арбаның
доңғалағы қатайып алған соң қайта түзетуге келмейді, түзетемін
десең, мың бөлек болып кетеді. Адамның алғашқы алған әсері
де өте тұрақты болмақ, оның өзгеруі өте қиын іс. Ондай әсерді
балаға шынайы даналық талабы бойынша жас шағында еккен
абзал.
Достарыңызбен бөлісу: