Дидактиканың пайдасы
Дидактика қағидаларын дұрыс қолданудың мәні мынада:
1. Ол бұл күнге дейін балаларын оқытқанда содан не
күтетінін анық түсініп болмаған ата-аналардың қалың көпшілігі
үшін пайдалы. Олар мұғалім жалдап, соларға көп тілек артты,
сыйлық беріп көңілдендірмек болды. Оларды бірде біліп, бірде
білмей жиі ауыстырып та көрді. Алайда тәрбиенің методикасы
қатесіз дұрыс жолға түскен болса, көп жұрттың қолы жетпеген
жақсы нәтиженің, Тәңірі қолдаса, көктеп жеміс бермеске лажы
жоқ.
2. Дидактика дегеніміз көпшілігі сол дидактиканы білмеген,
соның салдарынан өзінің борышын ойлап, көп азапқа түскен, сол
іске өзінің бар күші мен ықыласын үлкен еңбекпен жұмсаған,
бірде ондай бірде мұндай тәсілді қолданып, қайтсем жұмысым
жемісті болады деп, оқыту әдісін ойлап табуға көп уақытын,
еңбегін сарп еткен ұстаздар үшін пайдалы.
3. Дидактика қиналмай, ішін пыстырмай, төбелессіз, еркін
ойнап, достық әзіл ауқымында ғылымның биік шыңына жетемін
деген шәкірттер үшін пайдалы.
4. Дидактика дұрыс әдістеме қолданып, өз ісін гүлдендіріп
қана қоймай, сол табыстарды кемеліне жеткізіп, алаңсыз көбей-
темін деген мектептер үшін пайдалы. Өйткені мектеп дегеніміз –
109
оның орны, жаның жай тауып, рақаттанатын үй. Солай еткенде
ғана (оқыту әдістемесі мінсіз болса) қандай шәкірттің болса да
үлкен ғалым болуына жол ашылады, ондай жерде мектеп жақсы
жетекшілерден кемшілік көрмейді және әрбір сабақ әркез гүл-
деніп, өркендей бермек.
5. Дидактика жоғарыда келтірілген Цицерон сөзін ескерген
мемлекет үшін пайдалы. Оның сөзін Пифагор ізіндегі Диогеннің
«Тұтас мемлекеттің негізгі тірегі неде? – Жас буынды тәрбие-
леуде» деген атақты нақылы дәлелдейді.
ІІ тарау
Біз өмірде көп істеп, көп қиыншылық көреміз. Соның
бәрінен байқайтынымыз – біз әлі де болса сол өмірдің түпкі
мақсатына жеткеніміз жоқ. Өйткені біздің өзіміз сияқты тұтас
табиғатымыздың қызметі одан басқалау. Бізде еңбек істеу, ойлау,
сөйлеу, талаптану, өнер табу дегеннің бәрі де бар. Ол біздің
барлық табиғатымызға тән нәрсе. Бірақ соның бәрі де біз үшін
тек өмір сатысы сияқты құбылыстар ғана. Сол сатыға шығып,
бірте-бірте өрлей берсек, ең жоғарғы сатысына көтерілетініміз
анық. Алайда біз өмірдің түпкі сатысын еш уақытта таба
алмаймыз. Алғашында адам өзін мәңгілікке келмеген шарана
ретінде сезінеді. Ол басында анасының құрсағына атасының
қанынан түскен бір тамшы қан ғана. Сонда адамның бастапқы
тұлғасы қандай болмақ? Мүшелері жоқ бір жапырақ ет. Содан
кейін оған кішкене мүшелер пайда бола бастайды, бірақ ол әлі
сезініп, қимылдай білмейді. Бұдан соң ол іште қимылдайтын
болады, ақырында табиғаттың құдіретімен анасының құрсағынан
сыртқа шығады. Келе-келе көздері ашылып, құлақтары еститін
болады, барлық сезімі оянады. Уақыт озған сайын оның ішкі
сезімдері жетіліп, адам өзінің көргенін, естігенін, сезгенін
түсініп, топшылайтын болады. Одан әрі ол байқаған заттарының
айырмасын танып, ақылға жетіледі. Ең ақырында, адамға қайрат
деген қабілет туып, бір әрекетке қызыға ұмтылса, екіншілерінен
жиіркенетін болады, сөйтіп, өзін-өзі басқаратын дәрежеге жетеді.
Адам деген – кішкене әлем
5. Философтар адамды микрокосмос (кішкене әлем) деген.
Сол ұғым өзінің қысқа формасында ұлы әлемнің барлық тарабын
110
(сыр-сипат) танып білерлік қабілетке ие болған. Мұның солай
екенін мұнан басқа мысалдармен де дәлелдеуге болады. Сөйтіп,
дүниеге келген адамның ақылы басында шөп, яки ағаш фор-
масында түспеген тұқым немесе дәнге ұқсатуға болғандай. Бірақ
шөп пен ағаш дегеннің басында дәнегі болмайды. Басында ол
құнарлы жерге тігілген тұқым ғана, жер астынан тамыр бойлап,
жапырағы жер бетіне шығады. Осыдан өзінің табиғи, туа біткен
қуаты бойынша кейін сабақ пен бұтақ өсіп жетіледі. Сол
бұтақтарға жапырақ шығып, сәнді гүл, дәмді жеміс береді. Олай
болса, адамға сырттан әкеліп егетін ештеңе жоқ, оған табиғаттың
өзінде бар құбылыстардың мәнін айта отырып, адамның өз
табиғатында бар мәйектердің өркендеп, жетілуіне, табиғатты
адамның танып білуіне көмектесу керек. Сондықтан Пифагордың
бір сөзі көкейге қонады. Ол адам өзінің табиғаты жағынан заттың
барлық сипатын танып білуге тырысады, егер жеті жасар баладан
философияның барлық мәселесін өзіне түсінікті түрде сұрасаң,
ол бәріне дұрыс жауап береді, өйткені өзінің формасы мен
танымдық шегі жағынан ақылдың біркелкі жарығы барлық затты
танып білуге жеткілікті.
Адам сезіп біледі
6. Оның үстіне біздің тәнімізде бар ғажайып болып ұйысқан
жанымызға затты көріп, барлап білетін мүшелер берілген. Сол
мүшелер арқылы жан өзінен тыс тұрған заттың бәрін де зерттеп
біле алады, оған көріп білу, есіту, иіскеп білу, татып білу, сезініп
білу мүшелері жатады. Қайда болса да одан ешбір зат жасырын
қала алмайды. Өйткені біздің көзімізге таныс әлемде көріп,
есітіп, татып, иіскеп, сезініп білмейтін, сол ретпен оның тегін
(мәнін) сапасын анықтамайтын бірде-бір зат жоқ. Сол үшін
әлемде адамның бай сезімі, дарқан ақылымен танылмайтын зат
тіпті жоқ.
Адам білімге құмар
7. Сол сияқты білім алуға талаптану, бір ғана еңбек қиын-
шылығына төзу емес, соған жерік болу – адамға туа біткен қа-
сиеттер. Бұл қасиет адамға төтелей балалық шақта тап болады да,
оның бүкіл өмірінен орын тебеді. Өмірде тыңдап білгісі, көріп
білгісі келмейтін, бір жаңалықты істеп игергісі келмейтін адам
111
болған ба? Күн сайын бір жаққа барып, біреумен әңгімелесіп, бір
нәрсені білгісі келетін, өз тарапынан оған бірдеңе айтып, содан
ләззат алмайтын адам бар ма?
Затты түрлі жағынан танып білуді көп адам өзінше
бастайды
8. Өзінше білім алушылардың өнегесіне қарағанда, адам
табиғатқа еліктеп, өздігінше білім алуға тырысады. Ешбір ұстаз-
дан оқымай-ақ, өзіне-өзі ұстаздық жасап (Бернгард айтқандай),
яки дуб пен бук (орман кезіп, ойға батқандар) арасында жүріп-ақ
кейбіреулер ұстаздан көп оқып, көп білген адамдардан асып
түскен. Ендеше адам жанында бар сондай өшпейтін шамшы-
рақты май құйып үрлейтін, тұтандыратын оттың барын кім біл-
мейді? Тек адам сол ұшқынды жалынға айналдырып, бойындағы
шырағын сөндірмеуге тиіс.
Біздің ақылымызды жер, бақша, таза тақтаға теңеуге
болады.
5.
Аристотель бір сөзінде адам жанын ешнәрсе жазылмаған
таза тақтаға теңеген, оған барлық нәрсені жазуға болады деген.
Сондай-ақ таза тақтаға білікті қаламгер көп нәрсені жазып, ал
суретші көп нәрсені түсіретін болса, оқыту өнерін жақсы игерген
ұстаз да адам ақылына көп нәрсені сызып енгізе алады. Егер
соған ұстаз жақсы нәрселерді егіп, енгізе білмесе, бұл тақтаның
міні емес (егер тақта тым ебедейсіз болып шықпаса), жазушы мен
суретшінің олақтығынан туатын мін. Айырмасы сол – тақтаға
сызық түсіргенде, оның шетінен асып кете алмайсыз, ал адам
ақылына жазғанда нендей сурет салсаң да оның ешбір шегі
болмайды, өйткені ақыл шексіз.
Нымға түсірілген оюлар өшпейді.
10. Біздің миымыз да жақсы жаратылған (оны ойдың ұста-
ханасы дейміз), оны түрлі ою немесе сурет формасына келтіріл-
ген нымға ұқсатуға болады. Ным қалайша түрлі формаға келтірі-
ліп, оны илеп, содан қалайша жаңа бейнелер жасайтын болсақ,
адамның барлық заттардың образын тоқып, әлемде бар заттың
бәрін де қабылдай алады. Сонымен бірге осы салыстырудан
біздің ойлау қабілетіміздің де сәтті мысалы туады. Менің көзіме,
112
құлағыма, мұрныма, тіліме, денеме әсер еткен заттың бейнесі
миға түскен ою сияқты, оның әсерін айтып болмайды. Сол заттар
менің көз, құлақ, мұрын, қолдарымнан аулақта болса да, олардың
бейнесі жанымда қалады, сол образдар адамда байқау қабілеті
кем болған күнде де естен оңай кетпейді.
11. Біздің әрқайсысымыз (әсіресе ғылым адамдары) белгілі
бір жылдар ішінде нені көріп, есітіп, татып білсек, тәжірибе
немесе ойлау арқылы нені оқып жинасақ, соның салдарынан
ақыл ненің қажеттігін есте тұтқан болса, соның бәрі де мида
жүрген әсерлер болуға тиіс. Бір кезде көрген, естіген, кітаптан
оқып білген, т.б. заттар бейнесінің естен шықпайтыны, олар
миллион және жаңадан тағы миллион рет біздің басымызда
болып, шет-шегі болмайтын дәрежеде көбейтілген құбылыстар,
өйткені біз күн сайын соны көріп, есітіп, оқып, т.б. жолмен
соларды жаңаша зерттейміз. Осының бәрі мида сақталады. Біздің
есігіміздің алғырлығына, оның ешбір нәрсені ұмытпай, қайтадан
қалпына келтіретіндігіне және соның бәрі басқа сыймай, төгіліп
қалмай, кедейленбей, тереңдей беретіндігіне кім таңданбас! Олай
болса, әділін айтқанда, адамның ақылы әлемнен әлдеқайда кең,
өйткені сыртындағы ыдысы (қажеттік бойынша) оның ішіндегі
затынан аумақтылау болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |