Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет58/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Нәресте не жайлы ойлайды? 
Шын мәнінде бұл сұрақ қисынды емес, өйткені нәресте 
ойланбайды. Бізге оның психикалық өмірі тек сезімдер мен 
әуестіктерден тұратыны белгілі және осы мағынада таза поэзия-
ны еске түсіруі керек. Қынап арқылы қауіпсіздігі және аман-
саулығы толығымен өзгелерге тәуелді болатын сыртқы әлемге 


130 
шығып, нәресте жаңа ғана өміріндегі ең күрделі саяхат жасады. 
Жылау белгілі бір дәрежеде болысатынын байқамайынша, ол 
тіпті өз қажеттіліктері жайлы қалай хабарлайтынын білмейді. 
Енді оның жүрегі қанды ана құрсағындағыға қарағанда мүлде 
өзге жолдармен айдауы керек. Кейбір қан жолдары туғанға дейін 
ағзамен пайдаланылмаған, ал дербес тіршілік етуші ағза жаңа 
жолдарды да іске қосуы керек. Алғашында, оның қан айналымы 
жақсы болмайтыны таңғалдырмайды. Ал сол арада ол үнемі және 
толық түрде қанмен қамтамасыз етілуі қажет. Әсіресе баланың 
басына бұл өте қажет, себебі осы уақытта оның миы жетіледі, 
сонымен қатар тыныс алуына байланысты қиыншылықтар тууы 
мүмкін. 
Енді нәресте автоматты түрде аналық қан арқылы емес, ему 
үдерісінде тамақтанады. Алғашында емуге байланысты жүйкесі 
және бұлшық еттері дұрыс басқарылмаса, ол мұнда да қиыншы-
лықтарға тап болады. 
Анасы нәрестеге шамасы келгенше қамқорлық жасайды. 
Оны көбінесе денесі бұрынғы жатырдағы күйге жақын болатын-
дай етіп жатқызады. Ең мүмкін болатын жақындық – тамақтану 
кезінде кеудеге қысып, тербетіп, әлдилеу. Осы жылылық пен 
жақындық оның кейбір әуестіктерін қанағаттандырып, мазасыз-
дығын басады, ал анасының аймалауы мен әлдилеуі тыныс алуы 
мен қан айналымының қалыпты қызмет етуіне көмектеседі. 
Мидың дамуына сәйкес, сәби анасының қолдарынсыз өмір 
сүруге бейімделеді және оны жақсырақ түсіне бастайды. 
Аяламай, тек еркін емуге рұқсат берген бала, аяланатын 
балаларға қарағанда баяу дамып, қорқақ болады дегенге негіз 
бар. Тіпті жүздеген балаларды бала табудан бас тартып, еркекті 
жеңу арқылы өзінің құмарын қанағаттандырады: олар мықты 
жыныстағылармен бәсекелесіп, жарысу үшін соған сай маман-
дық, тапсырмаларды таңдайды. Егер әйел адам жыныс мүшеге 
деген өз қызғанушылық сезімін қанағаттандыру үшін өзіне 
жұмыс таңдаса, онда ақырында ол бақытсыз болады. Себебі оны 
әйел ретінде дамытатын өз физисінің қысымын фрустрация-
лайды. 
Көптеген индивидтерде, әсіресе икемсіз еркектер мен агрес-
сивті әйелдерде қорқыныш пен қызғану сезімдері олардың жеке 
тұлға ретіндегі ерекшеліктерінің жүйеленуі үшін маңызды рөл 


131 
атқарады. Жыныстық айырмашылықтарды ашу – баланың өз 
ойында өңдеуін қажет ететін мәселе. Егер бұл тәжірибе оның 
санасында сақталмаса немесе оған аса терең әсер етпесе, онда бұл 
эмоционалды мәселе болашақта кері әсер етіп, мазаламайды. Ал 
егер бала оны өз уақытында шеше алмаса, оның болашақтағы 
өмірінде қиындықтар пайда болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет