Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет66/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Антон Семенович 
Макаренко 
(1988-1939) 
 
 
 
 


158 
бастауыш училищелерге мұғалім әзірлейтін институтқа түседі. 
Оны алтын медальмен бітіріп шығады. Осыдан соң Крюков 
қаласына қайтып келіп, 1917 жылдың қыркүйек айында жоғар-
ғы бастауыш мектепке инспектор болып тағайындалады.
1918-1919 жылдары тәрбие жұмысының жаңа әдістерін 
жасау ісімен айналысады. Оны 1926 жылдан бастап өзі ұйым-
дастырған Горький атындағы құқық бұзушы балалар 
колониясында қолдана бастайды. Колонистер 1925 жылдың 
жазынан бастап Горькиймен тікелей хат жазысып тұрады.
Ал М. Горький 1929 жылы «Кеңестер Одағында» атты 
мақаласында А.С. Макаренконың педагогикалық тәжірибесіне 
өте жоғары баға берді. Оны «балаларға шын махаббатпен 
беріліп, жалындап жанған, балалар алдындағы өзінің жауап-
тылығын жете түсінген» жаңа типтегі педагог деп санады.
1927 жылы Дзержинский атындағы балалар коммунасын да 
ұйымдастырады. 1928 жылдан 1935 жылдар аралығында ол осы 
коммунада жұмыс істейді.
1939 жылы А.С. Макаренко Еңбек Қызыл Ту орденімен 
марапатталды. 1939 жылы 1 сәуірде қайтыс болды.
А.С. Макаренко сол кезең үшін ерекше типтегі педагог 
болды. Басты жаңалығы – тәрбие жұмысында еңбек ұжымы-
ның маңыздылығын ашуында болды. Ол өзі ұйымдастырған 
Горький колониясында, кейін Дзержинский коммунасында 
панасыз балалардың өз еңбектерімен бірнеше шеберханалар 
құрды. Бұлар ағаш ұстасы, тігін, ұсталық, токарьлық жұмыс-
тарымен шұғылданып, ірі-ірі тапсырыстар алып отырды. 
Содан жиналған қорға екі зауыт салынды (электр үскілері мен 
«лейка» фотоаппараттарының зауыты). Алты жүз бала күніне 
4 сағат жұмыс істеп, 10 жылдық мектепте оқып жүрді. 
Сонымен бірге коммунада клуб, кино, кітапхана болды, көптеген 
шығармашылық үйірмелер жұмыс істеді. Осының арқасында 
колонистер өздерін ұжымда тәрбиелеуді, еңбекті сүюді үйренді. 
Кейін олардың арасынан көптеген инженерлер, дәрігерлер, 
өнеркәсіп мамандары, педагогтар шықты.
А.С. Макаренко талантты жазушылық қабілетін өзінің 
өмір тәжірибесінен алынған педагогикалық әңгімелерінде 
таныта алды, әдебиеттің кейбір жанрларында да қалам тарт-
ты. 1937 жылы «Ата-аналарға арналған кітап», 1938 жылы 


159 
«Намыс» атты романының 1-бөлімі басылып шықты. Осы 
жылы Дзержинский атындағы коммуна жайынан жазылған 
«Мұнарадағы жазулар» деген үш бөлімді повесті шықты. Тәрбие 
әдістері жайында көптеген мақалалар жазып, оқушыларға 
арналған түрлі әдеби журналдарға зор ынтасымен қатысты.
«Ұстаздық дастаны» – А.С. Макаренконың жазушылық 
шығармашылығындағы тұңғыш шығармасы, оны көркем сөздің 
шебері, «адам жанының инженері» деп халыққа танытқан осы 
шығарма. Оны жазуға 1925 жылы кірісіп, 1935 жылы аяқтап 
шықты. Автордың тірісінде-ақ бұл шығарма украин тілінде 
бірнеше рет басылып шықты, түрлі газет-журналдарға үзінді-
лер беріліп отырды.
А.С. Макаренконың педагогикалық тәжірибесі мен әдеби 
шығармашылығындағы басты ұстазы М. Горький болды. Өзі де 
«Өзінің өмірінің ақырғы күніне дейін Максим Горький менің 
ұстазым болды», – деп жазды.
«Ұстаздық дастан» және басқа да шығармалары Макарен-
коның ұзақ жылдар жастарды тәрбиелеу жолында жадына 
түйген, теориядан тәжірибеге айналдырған ұстаздық істерінің 
жемістері әрі бұл шығарма оның күнделігі іспетті.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет