Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Жасөспірім ойлауының дамуы және ұғымдардың қа-



Pdf көрінісі
бет63/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Жасөспірім ойлауының дамуы және ұғымдардың қа-
лыптасуы
Қазіргі уақытта педология жасөспірімнің ойлауын зерттеу 
саласында оның ойлауының даму мазмұнын құрайтын интел-
лектілік дағдарыс пен жетілу туралы дұрыс түсініктің даму 
жолындағы негізгі және түпкілікті қателікті жеңуде. Бұл қателік, 
әдетте, жасөспірім мен кішкентай баланың ойлауында айтар-
лықтай ерекшелік жоқ деген пайымдаудан туындайды. Кейбір 
авторлар жыныстық жетілу кезеңінде жасөспірімнің ойлау жүйе-
сінде тіпті 3 жастағы балаға тән емес ешқандай жаңа интеллек-
тілік операциялар болмайды деген пікірді жақтай отырып, 
шектен тыс қателікке ұрынады. 
Осы жағынан қарағанда ойлаудың дамуы жетілу үдерісте-
рінде маңызды рөл атқармайды. Авторлардың айтуынша, өтпелі 
кезеңде жасөспірімнің бүкіл организмінде болып жатқан елеулі 
және түпкілікті өзгерістердің орын алуы, тұлғаның жаңа қырла-
рының қалыптасуы, органикалық және мәдени өмірдің жоғары 
формаларының жетілуі – осылардың барлығы оның ойлауына 
әсер етпейді. Өзгерістердің барлығы жеке тұлғаның басқа 
жақтарында жүзеге асады. Осыдан келе жасөспірімнің жалпы 
дағдарыс пен жетілу үдерісінде интеллектілік өзгерістердің рөлі 
айтылмайды немесе жоққа шығарылады. 


146 
Егер бұл көзқарасқа сүйенсек, осы кезеңдегі интеллектілік 
өзгеру үдерісі үш жастағы бала ойында қалыптасқан ерекше-
ліктердің кейінірек таза сапалық өсуге ұласатын, таза сандық 
жиынтығы ғана болады, бұл жерде «даму» туралы сөз қозғауға да 
болмайды. Ш. Бюлер өзінің өтпелі кезең теориясында осы 
көзқарасты дәйекті түрде жақтай отырып, жыныстық жетілу 
кезеңінде интеллект әрі қарай бір қалыпты дами беретіндігін 
айтады. Жетілуден тұратын жалпы өзгеру жүйесінде, жалпы 
үдерістер құрылымында Ш. Бюлер жасөспірімнің жеке тұлғасы-
ның қайта қалыптасуындағы түбегейлі және игі әсер ететін 
интеллектілік дамудың аса зор ықпалына көңіл аудармай, 
интеллектінің маңызына өте аз орын береді. 
Жалпы айтқанда, жыныстық жетілу кезеңінде диалектика-
лық және абстрактілі ойлаудың көрнекі ойлаудан қарқынды 
бөлінетіндігі байқалады, – дейді автор. Ал қандай да бір 
интеллектілік операция тек пубертаттық кезеңде пайда болады 
деген пікір – бала психологиясында бұрыннан әшкереленген 
жалған пікірлердің бірі. Өйткені 3-4 жастағы балаға кейінгі 
ойлаулардың барлығы тән. Ойын дәлелдеуде автор К. Бюлердің 
зерттеулеріне жүгінеді, яғни Ш. Бюлердің айтуынша, интеллек-
тілік дамудың маңызды ерекшелігі негізгі интеллектілік үдеріс-
тердің жетілуі баланың жас кезінде қалыптасады. Жасөспірім 
мен баланың ойлауындағы айырмашылықты Ш. Бюлер баланың 
көрнекі қабылдауы мен ойлауының тығыз байланыстылықта 
болатындығынан анықтайды. 
Оның ойынша, бала көбінесе таза ауызша және таза абстрак-
тілі түрде аз ойланады. Тіпті ең әңгімешіл және аса дарынды 
балалардың өзі белгілі бір әсердің нәтижесінде сөйлейді, ал егер 
әңгімеге елігіп тұрса, ойланбай-ақ сөйлей береді. Ал механизм 
басқа функциясыз жаттыға береді. Балалар тек өзінің басынан 
кешкен нақты оқиғалар жөнінде өз пікірлерін талқылайды, ой 
қорытады, олардың мақсаттары көрнекі қабылдауға негізделеді 
деген деректер көпшілікке белгілі және бұл балалар абстрактілі 
ойлай алмайды деген қате қорытынды жасауға негіз болды. 
Ш. Бюлер бұл пікір баяғыда жоққа шығарылды деп есеп-
тейді, өйткені бала өте ертеден «жақсы», «ашулы» деген т.б. 
сөздерді жалпы түсініксіз мазмұнда абстрактілі қабылдайды 
және талдайды, сонымен қатар абстракция көмегімен басқа да 


147 
ұғымдарды аңғарады, пікір айтады... Жасөспірімнің ойлауы 
керісінше сезімдік негізде еркін әрі анық болады. 
Байқап отырғанымыздай, жасөспірімнің интеллектілік да-
муында болып жатқан маңызды өзгерістерді жоққа шығару 
интеллектінің жетілу жолдарында шамалы ғана өсуін мойын-
дауға мәжбүр етеді және оның сезіну қорына тәуелді болмай-
тындығын көрсетеді. Ш. Бюлердің идеясына қарасақ, жасөспі-
рімнің ойлауы, бөбектің ойлауымен салыстырғанда бірнеше жаңа 
қасиеттерге ие болады, яғни үш жастағы баланың ойлауымен 
салыстырғанда анық болып, әрі қарай «үдейді және нығаяды», 
«өседі және үлкейеді». Бұл ауысуда ешқандай интеллектілік 
операция пайда болмайтындықтан, жасөспірімнің даму үдерісін-
де ойлау қабілеті маңызды және белгілі мазмұнға ие болмайды, 
ал жалпы дағдарыс жүйесі мен жетілуде оның алатын орны тіпті 
шамалы.
Бұл көзқарас қазіргі заманғы жасөспірімнің дамуы жайын-
дағы дәстүрлі, өкінішке орай, кең таралған теория және оны 
көпшілік қарсылықсыз қабылдауда. Қазіргі кезде жасөспірім 
психологиясы жайындағы ғылыми мәліметтер аясында бұл пікір-
дің жалғандығы анықталып отыр, өйткені оның түп тамырында 
жасөспірімдік кезеңде өтіп жатқан бала бойындағы барлық 
психикалық өзгерістердің ішіндегі сыртқы, үстіртін, көзге бірден 
байқалатын қасиеттерді ғана, атап айтқанда, эмоциялық қалып-
тың өзгеруін ғана көрсететін ескі ілім жатыр. 
Өтпелі кезеңнің дәстүрлі психологиясы эмоциялық өзгеріс-
тердегі орталық ядроны және барлық дағдарыстың негізгі 
мазмұнын көруге және оны жасөспірімнің эмоциялық өмірін 
мектеп оқушысының интеллектілік дамуына қарсы қоюға бейім. 
Бұл теорияның жұмбағы ашылған тәрізді: бала – ең сезімтал 
тіршілік иесі, оның жалпы құрылымында эмоция бірінші орын 
алады, ал жасөспірім – біз үшін, ең алдымен, ойлау қабілеті 
жетілген тіршілік иесі. 
Осы дәстүрлі көзқарас туралы Ф. Гизенің толығырақ әрі 
қысқа пікірі бар. Оның айтуынша, баланың жыныстық жетілу 
кезеңіне дейінгі психикалық дамуы, ең алдымен, қабылдау 
функциясын, ес қорын, интеллекті және зейінді қамтитын болса, 
жыныстық жетілу дәуірінің репрезентанты эмоциялы өмір болып 
табылады. 


148 
Бұл көзқарастың бірізділікпен дамуы қарапайым көзқарасқа 
әкеледі, яғни жасөспірімнің барлық психикалық жетілуі, жоғары 
қызбалылыққа, қиялдауға, ұмтылыстық және сол сияқты эмоция-
лық өмірдің дағдылануына әкеледі. Бұл теорияда жыныстық 
жетілу кезеңі дегеніміз интеллектілік даму қуаты көтерілген кезең 
деген дәлелді әлсіретіп қана қоймай, жұмбақ әрі түсініксіз етеді. 
Осы пікірді басқа да авторлар, мысалы, О. Кро, Ш. Бюлер 
қолдайды, олар жасөспірімнің ойлауы мен баланың ойлауындағы 
бар айырмашылық, яғни балалық шақта көрнекі ойлаудың қа-
лыптасқан негізі жетілу кезеңінде кейінгі орында қалатын-
дығында, – дейді. Даму үдерісінде ойлаудың нақты және абстрак-
тілі формалары арасында осы өтпелі кезеңге сай орталық кезең 
болады деген дәлелді айта келе, Кро жоғарыдағы айырмашылық-
ты тіпті кемітіп тастайды. О. Кро Ш. Бюлердің теориясын 
позитивті түрде толық тұжырымдады, яғни оның айтуынша, 
мектеп жасындағы баланы пікір айтудың жаңа формасына 
ауысады деп күтпеу керек. Бұрынғы және қазіргі формадағы 
қолданыстағы дифференциация, реңк беру, бұрынғы бар форма-
ларға көбірек сенімділік және саналылық бұл жерде де дамудың 
маңызды мәселелері болып қарастырылуы қажет. 
Ойлаудың дамуы дегеніміз – бұрын қалыптасқан форма-
лардың әрі қарай дамуы деген пікірді қорытындылай келе, Кро 
қабылдау барысында өндірілетін үдерістерінде (жинақтау, белгі-
леу, категориялық қабылдау және қайта өңдеу классификациясы) 
де, логикалық байланыстар саласында (ұғым, пікір, қорытынды-
лау, сын) да мектеп жасының барысында ешқандай психикалық 
функция мен актілердің жаңа формалары пайда болмайды дейді. 
Олардың барлығы алдында қалыптасқан, бірақ мектеп жасында 
айтарлықтай дамуға ұшырайды. Бұл маңызды даму олардың 
дифференцияланған және аз ғана өзгешелік сияқты саналы қа-
сиеттерінен байқалады. 
Егер бұл теория мазмұнын қысқаша тұжырымдар болсақ, 
жаңа реңнің немесе өзгешеліктің пайда болуы, қолдану аумағы-
ның неғұрлым көлемді түрде мамандануы, саналылығы жасөспі- 
рім мен баланың ойлау қабілетіндегі бар айырмашылықты анық-
тайды. 
Тура осы көзқарасты әрі қарай М.М. Рубинштейн дамытады. 
Өтпелі кезеңдегі ойлауға тән барлық өзгерісті бірізділікпен 


149 
қарастыра келе, оны сәбилік шақтың ойлауындағы жас кезінде 
қалыптасқан жолының әрі қарай жылжуы деп санайды. Осы 
мағынада Рубинштейннің көзқарасы Ш. Бюлердің ойымен толық 
үйлеседі. 
Рубинштейн балалардың ой қорыту қабілеті толық 14 жасын-
да қалыптасады деген Э. Мейманның пікірін теріске шығара келе, 
интеллектілік іс-әрекеттің бірде-бір формасы, соның ішінде ой 
қорыту, алғашқы рет өтпелі кезеңде пайда болмайды дейді. 
Автор ақыл-ойдың дамуы аясында балалық шақтың жастық 
шақтан айырмашылығы – ойдың негізгі әрекеті, ой қорыту тек 
жастық шаққа тән дейтін пікірдің қате екендігін көрсетеді. 
Шындығында, бұл – жалған сөз, өйткені балаларға ой мен ой 
қорыту тән екендігіне күмән жоқ. Рубинштейннің айтуынша
бала мен жасөспірімнің ойлауындағы бар айырмашылық мына-
дан көрінеді: біздер, үлкендер үшін сырттай қарағанда мардым-
сыз, кездейсоқ символдарды балалар маңызды етіп қабылдайды, 
тек қана ересектік және жасөспірімдік кезде ғана жалпы айыр-
машылық пен пікір сияқты алғышарттар маңызды белгілерге 
тола береді немесе дәл осыларды табу бағыты айқындалады. 
Барлық айырмашылық мынаған саяды, яғни бала мен жасөс-
пірімдерде ойлау формалары әр түрлі мазмұнда қалыптасады. 
Пікір жайында да Рубинштейн былай дейді: сәбиде бұл формалар 
мардымсыз символдармен толтырылған, ал жасөспірімдерде 
оларды маңызды белгілермен толтыру бағыты пайда болады. 
Формалар сол қалпында қалады, тек қана әрі қарай үдей түсу 
және нығаю үдерістерін басынан кешіреді. Рубинштейн мұндай 
жаңа символдар мен өзгешеліктер қатарына ойлау қабілетіне 
байланысты ойлау, ой бағытындағы едәуір тұрақтылық, үлкен 
икемділік, кеңдік, ойлау ширақтылығы сияқты тағы басқа сим-
волдарды жатқызады. 
Бұл теорияның негізгі идеясын автордың жасөспірім мен жас 
жігіттің ақыл-ой дамуында кенет жоғарылау және тереңдеу 
болмайды деген пікірге қарсылығынан байқауға болады. Яғни 
жасөспірімнің интеллектілік дамуы кенет жоғарылаумен, терең- 
деумен сипатталады деген идеяны ұстанады. Көптеген бақылау-
лар фактілер мен теориялық түсініктерді дәлелдегенде, біз жаңа 
әсерленулер ағыны, жаңа мазмұн, жаңа арақатынастар ештеңе 
бермейді деген пікірді мойындаған болар едік, яғни дәлел 


150 
нәтижесіз қалар еді. Олай болса, ақыл-ой дамуындағы жоғары-
лауға тән символдарды жаңа қызығушылық пен мұқтаждан ғана 
іздемей, ескінің тереңдеуі мен кеңеюінен, олардың диапазоны – 
барлық өмірлік қызығушылықтан іздеу керек. 
Бұл орайда Рубинштейн барлық теорияларға бірдей тән ішкі 
қайшылықты ашады, яғни жыныстық жетілу кезіндегі ойлауда 
қандай да бір маңызды жаңалықтың ашылмайтындығын жария-
лайды. Өтпелі кезеңде ойлауда жаңа формалар пайда болмайды 
деген пікірді жақтаушы авторлар, дегенмен осы ойлаудың 
толықтырылуы, мазмұны, сүйенетін материалы, бағытталған 
объектілері – осының барлығы революция кезеңінен өту үстінде 
деген тұжырымға қосылады. 
Ойлау формасы мен мазмұнының эволюциясындағы үйлес-
пеушілік оларды диалектикалық бірлікте елестете алмайтын кез 
келген психологиялық дуалистік және метафизикалық жүйеге 
тән. Шпрангердің кітабында жасөспірімнің өтпелі кезеңдегі 
ойлауының дамуы жайында еш нәрсе айтылмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет