L. Edinqer, 1911), –
деген
жалпы тұжырым жасайды.
Психика филогенезіне қатысты ми көлемінің өсуі мен жаңа
қабілеттердің пайда болуына байланысты ми мен оның дамуы
арасына параллель орнатуға ұмтылған Эдингердің бұл заңы
қазіргі онтогенезде жиі қолданылып жүр. Осы орайда, параллель
ми сияқты мінез-құлық эволюциясының биологиялық өнімі
ретіндегі қарапайым функциялар мен қабілеттер арасында ғана
өз күшіне енетіндігі ескерілмейді; бірақ мінез-құлықтың тарихи
дамуы мида бар бөлшектердің дамуы немесе жаңа бөлшектердің
пайда болуына байланыссыз, жаңа қабілеттердің қалыптасуымен
сипатталады.
155
Мінез-құлықтың қарапайым формадан ең күрделі және
жоғары деңгейге дейін тарихи дамуы жаңа ми бөлшектері мен
бұрынғы бөлшектердің өсу нәтижесінен емес деп болжауға
толық негіз бар. Мәдени даму кезеңі немесе жоғары психикалық
функцияның басымдылығының дамуы ретіндегі өтпелі кезеңнің
де мәні осы. Балалық шақ – баланың әріптік жазу мен жаңа
техникадан бастап қазіргі ғылымды меңгеруге дейінгі өркендеу
дәуірі деп П.П. Блонский өте дұрыс атап еткен. Өркениет –
ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру үшін адам баласының қол жеткізген
жетістігі.
Сонымен, жоғары психикалық функциялардың эволюциясы
тұқым қуалаушылық ықпалымен орындалатын ми дамуымен
параллель жүреді деп болжау қиын. О. Пфистердің мәлімдеуін-
ше, ең алғашқы жылда мидың салмағы бастапқы салмағынан екі
есе, ал үшінші жылдың аяғында үш есе, бүкіл даму үдерісінде
төрт есе өседі.
К. Бюлердің ойлауынша, бала психологиясындағы бір құбы-
лыс осымен толық сәйкес келеді. Бала барлық маңызды психи-
калық функцияларды ең алғаш өмірінің 3 немесе 4 жасында
игереді және барлық кейінгі өмірінде сөйлеуге үйрену кезеңін-
дегі сияқты негізгі рухани жетістіктерге жете алмайды.
Бұл параллель, қайталап айтамыз, биологиялық эволюция-
ның өнімі болатын, мидың және оның бөліктерінің өсуіне
байланысты пайда болатын қарапайым функцияларды жетілді-
руде ғана күші бар. Сондықтан біз үлкен мидың құрылымы
дамуындағы баланың рухани өміріне үлкен қозғаушы болатын
физиологиялық негіздерді табуға үміттенетін Ш. Бюлердің тұжы-
рымын шектеуіміз керек.
Біздің оның ережесіне шек қоюымыздың себебі: ол негізінен
психикалық дамудың тұқым қуалаушылыққа негізделетіндігіне
сүйенеді, бірақ баланың немесе жасөспірімнің мәдени даму үде-
рісіндегі күрделі жинақтаулары (синтездері) басқа да факторлар-
дан, солардың ішінде баланың немесе жасөспірімнің қоғамдык,
өмірі, мәдени дамуы мен еңбек іс-әрекеті факторларынан туын-
дайды.
Дегенмен өтпелі кезеңде ми үлкен қарқынмен дамиды және
бұл дамуға өтпелі кезеңде байқалатын байсалды интеллектілік
жылжуларды жатқызуға болады. Блонский ұсынған болжам
156
бойынша, балалық шақтың сүт тісті фазасы, алдыңғы және
кейінгі фазалармен салыстырғанда ойлау мен сөйлеудің қарқын-
ды даму фазасы емес, керісінше, моторлы әдеттердің, үйлестік
пен эмоцияның даму фазасы. Бұл жағдайды Блонский сүт тісті
шақ фазасында интеллектілік дамуы күшті – тіссіз немесе мектеп
жасындағы фазалармен салыстырғанда жұлын мен мишықтың
қарқынды дамуымен байланыстырады. Пубертаттық балалық
шақта маңдайдың күшті өзгергенін байқаған автор мектеп
жасында ми қабының алдыңғы бөлігінің ерекше дамитынына көз
жеткізді. Бірақ Блонский сүйенетін және өзі оларды тұрақсыз,
сенімсіз деп тапқан мәліметтер тарапынан, біз тек пубертаттық
алдындағы, яғни алғашқы мектеп жасында ғана ми күшті дамиды
деген қорытындыға келуімізге болады.
Өтпелі кезең мен жасөспірімге қатысты бұл жорамалдардың
ешқандай дәлелді мәліметтері жоқ. Бірақ Н.В. Вяземскийдің
мәлімдеуінше, ми салмағы 14-15 жаста әжептәуір үлкейеді және
кішкене тоқтау мен бәсеңдеуден кейін 17-19 және 19-20 жаста
қайтадан жаңа әлсіз көтерілулер байқалады. Әйтсе де, жаңа
мәліметтер бойынша, бүкіл 14 жастан 20 жасқа дейінгі даму
кезеңінде ми салмағы өте аз жетіледі.
Біз жыныстық жетілу кезінде интеллектілік қарқынды
дамуды түсіндіретіндей жаңа бағыт іздеуіміз керек.
Сөйтіп, сыртқы көрініске, фенотиптік ұқсастыққа негіздел-
ген зерттеулерден бас тартып, ойлаудың әр жастағы генетикалық
және құрылымдық табиғатын терең зерттеуге өту жасөспірімнің
ойлау жүйесін үш жастағы баланың ойлау жүйесімен теңестіре-
тін дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты жоққа шығаруға негіз
болады. Оның үстіне сәби мен жасөспірім ойлауларындағы сапа-
лы айырмашылықты мойындайтын тұстарында да теориялар осы
кезеңде пайда болатын жаңалықты, яғни оң жетістіктерді қате
бұрмалайды.
Жаңа зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімнің ойлауы абс-
трактілі нақтылықтан, дерексізі көрнекіден қол үзеді деген қате:
ойлау қозғалысы бұл кезеңде интеллектінің нақтылы негізден
байланыс үзілуімен сипатталмайды, ол ойдағы дерексіз және
нақтылы кездердің жаңа қарым-қатынас формасының туындауы-
мен сипатталады. Бұл біздің алдымызда баланың қарапайым,
бұрыннан қалыптасқан көрнекі ойлауы, қабылдауы, практика-
157
лық интеллектісі функцияларының қосылып, жинақталып, осы
кезеңде жаңа формаға енуі арқылы көрінеді.
Сонымен, Ш. Бюлер теориясы өзінің жоққа шығарып
отырған теориясына ғана қатысты емес, тіпті өзінің тұжырымдап
отырған теориясының тек негативті, сондай-ақ позитивті бөлімі-
не де қайшы келетіндігін байқаймыз. Керісінше, жасөспірім
ойлауында мүлде жаңа, яғни үш жастағы балада жоқ күрделі
синтетикалық формалар қалыптасып қана қоймай, өтпелі кезеңде
үш жастағы балада бар қарапайым формалар қайтадан жаңа
негіздерге өзгеріп, өсіп болып қана қоймай, олардың пайда
болу күші мен ескі формалар мүлде жаңа негізбен қайта құры-
лады.
Жоғарыдағы айтқан пікірлерді қорыта отырып, біз дәстүрлі
теорияның маңызды әдіснамалық арқауы – жасөспірімнің ойлау
мазмұнындағы өзгеріс пен оның интеллектілік операциялар
эволюциясының қозғалысындағы кандай да бір маңызды өзге-
рісті мойындамау, ойлау мазмұны мен формасының дамуына
өзгеріс енгізе алмау ішкі қарама-қайшылығында жатқанын айта
аламыз. Үйлеспеушілік, біз көрсетуге тырысқанымыздай, мінез-
құлықтағы екі бағытты ажырата алмаудан туындап отыр. Ол –
қарапайым функциялар мен жоғары психикалық функциялардың
дамуы. Біз енді алынған нәтижелерді қорытындылай отырып,
өзіміздің барлық уақытта сыни зерттеулерімізді бағыттап оты-
ратын басты ойымызды айта аламыз.
А.С. Макаренко 12 жасында Полтава
губерниясының Крюков қаласындағы төрт
кластық училищесіне оқуға түседі. Содан
кейін 1905 жылы мұғалімдер курсын
бітіріп, халық мұғалімі атағын алады.
Оқытушылық жұмысын ол әкесі істеп
жүрген зауыттың жанындағы темір жол
мектебінен бастайды, бірақ артынша екі
кластық темір жол училищесіне ауысады.
1911 жылы Херсон губерниясындағы До-
линская станциясына еріксіз ауысады. Мұн-
да 3 жылдай темір жол мектебінде істе-
йді. 1914 жылы Полтавадағы жоғарғы
Достарыңызбен бөлісу: |