Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет67/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Ұстаздық дастан 
Қымбатты ата-аналар! 
Баламен әңгімелесуде әңгіменің қандайын да болса да мін 
жоқ екен деп ойлап жүрмеңіздер. Біз сіздерді тек әңгімелесуге 
көп үміт арта берушіліктен сақтандырамыз.
Шынында да балаларын нашар тәрбиелейтін ата-аналар, 
жалпы алғанда, педагогикалық такт дегенді мүлдем білмейтін 
адамдар педагогикалық әңгімелесуді асыра бағалайды.
Тәрбие жұмысын олар былай деп түсінеді: тәрбиелеуші 
қандай да болсын субъективтік нүктеде тұрады. Одан үш метр 
жерде баланы бекітіп қоятын объективтік нүкте тұрады, тәрбие-
леуші дауыс ырғағымен әсер етеді, бала есіту аппаратымен тиісті 
толқындарды қабылдайды. Толқындар құлақтың есіту жарғағы 
арқылы баланың жанына барып тиеді және сонда барып ерекше 
педагогикалық тұздар түрінде тұнып қалып отырады.
Кейде субъекті мен объектінің бір-біріне тура қарама-қарсы 
тұруы аздап өзгертіледі, бірақ үш метр қашықтық өзгермей сол 


160 
бұрынғы қалпында қалады. Бала арқандап қойғандай тәрбиешіні 
айналсоқтап жүреді де қояды және не дауыс әсеріне ұшырап 
отырады немесе тікелей ықпал етудің басқа түрлеріне душар 
болады. Кейде бала арқандаулы жібін үзіп кетеді де, біраз уақыт 
өткеннен кейін өмір шытырманының аса қорқынышты түкпі-
рінен барып шығады. Ондай жағдайда тәрбиелеуші әкесі немесе 
шешесі қалтыраған дауыспен қарсылық ететін болады:
– Тіл алмай кетті! Күні бойы көшеде жүреді! Жолдас 
балалары көп! Біздің қорадағы балалардың жайын өзіңіз де 
білесіз? Олардың көшеде не істеп жүргенін кім біледі? Олардың 
ішінде панасыз балалар да бар шығар...
Шешенің даусы да, көзқарасы да: менің ұлымды ұстап әкеліп 
беріңіз, оны көше балаларының ықпалынан босатыңыз, оны 
педагогикалық көгенге қайта көгендеңіз, менің тәрбие ісімді 
жүргізе беруіме мүмкіндік беріңіз деген тілекті білдіреді.
Мұндай тәрбиеге, әрине, көп уақыт керек болады және бұл 
босқа кеткен уақыт. Ұдайы бақылаушылар, жетектеп жүрушілер, 
қытыққа тиюшілер, боннылар системасы тарихта бірде-бір 
ауызға аларлықтай тәуір адамдар тәрбиелеместен әлдеқашан 
күйреп болды. Жақсы, пысық балалар бұл системадан қалай да 
болса сытылып шығып кетеді.
...Тәрбиелеу дегеніміз – нағыз кең мағынасында алынған 
әлеуметтік үдеріс. Тәрбие ісіне адамдар, заттар, құбылыстар осы-
ның бәрі де қатысады, бірақ алдымен және көбірек әсер ететін – 
адам. Олардың ішінде бірінші орында ата-аналар мен педагогтар 
тұрады. Өзін қоршап тұрған шындықтың аса күрделі дүниелі 
дүниесімен бірге бала өлшеусіз көп қарым-қатынас жасайды, бұл 
қарым-қатынастардың қай-қайсысы болмасын ылғи дамып 
отырады, басқа қатынастармен араласып кетеді, баланың жалпы 
және адамгершілік жағынан өсуімен орайласып күрделене тү- 
седі.
Бұл «шытырман» есеп-қисабын жүргізіп отыруға көнбейтін 
сияқты көрінеді, дегенмен де бұл әр сәтте баланың жеке басында 
белгілі өзгерістер тудырып отырады. Осылай дамуға бағыт беру 
және оны басқарып отыру – тәрбиешінің міндеті.
Кейбір ата-аналардың баланы өмірдің ықпалынан жекелеп 
алып, әлеуметтік тәрбиенің орнына, үйде жөнге салумен шұғыл-
данатын әрекеті де нәтиже бермейтін, мағынасыз нәрсе. Мұнан 


161 
еш нәрсе шықпайды: не бала үйдегі қамаудан шығып кетеді не-
месе бұзық тәрбие алады.
– Олай болғанда, баланы тәрбиелеу үшін өмір жауапты 
болып шығады? Ал отбасы ше?
– Жоқ, баланы тәрбиелеуге алдымен отбасы, яғни білгіле-
ріңіз келсе, ата-аналар жауап береді. Бірақ отбасы коллективінің 
педагогикасы баланы жоқтан бар ете алмайды. Болашақ адамға 
семьяның шағын әсерлерінің жиынтығы немесе әкелерінің 
кеңестері материал бола алмайды.
Ерте кезде ауқатты отбасыларында балаларды «періште 
жанды» деп атаушы еді. Біздің кезімізде балалар – «өмір гүлі» 
делініп жүр. Бұл жақсы-ақ. Бірақ байыбына бармай тез шеше 
салатын нәзік жанды адамдар бұл сияқты тамаша сөздердің түпкі 
мәнін ойламай, үстіртін қараған. Егер «гүл» дейтін болсақ, онда 
гүлді мәпелеу керек, иіскеп, сүйіп әуре болу керек. Тегі, 
гүлдердің өзіне де, ешкім қол сұқпайтын «әсем» шоқ гүлсің 
дегенді ұғындыру керек болар.
Мұндай тар көлемді алынған әсемдік және ешбір мағынасыз 
шаттанушылықтың өзінің күлкі боларлықтай жағы бар. «Өмір 
гүлдерін» үстеліңіздің үстінде тұрған, қытай вазасына салынған 
«әсем» шоқ гүл деп түсінуге болмайды. Мұндай гүлдерді қанша 
тамашаласаңыз да, қаншалықты иіскеп құмартсаңыз да, бұл 
гүлдер сола бастайды, олардың жеміс бермейтіндігі, құруға тиіс 
екендігі даусыз. Ертеңгі күні сіз оларды тек лақтырып тастауға 
мәжбүр боласыз. Тіпті, олай болмаған күннің өзінде де, сіз өте 
сентиментальды адам болсаңыз, гүлді қалың кітаптың арасына 
салып кептіріп қоясыз, бұдан соң сіздің қуанышыңыз мүлдем 
күдікке айналады: өткен күнді қаншама еске түсіруге тырыс-
саңыз да, гүлге қаншалықты қарасаңыз да сіздің алдыңызда 
тек қана қураған шөп, жай ғана шөп, жай ғана шөп-шалам 
жатады.
Жоқ, біздің балаларымыз мүлде мұндай гүл емес. Біздің 
балаларымыз өз өміріміздің тірі денесінде гүлдеп тұрған гүл, 
олар шоқты гүл ғана емес, тамаша алма бағы. Бұл бақ – біздің 
бағымыз, мұнда менікі деу құқығы сезіліп тұрады, рас айтамын, 
өте тамаша құқық бар. Әрине, мұндай баққа қуана қарамау қиын, 
мұндай бақты күтпей бетімен қоя беру бұдан да қиын. Келіңіздер, 
осы іспен шұғылданыңыздар: бақ ағаштарының түбін қопсытып, 


162 
су сеуіп, жұлдыз құрттарын алып тастап, қуарған бұтақтарын 
кесіп тастаңыздар.
Бағбан ең жақсы көретін жеміс ағашын қандай мәпелеп 
өсіретін болса, адамдарға да сондай қамқорлық етіп, көңіл бөле 
тәрбиелеп өсіру керек.
Байқап отырсыздар ма: жеміс ағашы. Сіздерді тек оның иісі 
ғана емес, тек «әсем түстердің гаммасы» ғана емес жемісі ерекше 
қызықтыратын болуға тиіс. Сондықтан да гүлдерді иіскеп, сүйіп 
мәпелеп қана қоймаңыз, қолыңызға күрек, қайшы, су құйғыш 
алыңыз, саты тауып алыңыз. Бағыңызда жұлдыз құрт пайда 
болса, париж көгін алыңыз. Қорықпаңыз, тіпті гүлдерге ыңғай-
сыздау болса да аздап көк бүркіп қойыңыз.
Ал енді, жақсы бағбанның бағына еш уақытта жұлдыз құрт 
түспейді.
Иә, келіңіздер, бағбан болайық. Бұл тамаша теңеу өте қиын 
мәселеде – баланы кім тәрбиелейді: ата-анасы ма, жоқ, өмір ме? 
делінетін мәселеде біраз нәрселердің бетін ашуға мүмкіндік 
береді.
Бақ ағашын кім тәрбиелеп өсіреді?
Ағаш жер мен ауадан өз денесінің атомдарын алады, күн оған 
өте қымбат жану күшін береді, жел мен дауыл оны күресте 
табанды етіп тәрбиелейді, бауырлас көрші ағаштар оны құртып 
жіберерліктей жалғыздықтан аман сақтап қалады. Ағаштың 
өзінде де және оның айналасында да қашан болсын өте күрделі 
химиялық прцестер өтіп жатады.
Өмірдің осындай аса ұқыпты жұмыстарынан бағбан нені 
өзгерте алады? Ол бостан-бос, дәрменсіздік білдіріп жеміс қашан 
піседі деп күтіп отыра беруге тиіс пе немесе піскен соң пасық ұры 
қолымен жемісті жұлып алып, жеуді ғана күтіп отыра бермек
пе?
Отты Жер аралының түкпірлерінің кей жеріндегі тағы 
адамдар, міне, осылай етеді. Кейбір ата-аналар да осылай етеді.
Бірақ нағыз бағбан адам бұлай етпейді.
Адам жаратылысқа мұқият, еппен араласуды көптен бері-ақ 
біледі. Ол табиғатты жасамайды және құртпайды, ол тек 
табиғатқа өзінің математикалық аса қуатты түзетулерін енгізеді, 
оның табиғатқа жанасуы, шынын айтқанда, күштерді сәл орын 
ауыстырып қою ғана одан басқа дәнеңе де емес. Ана жеріне тіреу 


163 
қою, мына арада жерді қопсыту, енді бір жерде шыдамдылықпен 
сұрыптап алу.
Біздің тәрбиеміз де, міне, осындай сыпайы. Солай болған-
дықтан ғана тәрбиелеу мүмкін болып отыр. Егер істеймін десе, 
баланы ақылмен, өмірдің аса бай жолымен дәлме-дәл жүргізіп 
өткізу, өмір гүлдерінің арасынан, дауылды құйынының ішінен 
аман өткізу, әр адамның-ақ қолынан келетін нәрсе.
Менің аса бір ызамды келтіретін нәрсе – жұрттың жиренішті 
езеуреп, үрейлене:
– Көше балалары! – дейтіні.

Біздің Сережа тіпті жақсы-ақ еді, кейінгі кезде ауланың 
ішіндегі әр түрлі балалармен жолдас болып кетіпті де...
Бұл «әр түрлі балалар» Сережаны бұзатын секілді. Сережа 
күн бойына жоғалып кетеді, кейде қайда жүріп, қайда тұрғанын 
ешкім білмейді. Сережа шкафтағы шалбарлық матаны алып, 
сатып жіберді. Сережа тағы бір күні таңға жақын ғана келді, 
аузынан арақ исі мүңкіп тұрды. Сережа анасына тіл тигізді.
Мұның бәрі «әр түрлі балалардың көше балаларының» 
ықпалы дегенге қолынан түк келмейтін, сенгіш адамдар ғана 
нана алады.
Сережа – жаңадан пайда болған бала емес. Бұл кәдімгі, 
жұртты әбден тойдырып болған, өзі осылай дағдыланған бала, 
оны мұндай еткен көше балалары емес және «біздің қораның 
ішіндегі» балалар да емес, өзінің жалқау арсыз әке-шешелері 
осылай тәрбиелеген. Бұл әп-сәтте бірден осылай бола қойған 
емес, Сережа жас жарымға толғаннан бастап, жалықпастан, 
түбегейлеп істелген жұмыстың нәтижесі болады. Өте көп әрі 
сыйықсыз әдіс-айланың көмегімен болған жағдай бұған жата-
тындар: ойсыз жалқаулық, ұшы-қиыры жоқ қиял, ақымақтық, 
мұның ең бастысы – ешбір кешірімсіз жауапсыздық және борыш 
сезімінің аса жетімсіз болуы.
Алдымен, сол Сережаны осындай бала етіп шығарған тек 
қана өз отбасы. Сіздің аулада оның шынында да өзі құсаған 
балаларды кездестіруі мүмкін, жолы болмай жүргендер бірлесіп, 
бұзылып және бәрі бірдей «көше баласы» болып кеткен балалар 
тобырын құрайды. Бірақ сіз сол ауланың ішінен отбасы коллек-
тиві және отбасындағы сыпайылық қандай да болса бір бағыт 
түзеп берген, «көше балаларының» ықпалына ергізбейтіндей 


164 
дәстүрлер түзеп берген ондаған балаларды кездестіруіңізге 
болады, отбасы қабырғасы оларды өмірді жатсынбайды, өмірден 
қашықтатпайды.
Отбасы тәрбиесінің табысты болуында шешуші орын алатын 
нәрсе ата-аналардың қоғамның алдындағы азаматтық борышта-
рын ұдайы, белсенді әрі толық саналы түрде орындап отырулары 
болады. Бұл борышты ата-аналар іс жүзінде мойындайтын жерде, 
бұлардың күнделікті сезімінің негізі осы борыш болатын жерде, 
бұл борыш сезімі отбасының тәрбиелік жұмыстарына да тиісті 
бағыт беріп отырады, ондай жерде ешқандай олқылықтың, 
ешқандай апатқа ұшыраудың болуы мүмкін емес.
Бірақ бұл заңды үйлерінде іске асыра алмайтын ата-аналар да 
бар, олардың саны да едәуір. Бұл адамдар тәп-тәуір азаматтар 
сияқты көрінеді, бірақ кейде олардың ойлары дәйексіз болып 
келеді, не бағдарлауы нашар болады, не көңіл қоюының көлемі 
жеткіліксіз болып содан опық жейді. Олардың борыш сезімі үй 
ішіндегі қатынастарына араласпайды. Сондықтан да олар азды-
көпті ауыр сәтсіздікке ұшырай береді.
Кейбір ата-аналар іске адалырақ қарайды. Олардың дауыста-
рынан шындық естіледі.

Баланы тәрбиелей білу керек. Мүмкін, менің істеп жүр-
гендерім теріс болар. Қалай тәрбиелеу керек екенін білу керек.
Шынында да, жұрттың бәрі де балаларын жақсы етіп тәрбие-
леуге тырысады, бірақ оның сырын бәрі бірдей біле бермейді. 
Мұны біреулер білетін сияқты, біреулер қолданып та жүрген 
сияқты, ал сіз болсаңыз тек қараңғыны қармалап жүрсіз, сізге бұл 
құпия сырды айтып беретін ешкім болған емес.
Мұндай жағдайда жұрттың бәрінің көз тігетіні педагогика-
лық техникумдар мен педагогикалық жоғары оқу орындары.
Жолдас ата-аналар!
Біздердің арамызда: біздің педагогтердің ішінде де отба-
сында мүлт кетушілер саны, сіздердің араларыңыздағыдан бір де 
кем емес. Және керісінше кейде педагогика ғылымының ішкі, 
сыртқы есіктерінің бірін де білмейтін ата-аналардың қолынан 
тамаша жақсы балалар өсіп шығады.
Ал педагогикалық ғылым отбасындағы тәрбие мәселесімен 
өте аз шұғылданып келеді. Сондықтан ең ғалым деген педагог-
тардың өзі де, бұлай болуы неліктен екенін жақсы біле тұрса да 


165 
өз балаларын тәрбиелеуде көбінесе ақылға сыйымдылыққа және 
өмір даналығына көбірек сүйенеді. Тегі педагогикалық «жасы-
рын сырға» сену жағынан бұлар жұрттың бәрінен де айыптырақ 
деймін.
Мен осындай бір педагогика профессорын білетін едім. Ол 
өзінің жалғыз ұлына әрдайым қолына кітабын ала отырып, терең 
психологиялық талдаулар жасай отырып сөйлейтін. Ол да, басқа 
көптеген педагогтар сияқты, жаратылыста қандай да болса бір 
педагогикалық трюк болады, оны қолданғаннан кейінгі жерде 
барлығы да өзінің қанағаттанарлықтай қалпына келеді: тәрбиеші 
де, бала да, принциптер де, барлығы да жайғасады, бәрі де 
құдайдың дес берісімен тып-тыныш бола қалады деп сенетін еді. 
Түскі тамақ үстінде шешесіне баласының тілі тиді. Профессор 
көп ойлап жатпастан мәселені былай шешеді:

Сен, Федя, анаңа тіл тигіздің, олай болған соң, бұл сенің 
біздің отбасы ошағымызды құрметтемегенің, сенің біздің 
үстелдің басында отыруға қақың жоқ. Ертеңнен бастап мен саған 
күніне 5 сом беріп отырайын, тамақты қайдан ішсең өзің біл.
Профессордың көңілі жай тапты. Оның пікірінше, ол ұлының 
шешесіне тіл тигізуіне өте дұрыс жауап берген сияқты. Федя да 
ренжіген жоқ. Бірақ трюктік жоспар аяқталмай қалды; тыныш-
тық және жайбарақаттық орнатылды, бірақ құдай қалағандай 
жерден шыққан жоқ.
Профессор үш-төрт күннен кейін Федя келіп мойныма 
асылып:

Әке! Менікі теріс екен, мені үйден қума, – деп жалынады 
деп күткен еді.
Бірақ бұлай болып шықпады, шынында, мүлде басқарақ 
болып шықты. Мейрамханалар мен кафелерге барып жүру Федя-
ға қатты ұнады. Оған ұнамаған жері әкесінің ақшаны аздау беруі 
болды. Ол өз тарапынан іске біраз өзгеріс енгізді: отбасы ошағы-
ның ішін ақтарыстырып, іскерлік көрсетті. Таңертең шкафта 
профессордың шалбары жоқ болып шықты, кешкісін ұлы үйіне 
мас болып келді. Ол жыламсыраған дауыспен әке-шешесін жақ-
сы көретіндігін айтқан болды, бірақ отбасы басына қайтып оралу 
мәселесін сөз қылған жоқ. Профессор жіңішке белбеуін шешіп 
алып, белбеуді баласының алдында үйіріп бірнеше минуттай 
жүрді.


166 
Бір айдан кейін профессор ақ жалау көтеріп, баласын еңбек 
колониясына алуды өтінді. Оның сөзіне қарағанда Федяны 
бұзған жолдастары болса керек:

Балалардың қандай болатынын өзіңіз де білесіз.
Кей ата-аналар, мұны оқып шыққананнан кейін мынадай 
сұрақ қоюлары мүмкін:
Жақсы, иә, дегенмен, тамақ ішіп отырғанда ұлының шеше-
сіне тілі тисе, сонда не істеу керек?
Жолдастар! Олай болғанда, мүмкін менен: «егер ақшасымен 
күмәжнігім жоғалып қалса» не істеймін деп те сұрарсыз- 
дар? Жақсы ойлансаңыздар жауабын бірден-ақ табасыздар: жаңа 
күмәжнік сатып алыңыз, жаңа ақша тауып, оны күмәжнігіңізге 
салыңыз.
Егер де ұлыңыз шешесіне тілі тиетін болса, мұндайда 
ешқандай сиқыр да көмектеспейді. Бұлай болса, сіздің ұлыңызды 
өте нашар тәрбиелегеніңіз, көптен бері-ақ ұзақ уақыт бойына 
нашар тәрбиелеп келгендігіңіз. Бүкіл тәрбие жұмысын түгелдей 
қайта бастау керек, отбасыңыздағы көп нәрселерді қайта қа-
растырып шығу керек, көп нәрселерді ойластырып, алдымен өз 
басыңызды микроскоптың арғы жағына қойып қарауыңыз керек. 
Ал тіл тигізген жерде не істеу керек деген мәселені, жалпы шеше 
салуға болмайды, бұл – өте дара шешілетін мәселе. Сіз өзіңіз 
қандай адамсыз, өз басыңыз отбасыңызда қандай мінездер көрсе-
тіп келдіңіз, соны білу керек. Мүмкін, сіз өзіңіз де балаңыздың 
көзінше әйеліңізге тіл тигізген боларсыз. Ал енді сіз әйеліңізге 
балаңыз жоқ жерде тіл тигізетін болсаңыз, мұның өзі де көңіл 
бөлуге тұратын мәселе.
Жоқ, отбасы тәрбиесінде сиқырлықты лақтырып тастайтын 
уақыт әлдеқашан жетті. Баланың өсуі және оның тәрбиесі – өте 
үлкен, елеулі, өте жауапты мәселе. Бұл мәселені оп-оңай трюкпен 
шеше қоюға болмайды. Егер сіз балалы болған екенсіз, бұл 
алдағы уақытта, балаға көп көңіл, көп ой, жігер-қайратыңызды 
жұмсауыңыз керек деген сөз болады. Сіз өз балаларыңыздың тек 
қана әкесі және қамқоршысы болып қана қоймай, сонымен қатар 
сіз өміріңіздің ұйымдастырушысы болуға тиіссіз, өйткені азамат 
ретіндегі сіздің қызметіңіз, сіздің өз басыңыздың сезімдері 
тәрбиеші болу үшін де өте қажет.


167 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет