Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет69/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Жасақтың өзін-өзі басқаруы 
Жасақтың басында ұжым мүшелерінің бірі – командир 
тұрады. Командирді белгілеудің екі ұстанымы болуы мүмкін – 
тағайындау және сайлау.
1. Берік ұжым қалыптаспайынша және комсомол ұйымы 
ұжымдағы қоғамдық пікірді қажетінше басқара алмайынша, 
командирлерді әрдайым тағайындап отыру керек. Бұл кезде педа-
гогикалық ұжымның алдында тұратын ең басты міндеттердің бірі 
– комсомол ұйымының саяси ықпалын күшейту, белсенділерді 
біріктіру, оларды жігерлі жұмысқа және өзін-өзі басқаруға 
жұмылдыру болып табылады. Командирлер ықпалды комсомол-
дар мен белсенділердің арасынан мекеме жетекшісінің бұйрығы-
мен тағайындалуы тиіс, бірақ үміткерлер педагогикалық кеңесте, 
өндіріс басқармасында, комсомолдар ұйымында және Командир-
лер кеңесінде алдын ала талқылануы керек.
2. Комсомолдар жұмысы жақсы ұйымдастырылған ұжым-
дарда командирлерді сайлап қоюға болады. Ф.Э. Дзержинский 
атындағы коммунада жасақ комсомолдар бюросында және Ко-
мандирлер кеңесінде педагогикалық ұжымға командирлікке 
өзінің үміткерін ұсынады. Үміткерлерден командирді анықтау-
дағы соңғы шешімді педагогикалық бөлімнің жетекшісі қабыл-
дайды. Үміткер қабылданбаған жағдайда мәселе жасақпен бірге 
талқыланады. Командирлер барлық ұжымның мәжілісінде жеке-
жеке сайланады. Коммунар атағы бар ұжым мүшелері ғана дауыс 
бере алады. Командирлер әрдайым өзін сайлаған ұжыммен бай-
ланысы және олардың алдындағы жауапкершілігін түсінуі керек.
Командирлікке мекеме мүддесіне берілген, мектепте жақсы 
оқитын, өндірісте екпінді, басқа да біліктіліктерге ие, мынадай 
жеке қасиеттерге ие тәрбиеленуші сайлануы керек: әдепті, жігер-
лі, орындаушылық, кішіге ілтипатты, шыншыл.


171 
Командирдің жұмысы жетекші мен ұжымның сенімін арқа-
лаған жауапкершілігі ауыр жұмыс болып есептеледі.
Командирдің өндірістегі басты міндеті – өндірістік жоспар-
дың орындалуын қадағалау және стахановшылардың қозғалысы-
на екпін беру. Осы міндетті шешу үшін ол барлық бағытта жұ-
мыстар жүргізуі керек, олар: стахановшылар қозғалысы, тәртіп, 
матриалдармен қамтамасыз ету, уақытты босқа өткізу және 
жұмысқа келмеу жағдайларын болдырмау, жақсы құрал, жақсы 
инструктаж, жұмыс орнын ұйымдастыру, арнайы киіммен жаб-
дықтау, дұрыс норма қалыптастыру, іс қағаздарын дұрыс жүр-
гізу.
Шешілуі маңызды кедергілер мен кемшіліктер туралы 
командир инструктормен, цех бастығымен ақылдасып, мекеме 
жетекшісіне немесе оның көмекшісіне баяндап отыруы керек, 
жасақтың жалпы мәжілістерінде немесе өндірістік мәжілістерде 
талқылауға ұсынып отыруы қажет.
Бірақ мұндай талқылаулар мен мәжілістер жұмыс уақытын-
да болмауы үшін жұмыс уақытында ешбір тәрбиеленуші станок-
ты тастап кетіп қалмауы үшін ол ең батыл шешімдерді қабылдай 
алуы керек. 
Командирдің өзінің станогының жанында жұмыс орны бо-
луы тиіс. Командирлік жұмысы үшін оған өндірістік табысының 
10-20 %-ы қосымша төленеді.
Командир инструкторды алмастырмауы тиіс, инструктор-
дың тікелей міндетіне өндірістегі техникалық үдерісті басқару 
кіреді.
Тұрмыста (ұйықтайтын бөлмеде) командир де жасақтың 
үлкені, жауаптысы болып есептеледі. Жасақтағы тәрбиелену-
шілердің арасынан командирдің көмекшісі белгіленеді. Сондай-
ақ жасақта спорт ұйымдастырушысы да белгіленуі керек. Бұған 
үміткерлерді жасақ анықтайды немесе командирдің өзінің 
ұсынуымен педагогтардың жетекшісімен және Командирлер 
кеңесімен бекітіліп қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет