168
ғ) әрбір жасақтың ұйықтайтын бөлмесі бөлек немесе қатар
орналасқан ұйықтайтын бөлмелерде орналастырылуы керек;
ж) асханада жасақтар бірге болады.
Бастауыш ұжымды өндірістік белгісіне қарай ұйымдасты-
руда олардың жас айырмашылығын ескерусіз қалдыруға бол-
майды. Ұжымы мықты әрі жақсы
ұйымдастырылмаған және
дұрыс тәртіп жағдайы қалыптаспаған мекемелерде 10-14 жас
аралығын қамтитын кіші жастағы бастауыш ұжымдар бір бөлек
ұйымдастырылуы керек; тек кейбір жағдайларда ғана жекелеген
балаларды ересектердің жасағына қосуға болады, бірақ бұл
жағдайда мынадай жекелеген жағдайларды айрықша тексеріп
алған жөн: кіші жастағы бала кімнің қарауында болады, жасақ
оны қалай қабылдады, оның жасақтағы өмірі мен жұмысына
нақты
кім жауап береді, оған кім ерекше қамқорлық көрсетуі
керек.
Егер пионер ұйымы болса, әр жасақта пионерлік топтардың
болуы қажет. Егер пионерлер балдырғандардың барлық жасағы-
на жеткілікті болса, арнайы пионерлік жасақтың болғаны абзал.
Үлкендердің жасағындағы комсомолдар күші де дәл осылай
ұйымдасуы керек. Жеке комсомолдар жасағы тек әр жасақта аз
дегенде 25-30 % комсомол болған кезде ғана жасақталады.
Бұл белсенділерге де қатысты: белсенділер жекелеген
жасақтар мен ұйықтайтын бөлмелерде шоғырланбауы керек,
олар барлық жасақтарды біріктіруі керек. Белсенділер құрамын
артта қалған жасақтарға арнайы жіберу керек.
Ұжым берік ұйымдасып, бір тәртіпке келгенде, сондай-ақ
нақты күн тәртібі мен жақсы дәстүрлер қалыптасқан кезде ғана
жас мөлшерлері аралас жасақтарды
ұйымдастыру өте пайдалы
болады.
Ф.Э. Дзержинский атындағы коммунада бастауыш ұжымдар
– жасақтар әр түрлі жастағылардың басын біріктіру ұстанымы
бойынша жасақталған. Бұлайша ұйымдасқан ұжымның үлкен
тәрбиелік ықпалы бар – түрлі жастағы балалар жақын, тығыз
араласады, үздіксіз тәжірибе жинап, жоғары буынның тәжірибе-
сін кейінгіге беруге табиғи жағдай жасалады, кішкентайлары
түрлі мәліметтер алады, жүріп-тұру әдебін меңгереді, жұмысқа
деген ептілікті қалыптастырады, үлкендерді
және олардың бе-
делін сыйлауға үйренеді. Өзінен кішілерге қамқор болу және
169
жауап беру үлкендердің ойынша кеңес азаматына қажетті қасиет-
терді тәрбиелейді: адамға ерекше ілтипат көрсету, қайырым-
дылық және талапшылдық, әрине, болашақ отағасына керекті
қасиеттермен, т.б. Бұл күрделі тәрбие үдерісі жақсы ұйымдасқан
ұжымда артық күш-жігерді қажет етпейді, тек үнемі нәзік бай-
қалатын әсерлер
мен балалардың қылықтарын, қатынастарын
таратып талдап отыру керек.
Бірақ үлкендер мен кішкентайлардың мұндай қарым-қаты-
нас стилі тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әлдеқайда жоғары
формасы болып табылады, сол себепті де білікті әрі парасатты
педагогикалық басқаруды және ықпалды талап етеді.
Мүмкіндігінше жасақ құрамының өзгермеуін қадағалау
керек, жасақ мүшелері ұжымда тату болуға үйренеді. Бір жұмыс
орнынан екінші жерге жиі ауыстыра беру өндірістік үдеріске ғана
емес, балалардың ұжымын да бұзады. Бастауыш ұжымды бір
құрамда не тым аз уақытқа, не тым уақытқа сақтау күллі тәрбие
үдерісі үшін шешуші рөл атқарады. Сондықтан балалардың бір
орыннан екінші орынға ауысуы барынша сирек болған жөн.
Қалай болғанда да ұжымның өндірістік бөлінуі кезінде бұл-
жымайтын ереже бар: егер тәрбиеленуші
бір жерден екінші
жұмыс орнына ауысса, ол бір жасақтан екінші жасаққа ауысуы
тиіс, яғни ұйықтайтын бөлмесін де, асханадағы орнын да ауыс-
тыру керек деген сөз.
Мектепте, әрине, балалар сынып бойынша немесе курс
бойынша ұйымдасады. Дзержинский атындағы коммунада бұл
ережелер тек мектеп қабырғасында оқу барысында немесе
кешкісін сабаққа дайындық кезінде қолданылады.
Ұжымның тұрмыстағы өзін-өзі ұстауымен түбегейлі айналы-
су керек. Егер өндірісте және мектепте ұйымдасып, ал былайғы
өмірде қалай болса солай жүретін болса, тәрбиенің нәтижесі
әрдайым төмен болады. Интернаты бар мекемелерде ұйықтайтын
бөлмеге тек жатақхана ретінде қарамау керек. Ұйықтайтын
бөлме еңбек, шаруашылық және саяси тәрбие берудің қосымша
формасына айналуы тиіс, бөлмедегі балалар өздерінің мектептегі
табыстарын, өндірістегі жетістіктерін, сәтсіздіктерін,
еңбектегі
күрестерімен, өндірістегі қайнаған мәселелермен, жалпы ұжым-
ның нәтижелерімен, жеңістерімен бөлісетін ортаға айналуы
керек.
170
Егер бұл байланыс ұйымдастырылмаса, ұйықтайтын бөлме
әдетте қарсылығы аз және талабы төмен жерлерде – жалған
рақаттану мен көңіл көтеру, тіпті кейде әлеуметтік ортаға қарсы
байланыстар мен қылықтар орын алатын өзге байланыстардың өз
бетімен қосылатын жеріне айналады.
Міне сол себепті де тұрмыстың дұрыс ұйымдастырылуына
ерекше көңіл бөліп, балаларды жасақ бойынша орналастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: