133
атқара келе, өз қызығушылықтарын да құрбан ете келіп, басқа да
тіршілік иелерін қорғап, қоштауы керек. Мұндай риясыз іс-
әрекетте оған Суперэго көмектеседі. Сондықтан ерте балалық
кезде қалыптасқан борыш және жауапкершілік сезімді Суперэго
некедегі кейінгі жұмсалатын күштің және балаларды тәрбиелеу-
дің негізін құрайды. Суепрэго әбден тамырланып болған соң
(мөлшермен 6-дан 10-ға дейін), бала өмірдегі өз орнын қандай да
бір мөлшерде білетін, бірақ өзін-өзі қарай алмайтын, ересектер-
дің көмегінсіз жүре алмайтын кезең басталады. Бұл жылдары ол
қоршаған адамдар және заттар жайында көп білгісі келеді және
жыныстық жетілуден оның бұлшық еттері қатайып, толық
күшпен жұмыс бастауға дайын кезде, ол өзінің жеке өмірін
бастауға жақсы дайындалған болады.
Л.С. Выготский – танымал кеңес
психологы, адамның жоғары психологиялық
функцияларын зерттеуге арналған психоло-
гиядағы «мәдени-тарихи теориясын» ұсын-
ған, педология мен баланың когнитивтік
дамуы туралы еңбектер жазған ғалым.
Сөйлеудегі ойлау мәселесін зерттей
отырып, ми қызметінің құрылымдық бір-
ліктері ретіндегі жоғары психикалық
қызметтердің локалдануы мәселесін жаңа
тұрғыдан қарастырды. Жоғары психика-
лық қызметтерді бала психологиясы ма-
териалдарына сүйене отырып зерттеп,
сана – бұл аффективтік еріктік және
интеллектуалдық үдерістердің тұтастығынан тұратын дина-
микалық мәнді жүйе деген тұжырым жасайды.
«Жоғары психикалық қызметтердің даму тарихы» (1931)
еңбегінде психиканың даму теориясы мәдени-тарихи аспектіде
кеңінен талданады: Выготскийдің пайымдауынша, жоғары
және төмен психикалық қызметтерді ажырату керек, соған
сәйкес екі жүріп-тұру түрі қалыптасады – табиғи, шынайы
(жануарлар әлеміндегі биологиялық дамудың нәтижесі) және
мәдени, қоғамдық-тарихи (қоғамның тарихи дамуының нәти-
жесі), екеуі психиканың дамуында бірлікте болады.
Достарыңызбен бөлісу: