Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет57/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Индивидтің жетілуі 
Ересек адам баладан қалай ерекшеленеді? 
Балалардың ересектерге ұқсастығынан гөрі ересектердің 
балаларға ұқсауы жиі кездеседі. Балалардың көпшілігі үшін жүк 
машинасы – ол үлкен машина. Олар көп уақытқа дейін жүк 
машинасы заттарды тасымалдауға, ал кәдімгі жеңіл машина 
адамдарды тасымалдауға арналғандығын түсіне қоймайды. Дәл 
осы сияқты ересектер үшін бала – ол кішкентай ересек адам. Олар 
баланы да толғандыратын өзіндік мәселелердің барын түсіне 
бермейді. Кейбір кезде тіпті ересек адам өзін балаша ұстауы, тіпті 
Үлкен Бала сияқты ұстауға тиіс болған жағдайдың өзінде де бала 
Кішкентай Ересек бола алмайды. Бала кішкентай ересек адам деп 
санайтын көзқарас бойынша осы пікірді гомункулус көзқарасы 
деп атауға болушы еді (гомункулус деп кішкентай ақылды 
адамды атайды). 
Сонымен, бала ересектен қалай ерекшеленеді? Бала дәрмен-
сіз. Өсе келе дәрменсіздігі кемігенімен, ол әлі де әр түрлі 
заттарды жасауды үйретуге тиісті ата-аналарына тәуелді болады. 
Онда бір нәрселерді жасауды үйретуге сәйкес игерудің жаңа 
объектілері шығады. Бірақ жүйке жүйесі даяр болмаса, үйрену 
мүмкін емес. Жүйкелер күшейетін уақыт, айталық, аяқ немесе 
ішек жүйкелері, ата-аналарынан тұқым қуалаған жүйке жүйе-
сінің сапасына байланысты. Егер бала уақытынан бұрын туатын 
болса, кейде оны кувезде ұстауға тура келеді. Тек сонда ғана 
сәбидің денесі әлденіп, оны бесігіне жеке бөлейді. 
Балалық бейнелер анық емес, түсініксіз болып келеді. Алды-
мен бала тек сыртқы әлемді өзінен бөліп қарастырмайды. Ол 
жеке заттарды анықтауды үйренеді және оның бейнелері аны-
ғырақ бола бастайды. Ересектерге өз бейнелерін анықтау үшін 


128 
көп жылдық тәжірибе қажет. Бірақ тіпті бұдан кейін де олар қай 
заттар маңыздырақ екенін онша жақсы анықтамайды. Балада 
мұндай тәжірибе жоқ. Ол үйренгенше өзіне де, оның ата-анала-
рына да шыдамдылық пен табандылық көрсетуі керек. 
Мысалы, Минерва Сейфус өз жасындағыларға қарағанда өте 
дамыған бала. Ол жүруге үйренгенде, осы жастағы барлық 
балалар сияқты, әр түрлі заттарды аударған немесе құлатқан. Бір 
күні ол күл сауытын аударып алды. Шешесі ашуланып, келесі 
жолы бұл жағдайдың қайталанбауын сұрады. Анасы үшін күл 
сауытының өз орнында тұрып, оған күлді сілку маңызды болды. 
Бірақ қандай жетілген болса да, Минерваның жасындағы қыздың 
назарын қарапайымдау нәрсе аударды: күл сауытының ішіндегісі 
емес, оның сырт келбеті. Ол өз әрекеттерімен анасының көңі-
лінен шығуды қалайды, бірақ Минервада бұған жету жайлы 
жалған елес қалыптасты. Күл сауыты көгілдір түсті болған еді. 
Минерва анасының тілін алып, ешқашан көгілдір заттардың 
біреуіне де тиіспеймін деген шешім қабылдайды. Келесі күні ол 
ашық жасыл түсті күл сауытымен ойнай бастады. Анасы осы 
үшін «Мен сенен енді ешқашан күл сауытымен ойнамауды 
сұрадым емес пе!» – деп оған ұрысты. Минерва түсінбеді: өйткені 
ол анасының талабын түсінуіне сәйкес, барлық көгілдір заттар-
дан аулақ жүруге тырысқан еді. Бірақ оған жасыл түстісімен 
ойнағаны үшін ұрсып жатыр! Анасы өз қатесін түсінген соң 
қызына түсіндіріп айтты: «Қарашы, бұл – күл. Мына сауыттар 
осы үшін қажет. Күл сауытында осы сұр ұнтақ жатады. Осылар 
жатқан ештеңені төңкерме!» Тек сонда ғана Минерва алғаш рет 
күл сауытының көгілдір тәрелке емес, сұр ұнтақ жатқан зат 
екенін түсінді. Осыдан кейін бәрі түзелді. 
Егер ана баланың қиыншылықтарын дұрыс бағаламай, 
түсініксіздіктерден қашу үшін әр түрлі заттарды анық түсіндір-
месе, жазалау балаға мағынасыз болады. Егер бұл бірнеше рет 
қайталанса, ақырында ол жақсы болуға тырыспай, өзін қалай 
ұстағысы келсе, солай ұстайды. Өйткені одан не күтетінін 
ешқашан түсінбейтінін сезеді. Баланың ойын жазалау, бұл уақыт 
өткен сайын әрекеттерге тәуелсіз қайталанып отыратын кездей-
соқ «Көру актілері» деген ойға келуі мүмкін. Сонда да жаза-
лаулар онда реніш тудырады және ол анасынан өшін алу үшін 
дөрекі әрекеттерге баруы мүмкін. Бұдан бірқатар жағдай- 


129 
ларда миссис Сейфус сияқты, яғни балаға қойылатын талапты 
екіұшты етпей, нақты түсіндіру арқылы құтылуға болады. 
Бала негізінен өмірдің маңызды мәселелерімен – демалу 
және тамақтанумен айналысады және ең алдымен, осылармен 
қамтамасыз етіледі. Ересек адам (сенімділіктің әр түрлі дәре-
жесінде) қалыпты жағдайда өзінің тамақтану уақытын біледі. 
Сәбидің қажетті жағдайлар туралы түсінігі болмауынан мұндай 
сенімділігі жоқ. Бірақ сәби көп нәрсенің анасына байланысты 
екенін біледі. Біраз уақыттан соң балада ашығу мен қорқыныш-
тан қорғанудың бір амалы анасының өзін жақсы көруіне 
байланысты екендігі туралы көзқарас қалыптасады да, өз ана-
сының сүйіспеншілігін баса сезінбей, күдіктенсе, онда ол 
жасқаншақ және тынымсыз болып өседі. Егер анасы баланың жас 
ерекшелігіне орай түсініксіз бір нәрсе істесе, бұл да баланы 
күйзелтеді. Егер баланы емізіп отырған кезде анасы ауру әкесіне 
қамқорлық көрсету үшін ешбір мейірбандық танытпастан емізуін 
тоқтататын болса, бұл жағдайда бала анасының өзіне деген 
сүйіспеншілігін, қамқорлығын жоғалтқандай сезініп, үрейленуі 
мүмкін. Шошынған бала – ол бақытсыз және қиын бала. Ол 
жоғарыда сипатталғандай, өзін шошындырғаны үшін кек алуға 
болатынын түсінген кезде, осы мүмкіндікті пайдалануы ықтимал. 
Ол өзіне қай қылығы пайдасынан гөрі зиянын көбірек тигізетіні 
жайлы ойлануға қабілетті емес. Сәби өмірі, біз – ересектер түсіне 
бермейтін жаңалықтар мен ғажайыптарға толы. Ойланып 
көріңізші, бала үшін дүниеге келу – қандай ғаламат дүние! Ал 
алғашқы рет кітапты көру ол үшін қандай таңғаларлық құбылыс 
десеңізші! Анасы оған қарамен белгіленген бір затты «мысық» 
деп түсіндіреді. Оның білуінше, мысық деген үлпілдек жұмсақ 
жануар емес пе? Қалайша қара сызықтар сол жұмсақ жануар 
болуы мүмкін? Мұның бәрі ол үшін таңғаларлық жағдай ғой! 
Осының бәрі туралы ол көбірек білгісі келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет