Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет60/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Лев Семёнович 
Выготский
(1896-1934) 
 
 
 
 


134 
Л.С. Выготскийдің болжамы жоғары және төмен психика-
лық функцияларының арақатынасын жаңаша шешуді көздеді. 
Ол екеуінің арасындағы басты айырмашылық олардың еріктілік 
деңгейлерінде, яғни ол табиғи психикалық үдерістерді адамның 
реттеуі мүмкін емес, ал жоғары психикалық функцияларды адам 
саналы түрде басқара алады деді.
 Л.С. Выготский Л.С. Сахаровпен бірігіп отырып, ұғымның 
типтерін және олардың жас кезеңдеріне сай дамуын анықтады.
 Балалық кездегі ұғымдарды зерттей отырып, ол тұрмыс-
тық және ғылыми ұғымдар, олардың баланың дамуында қалып-
тасуы туралы пікірлерін айтты. Баланың жоғары психикалық 
функцияларының дамуындағы жетілу мен оқытудың арақаты-
насы мәселесін жан-жақты қарастырды. Адам өмірі циклінің 
кезеңдерін жаңаша ұсынды, оған тұрақты даму мен күйзеліс 
кезеңдерінің кезектесіп отыруын негізге алды. Күйзелістер 
революциялық өзгерістерге әкеледі, жаңа білімдердің пайда 
болуы оның басты өлшемі болып табылады. Психологиялық 
күйзелістердің себебі баланың психикалық дамуы мен дамудың 
әлеуметтік жағдайларының арасындағы сәйкессіздіктердің өсе 
түсуі, дұрыс күйзеліс бұл жағдайды өзгертуге бағытталады. 
Осылайша, өмірдің әр сатысы күйзеліспен басталып, жаңа 
білімдердің пайда болуымен, тұрақты дамумен жалғасады: 
нәресте жастағы күйзеліс (0-2 ай), сәби жастағы күйзеліс (2 ай-
1 жас), 1 жастағы күйзеліс: ерте балалық жастағы (1-3 жас), 
3 жастағы күйзеліс: мектепке дейінгі жас (3-7 жас), 7 жастағы 
күйзеліс: мектеп жасындағы (8-12), 13 жастағы күйзеліс: 
жеткіншек жас (14-17 жас), 17 жастағы күйзеліс: жасөспірім 
жас (17-21 жас). Кейін бұл жас кезеңдерінің іс-әрекет тұрғысы-
нан жіктелген жаңа нұсқасын Л.С. Выготскийдің ізбасарлары 
Д.Б. Эльконин ұсынды.
 Жақын аралықтағы даму ұғымын енгізуі Л.С. Выготскийдің 
педагогикалық психологияға қосқан ерен еңбегін көрсетеді. 
Жақын аралықтағы даму – «ол әлі жетілмеген, бірақ жетілудегі 
аралық» болып табылады. Бала дамудың бұл деңгейінде өзі 
әрекет ете алмайды, бірақ ересек адамның жетегіне ілесе 
алады.
 1970 жылдары Л.С. Выготскийдің теориялары америкалық 
психологияның қызығушылығын тудырып, кейін негізгі еңбекте- 


135 
рі аударылды. Пиажемен бірге оның да еңбектері АҚШ-тың 
қазіргі білім беру психологиясының негізіне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет