IV Негізгі қағида
Әуелі оңайдан бастаймыз
Табиғат оңайдан қиынға қарай дамиды. Олай болса, оқуды
белгіліден бастап, сол арқылы белгісізге келемін деген мектептер
болса, олар жұмысты қиындатады. Оның мысалдары мынадай
болып келеді:
1.
Латын тілін оқытқанда, оның ережесі латын тілінде
беріледі. Мұның өзі еврей тілін оқытып, соны еврей тіліндегі
ережелермен түсіндіру, ал араб тілін сол араб тіліндегі ережелер
бойынша оқытуға ұқсайды.
2.
Дұрыс білім беруге кесір болған қателіктің бірі – барлық
елдің жас буыны ғана грамматикалық ереже бойынша оқытылды.
Дұрысына келсек, әрбір тілдің латын тілдеріне ұқсамайтын,
кейбір жайда сол тілдердің өзіне ғана тән ерекшеліктері бола-
тыны хақ. Латын тілінің негізгі сипаттарын шәкірт оңай игерсін
десек, бұл ерекшеліктің сырын ашпай, соған икемделмей бол-
майды.
V Негізгі қағида
Шәкірттердің жүгін ауырлатпау керек
Табиғатта артық аспай нәрсе жоқ. Ол азбен қанағат етеді.
Демек, бір жылдың ішінде бірнеше пән, мысалы, грамматика,
диалектика, бәлки риторика, поэтика, грек тілі, т.б. қаз қатар
үйретілетін болса, балалардың ойы бөлінеді.
VI Негізгі қағида
Оқуда асығыстық жоқ
Табиғат асықпайды, ақырын қимылдап алға басады. Ендеше
жұмыс төмендегідей болса, ол жас буынды қинау (азапқа салу)
болады:
1.
Егер оларды күніне алты, жеті, сегіз сағат сыныпта ұстап,
сабақ оқытып, жаттығу жүргізсек, үйінде де бірнеше сағат
дайындалатын болса, ол шайылдырады.
2.
Егер оларды шаршап-шалдыққанша, ақыл-есін тауысқан-
ша диктантпен, жаттығу жазумен және үлкен үзінділерді жаттап
алу ісімен шырмасақ, бұл тек бермейді. Бұл тесігі тар ыдысқа
суды тамшылатып емес, лақ еткізіп құйғанға ұқсайды, ондай су
далаға төгіледі. Әрине, судың көбі сыртқа төгілгенмен, ыдыс
121
ішіне де түсуі мүмкін. Бірақ бірте-бірте құйғаннан аз барады.
Кімде-кім мөлшерін білмей, өз білмегенімді өткізіп қаламын
десе, бұл – ақылсыздық.
Достарыңызбен бөлісу: |