Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет39/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

білді-
ретін сөздерді
меңгеретін кезде, шешесі заттарды сезіп барып 
қабылдағаннан туған әсер баланың санасында мықтап қалғанда 
ғана, алға жылжуға тиіс. Өнер, анығында, ананың ақылмен 
жасаған қамқорлығы мен оның жанқиярлығы ана тілін үйренген 
кезде табиғаттың осы баяу бүлкілін тездетіп, жандандыра алады. 
Бастауыш білім берудің міндеті осындай тездетудің және 
жандандырудың құралдарын зерттеп білу және оларды анық та 
қанық етіп, біртіндеп орындалатын, мақсатқа жеткізуге мүм-
кіндік беретін жаттығулар түрінде аналарға 
ұсыну. 
Тәрбиелеу 
өнері осыны атқарып шықса, ана жүрегі сол құралдарды сөз жоқ 
қабылдайды және оларды баласының игілігі үшін зор сүйіс-
пеншілікпен пайдаланады. 
Ана тілінен басқа кез келген басқа тілді табиғи үйлесімді 
жолмен үйрену мұндай ұзақ жолмен мүлде жүрмейді. Шет тілін 


84 
үйренгенде көнесін бе, жаңасын ба бәрібір, жағдай былай 
болады. 
1. Баланың жетілген сөйлеу органдары болады. Кез келген 
шет тілін үйренгенде, ол жетілген сөйлеу органдарын сол тілге 
тән бірнеше ғана дыбысты айтып, дыбыстап жаттықтырады. 
2. Бала шет тілін, көнесін бе, жаңасын ба, үйренуді бастаған 
жасында, оның сезім мүшелері арқылы қабылдап алған білімі 
жетерлік, сондықтан ол оларды ана тілінде айдан анық білдіре 
алады. Солай болғандықтан балаға кез келген жаңа тілді үйрену, 
шын мәнінде, мағынасы ана тілінде баяғыдан таныс дыбыстарды 
өзіне әлі таныс емес дыбыстарға айналдырып үйрену дегенді 
білдіреді. Мақсаты есте сақталатын құралдардың көмегімен 
осылай айналдырып үйренуді жеңілдететін және психологиялық 
жағынан дәлелденген, бірінен соң бірі ретімен орындалатын жат-
тығуларға апарып тірелген, соның нәтижесінде сөз арқылы таны-
латын ұғымдарды балаларға есте сақтататын құралдар арқылы 
жеңілдететін өнер табиғи үйлесімді болады, оған сөз жоқ анық 
түсіндірме беріледі, бұл өнер бастауыш білім беру идеясының 
маңызды міндеттерінің бірі ретінде қаралуға тиіс. Тіл үйретудің 
бастапқы негіздерін 
психологиялық жағынан дәлелдеу қажетті-
гін бәрі сезеді. Мен жарты ғасыр бұрын халықты оқытудың 
бастапқы негіздерін оңайлату тәжірибелерін бастап және үздіксіз 
жалғастырып келе жатқаннан бері осы маңызды мақсатқа 
жетудің кейбір табиғи үйлесімді, дәл осыған байланысты жеміс 
беретін құралдарын тапқан сияқтымын. 
Бірақ бастауыш білім беру идеясы туралы баяндаудың 
желісін қолдан жіберіп алмай тұрып, сезім мүшелері арқылы 
қабылдаудан туатын ақыл-ойды дамыту табиғи үйлесімді жол-
мен 
тілге үйретуді
өнердің маңызды қосымша құралы ретінде 
пайдалануға тиіс деген қағидаға қайта оралайық. Танымды 
анықтауға пайдасы тиетін болғандықтан, бұл құрал сезім арқылы 
қабылдаудан туады. Бірақ ақыл-ойдың дамуы өзінің табиғатына 
қарай оның жылжуына мүмкіндік беретін негіздерді қажет етеді. 
Ол сезім арқылы қабылданып танылған заттарды өз бетінше 
салыстыру, бір-бірінен ажырату және салғастыру қабілетін таби-
ғи үйлесімді етіп дамыту үшін өнердің құралдарын қолдануды 
талап етеді. Бұл табиғи бейімділікке заттар мен олардың негізгі 
мән-мағынасы және қасиеттері туралы дұрыс пікір білдіруге, 


85 
нағыз ойлай білу қабілеті деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік 
береді. 
Ақыл-ойды дамыту
және соған бағынатын адамзаттың мәде-
ниеті біздің ойлау қабілетімізді, зерттеу жүргізу және пайымдау 
қабілетімізді табиғи үйлесімді дамыту мақсатында өнердің 
логикалық құралдарын үнемі дамытып отыруды талап етеді, 
ондай қабілеттерімізді танып біліп, пайдалану дәрежесіне адам 
баласы ертеден жеткен. Бұл құралдар өзінің ішкі мән-мағынасы 
жағынан және барлық ауқымы бойынша өзімізге тән сезім 
арқылы қабылданып танылған заттарды өз бетінше салыстыру, 
бір-бірінен ажырату және салғастыру, яғни оларға логикалық 
тұрғыдан қарау және логикалық өңдеуден өткізу қабілетіне дейін 
көтерілуге мүмкіндік береді. 
Бастауыш білім беру идеясының маңызды талпыныста-
рының бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет