Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет35/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

шаршатып қиындататын, маужырататын жә-
не есінен тандыратын болса, 
онда оның дәл солай жаттығу 
арқылы өзінің ойлау қабілетін іс жүзінде дамытсам деген ойы 
азая береді. Адам күштерін дамытудағы табиғаттың барысы 
өзімен-өзі қалса, онда даму баяу жүреді, адам бойындағы сезім 
хайуандыққа бағынады және соның өзі дамуды тежейді. Таби-
ғаттың барысы адамның бойында адамдық қасиеттер дамыған 
деңгейге дейін көтерілу керек. Ол үшін бір жағынан ақылға негіз-
делген сүйіспеншіліктің көмегі болу керек, ондай сүйіспеншілік-
тің сезім жағынан шектелген мәйегін бізге құдай әкелік, аналық, 
бауырластық сезім түрінде салып берген, ал екінші жағынан адам 
баласының мыңдаған жылдар бойындағы тәржірибесін игерген 
тәрбиелеу өнерін ақылмен пайдаланған жөн. 
Сонымен, оған дәлме-дәл анықтама беретін болсақ, қара-
пайым білім беру идеясы дегеніміз, біздің туа біткен қасиетте-
ріміздің нышандары мен күштерін дамыту және қалыптастыру 
кезіндегі адам баласының табиғаттың барысына қолдау көрсет-
сем деген талпынысының нәтижесі, ондай қолдауды оған ақылға 
негізделген сүйіспеншілік, дамыған ақыл және жақсы дамы-
тылған техникалық бейімдік көрсетеді. 
Адам баласын дамытудағы табиғаттың жүрісі өзінің негі-
зінде қандай қасиетті және керемет болмасын, ол өзімен- 
өзі қалғанда алғашында хайуандық сипатта болады. Адамзат 
баласы табиғаттың жүрісін оған адами және құдайлық негіз 
енгізіп, жандандыруды қолына алуға тиіс. Қарапайым білім беру 
идеясының мақсаты осы, тақуалық пен даналықтың мақсаты
осы. 


77 
Енді осы ереженің адамгершілік, рухани, отбасылық және 
азаматтық жағын қарастырып көрейік. 
Өзімізге алғашқы сұрақты қояйық: 
іс жүзінде адамдарда 
біздің моральдық өміріміздің негіздері – сүйіспеншілік пен сенім
– қалайша шынымен табиғи үйлесімді болып дамиды? Туғаннан 
бастап нәрестенің бойында адамның қамқорлығы мен адам 
өнерінің әсерімен біздің туа біткен моральдық және діни қасиет-
теріміздің нышандарының алғашқы өскіндеріне табиғи үйлесімді 
етіліп қалай жан бітіріледі және қолдау көрсетіледі? Олар өскен 
сайын қалай бекемделе түседі? Олардың бекемделе түскені 
соншалықты, адамгершілік қасиеттер мен діндарлықтың түпкі 
жоғарғы нәтижелерін және олардың игі әсерін 
адамның
көмегі-
мен болса да, шынымен де және табиғи үйлесімді негізделген 
және соларға дайындатылған деп есептеуге болады. Жауап 
ретінде мынаны табамыз: нәрестенің адамгершілік күштерінің 
алғашқы өскіндері туғаннан бастап оның физикалық қажеттерін 
үнемі және тып-тыныш жағдайда қанағаттандырып отырғанның 
арқасында табиғи үйлесімді болып жандандырылды және дамы-
тылды. Ананың қасиетті қамқорлығы мен нәрестенің бойында 
инстинкт ретінде кез келген қажетін жылдам қанағаттандыруға 
байланысты оянып келе жатқан секем алушылықты, ал қажеті 
өтелмеген жағдайдағы нәрестенің физикалық мазасыздануын – 
жас нәрестенің бойында өзі қанағат табатын көзге деген сенімнің 
сезімнен туған өскіндері дамып келе жатқан, сонымен бірге сол 
көзге деген алғашқы сүйіспеншіліктің өскіндері дамып келе 
жатқан жағдайға жақындауды, міне біз осыларды алғашқы және 
ең мыңызды дайындық деп тануымыз керек. Сенім мен сүйіс-
пеншіліктің алғашқы және сезімнен туған өскіндеріне жан бітіру-
ден адамгершілік пен діндарлықтың алғашқы және сезімнен 
туған өскіндері пайда болып дамиды. 
Сондықтан адамды тәрбиелегенде оның адамдық қасиетте-
рін қалыптастыру үшін емізулі баланың жаны тыныш және риза 
күйде болуы өте маңызды; осындай сәттерді әлі қалғып жатқан 
өскіндерін өмірге әкелу үшін пайдаланған жөн, адамдар мен 
басқа тірі мақұлықтардың айырмашылығы да осында. 
Нәрестенің рухани қызығушылық танытпайтын осы кезең-
дегі мазасын алу біздің сезімге, хайуандыққа негізделген таби-
ғатымыздың барлық әрекет еткісі келетін ниеті талабына жан 


78 
бітіріп, күшейтетін және адамның қасиеттерінің басты өзегін 
құрайтын, туа біткен қасиеттердің нышандарын және күштерін 
табиғи үйлесімді етіп дамытудың маңызды негіздерінің іргесін 
шайқайтын негізді қалайды. 
Табиғат нәрестенің өміріндегі ең ерте кезінде осы тыныш-
тығын сақтау туралы ең қажетті бірінші қамқорлықты ана 
жүрегіне салып берген. Бұл қамқорлық адамдардың бойынан 
барлық жерде анаға тән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет