69
Кейінірек салыстыру, бағалау, іріктеу, бас тартулар болады.
Яғни екінші үдеріс бірінші үдерістен үстемдеу бола бас-
тайды. Аполлон Дионисті жеңеді, ерлер әйелдерден үстем бола
бастайды. Шыңына жеткен күйзелістер адамды қамтиды: бірақ
адамның өзі ұлы нәрселерді жасайды. Әйелдердің даму кезеңі
ерлердікімен ауыстырылады деп айтуға болады.
Қысқасы, мен тек бірінші кезеңге ғана тоқталдым, ол
біртұтас адамның аяқастылықты білдірушілігімен беріледі. Бұл
тек адамның бастапқы ойлау үдерісінің алдында қорқынышты
сезінбеуінде ғана іске асады.
Жиынтықты (интегралды) креативтілік.
Мен бірінші
үдерістен шығатын және екінші үдерістен гөрі онымен тығыз
байланыстыны бірінші креативтілік деп атаймын. Екінші үдеріс-
ке байланысты креативтілікті мен екінші креативтілік деп атай-
мын. Бұл екінші типке байланысты дүниеде көптеген құры-
лыстар мен заттар жасалды: көпірлер, үйлер, жаңа көліктер; тіпті
басқа көптеген ғылыми эксперименттер мен әдеби еңбектер
көбінесе басқа адамдардың ойларын пайдалану арқылы жасал-
ған. Екі типтің де қолданатын креативтілігін мен «интегралды
креативтілік» деп атаймын. Интегралды креативтілік арқылы
өнер, философиялық және ғылыми ұлы туындылар пайда бо-
лады.
Бұдан шығатын қорытынды: креативтілік теориясындағы
интеграцияның рөлін ерекше атап өткен жөн. Дихотомияның
шешілуі адамның ішкі дүниесін біртұтас етеді. Ішкі тұтастық
болмауынан «тартыс» басталады, адамдардың жеке бөлімдері
бір-біріне қарама-қарсы шығады. Өзін-өзі кемелдендіруге
байланысты креативтілік туралы сөз болғанда, ол ығыстырылған
әуестіктерді өңдеуден гөрі, неғұрлым бірінші және екінші
үдерістерді біріктіруге байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: