Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Мәдени қалыптарды (нормаларды) үйренуге қарсылық



Pdf көрінісі
бет22/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Мәдени қалыптарды (нормаларды) үйренуге қарсылық.
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар әдетте онша жақсы бейімдел-
меген. Олар шарттарды түгелдей ұстанады, бірақ бәрі де жалпыға 
ортақ ережелерге үйренуге қарсылық көрсетеді... 


57 
Сау адамдар мен аса салауатты емес мәдениеттің арасындағы 
қатынасты күрделілер қатарына жатқызуға болады, солардың 
бірнеше құрамасын атауға болады: 
1.
Бұл адамдар киім, тілдік қатынас жасау, ас, әрекет таңдау-
да жалпыға ортақ ережелерге әбден сәйкес. Сонымен бірге олар-
дың басқалардан ерекшелігі: олар сән қуаламайды. Олар үшін 
мақсатқа қандай жолмен жету бәрібір, мақсатқа жетудің бір 
жолдары басқалары сияқты жақсы. Мұнда тағы сол адамдардың 
өздеріне маңызды еместінің қарсылықсыз қабылдауға бейімділігі 
де байқалады. Сондықтан ондай адамдарға киім алу, шаш сәнін 
таңдау өте маңызды емес. Бұл сұрақтардың моральға ешбір қа-
тысы жоқ... 
2.
Мұндай адамдарды ұрысқақ, ұрысты ұйымдастырушы 
адам деп атауға болмайды. Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар 
шыдамсыздық танытпайды, қоғамға риза еместігін көрсетпейді. 
Біздің қарамағымыздағы бір адам ғана жас кезінде кәсіподақ 
көшбасшысы болған – ол кезде ол оңай шаруа емес еді. Содан өз 
істерінің бос екенін түсінген соң ол шығып кеткен. Кейінірек 
бірте-бірте іске асырылатын әлеуметтік өзгерістердің қажеттілі-
гін түсініп, өсіп келе жатқан балаларды оқытумен айналысқан. 
Біздің қарамағымыздағы басқа адамдар бірқалыптылық, әр-
дайым тыныштық, қоғамдық өмірдің жақсаруын күтуде байсал-
дылық танытты... Біріншіден, бұл индивидтер интеллектімен 
ерекшеленеді, олардың өз мақсаттары бар. Екіншіден, олар 
шындықты дұрыс қабылдайды. Бұл адамдардың тағы бір қасиеті 
– олардың өмірге қуанышпен қарауы және уақытты көңілді өткі-
зе алуы... 
3.
Мәдениеттен алшақтауды іштей сезінуі саналы деңгейде 
көрінуі міндетті емес; олар жалпы америкалық мәдениет туралы 
пікірталас кезінде білінеді, сонымен өзін-өзі кемелдендіретін 
индивидтер мұнсыз өмір сүре алады, өйткені олар бұған толы-
ғымен жатпайды. Ұнату мен қарсы болу аралас сезімдері олар-
дың Америка мәдениетінен тек жақсыларын алып, олардың 
пікірінше, жамандарын иемденбегендерін көрсетеді. Қалай десе 
де, мұндай адамдар әуелі таразылайды, талдайды, ойластырады, 
содан кейін ғана шешім қабылдайды... 
4. Мұндай адамдарды «автономдық» деп атай аламыз, себебі 
олар қоғамдық пікірден гөрі, өздерінің принциптері мен ойларын 


58 
ұстанады. Олар жалпы адамзаттық мәдениетке жатады: олар 
Америка мәдениетінен жоғары немесе төмен деп айта алмаймыз. 
Олар ағылшын тілінің америкалық үлгісінде сөйлейді, өздерін 
америкалықша ұстайды, оларда америкалық мінез бар... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет