55
мінездік ерекшеліктері емес, реактивті немесе ситуациялық ерек-
шеліктері болады.
Этика.
Менің байқауымша, өзін-өзі
кемелдендіретін ииди-
видтер күнделікті өмірде жақсылық пен жамандық арасындағы
ерекшеліктерді ажыратуда сенімсіздік танытпайды. Бұл индивид-
тердің белгілі бір моральды стандарттары және этикалық кодекс-
тері болады, соларды ұстанады, сол принциптерді бұзбауға тыры-
сады. Сонымен, олардың жалпы қалыптасқан жақсылық пен
жамандық туралы түсініктері ерекше болуы мүмкін.
Қазір біздің заманымызда Құдайға сенемін деген адам
Құдайды шынайы
кейіпкер ретінде емес, ерекше метафизикалық
тұжырымдама ретінде суреттейді. Егер біз дінді тек әлеуметтік-
мінездік аспектіде қарастырсақ, онда
өзін-өзі кемелдендіретін
адамдардың барлығын, атеистерді қоса, діншіл деуге болады.
Бірақ діннің жаратылыстан жоғарылық
компонентін есептей
отырып, біз мүлдем қарама-қарсы қорытындыға келеміз: олар-
дың ешбірін діншіл деуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: