56
Мұнда адамның өзінің бойындағы қасиеттерін мазақ етіп қал-
жыңдау ғана бар. Бұған мысал
ретінде Линкольн қалжыңын
келтіруге болады. Ол басқаларға тиіп кетпейтін қалжыңдар айта-
тын, сонымен бірге оның басқа адамдарды күлдіруге арналған
қалжыңдарында бір мораль бар. Қалжың, мақал-мәтелдер сияқ-
ты, оқыту функциясын атқарған.
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар көп күлмейді. Қалжыңдау,
шанышпа
сөздер
оларға онша тән емес, олардың қалжыңдары
аяқасты және
алдын ала дайындалмағандықтан, оны қайтадан
қайталау қиынға соғады. Қарапайым адамдар күнделікті
анекдоттар мен қалжыңдарға үйренгендіктен, олар үшін біздің
қарамағымыздағы адамдар өте қатал болып көрінуі таңданарлық
жайт емес.
Креативтілік.
Бұл барлық зерттеу жүргізілгендерге және
сол зерттеудің нысанасына айналған индивидтерге тән әмбебап
сипаттама. Бұл адамдардың барлығы өздерінің шығармашылық
қабілеттерін көрсете білді. Ғұламалар біз түсіне
алмайтын
нәрселерде ерекшеліктерімен танылатынын жоққа шығару қиын.
Біз бұл дарынды осы жерде сөз қылмаймыз, өйткені олар психи-
калық денсаулық немесе базалық қажеттіліктерді қанағаттанды-
руға тәуелді емес. Өзін-өзі кемелдендіретін индивидтердің креа-
тивтілігі – сірә, кішкентай балалардың аңғал әмбебап креатив-
тілігіне жақындау. Осылай адам табиғатының іргелі қасиеті –
туғанда берілген әлеуеті көрінеді деуге болады. Көп адамдар бұл
қасиетті мәдениетпен жолыққанда жоғалтады,
бірақ жеке
индивидтер бұл қасиетті сақтап қалуға немесе жоғалтқанда қайта
иемденуге қабілетті болады. Сантайана мұны екінші аңқаулық
деп атайды, бізге осы термин аса дұрыс көрінеді.
Біздің қарамағымыздағы адамдарымыздың креативтілігі
міндетті түрде
жазу формасында, музыкалық немесе көркем
шығармалар жазуда, ішінара анағұрлым қарапайым формада ғана
білініп қоймайды...
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар неғұрлым аяқастылау,
табиғилау адам қалпын сақтайды...
Достарыңызбен бөлісу: