Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет17/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

қолында
 
қару 
болмай, өзі шешім қабылдап, жауапкершілікті, өзін-өзі қадаға-
лау, өзінің істі атқара алуы. Біздің қарамағымыздағы адамдар өз 
өмірлерін өздері жасады, өздері шешім қабылдады және соған 
жауапты болды. Бұл байқалмайтын, бірақ маңызды қасиет. Олар 
маған бұрын да барлық адамзатқа қатысты деп ойлап жүрген 
әлсіздік пен кемшілікті көруге үйретті: көбінесе адамдар өздерін 
қоршағандардың ойына тәуелді, басқалардың пікіріне сүйеніп, 
жеке шешім қабылдай алмайды. Олар жауапты ересектерден 
гөрі, басқа біреудің қолындағы ойыншыққа ұқсайды. Сондықтан 
олардың өздерін біреуге тәуелді және көмексіз, әлсіз сезінуі 
таңырқарлық жайт емес. Саясат пен экономикада осындай жа-
уапкершіліктің болмауы неге әкелетіні белгілі, бұл – апат. Талдау 
еркіндігі бар демократиялық қоғам, өздері шешім қабылдап, жа-
уапкершілікте болатын тәуелсіз адамдардан тұруы керек. 
Кең ауқымды өткізілген эксперименттер
(Ash, 1956; 
McGleland, 1961, 1964; McGl el and Winter, 1969)
өздері шешім 
қабылдай алатын адамдар барлық адамдардың 5-30 %-ын құрай-
тынын көрсетті. Біздің қарамағымыздағы адамдардың 100 %-ы 
тәуелсіз адамдар... 
Автономия.
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдардың тағы бір 
ерекшелігі – олардың физикалық және әлеуметтік қоршаған-
дардан салыстырмалы тәуелсіздігі. Бұл адамдар өз қажеттілік-
терін қанағаттандыруда басқа адамдарды керек етпейді. Олардың 
өсуі мен тұлғалық дамуы негізінен олардың өз әлеуеттері мен 
ресурстарына ғана тәуелді болады. Ағашқа күн мен судың керек-
тігі сияқты, адамдардың барлығы махаббатқа, өздерінің базалық 


51 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға зәру. Егер бұл жағдайлардың 
барлығы сақталса, онда тұлғалық дамудың мәселесі, яғни өзін-өзі 
кемелдендіру басталады. 
Осындай қоршағандардан салыстырмалы тәуелсіздік өмір 
соқпағына, арманның орындалмауына табанды қарауға көмек-
теседі. Бұл адамдар жай адамдарды өлімге әкелетін жағдайларға 
мойынсұнбайды, бұл қасиет өзіндік жеткіліктілік деп аталады. 
Қанағат пен бақыт олар үшін енді әлеуметтік категория емес, 
ол олардың өздерінде қалыптасқан. Өзін-өзі кемелдендіретін 
адамдар жетерліктей күш жинақтаған және тіпті өздері қорша-
ғандардың қолпаштауынан да тәуелсіз. Марапаттау, қоғамдық 
қызметі, танымалдылық, махаббат олар үшін өсу мен дамуынан 
анағұрлым маңызсыз болады. Махаббат пен сыйластыққа тәуелді 
болмаудың басты амалы – өткен махаббат пен сыйластықты 
жеткілікті түрде бастан өткізу екенін есте сақтау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет