Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет13/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Шындықты қабылдау.
Бұл қасиет бәрінен бұрын өтірік
пен арамзалықты анықтай білу, басқа адамдар туралы дұрыс 
тұжырым жасай білу қабілетінен көрінеді. Колледж студентте- 
ріне жасалған бейресми зерттеуде қауіп-қауіпсіздік тесті (S-I)
 


45 
(Maslow, 1952
) жоғары бағалары бар, яғни сенімсіз студенттерге 
қарағанда неғұрлым байсалды және өз-өзіне сенімді инди- 
видтер өз оқытушылары туралы ойларын анағұрлым дәлірек 
айтты. 
Зерттеу барысында басқалар туралы өз ойын дұрыс жеткізе 
алу қабілеті өмірдің бар салаларында да: өнерде, музыка, ин-
теллект саласы, ғылыми сұрақтарда, саясатта және қоғамдық 
істерде көрінетіні анықталды. Өзін-өзі кемелдендіретін индивид-
тер басқаларға көрінбейтін үрдістер мен заңдылықтарды байқай 
алады. Сол арқылы олардың қолында бар факторларға сүйеніп, 
болашаққа жасаған тұжырымдары көбінесе іске асып отырды. 
Өйткені олар ниеттерге, қорқыныш, уайымға салынбаған немесе 
мінез-құлық ерекшеліктеріне, мысалы, оптимизм немесе торы-
ғушылыққа (пессимизм) тәуелді емес. 
Басында біз бұл қасиетті тура тұжырым деп түсіндік, оған 
нақты емес, бұлыңғыр анықтама бердік. Бірақ бұл пікірлер жиын-
тығы емес, дүниеде бар заттарды қабылдау екені бірнеше себеп-
терге байланысты анықталды. Бұл қорытынды немесе болжамды 
кейін эксперименттік зерттеулер арқылы тексеру мүмкін болар 
деген үміттеміз. 
Егер бұл пікір дәлелденсе, мұндай фактінің мағынасы өте 
құнды болар еді. Ағылшын психоаналитигі Мани-Керлдің 
(1944)
ойынша, неврозбен ауыратын адамдар өз өмір әрекетінде тек
 
салыстырмалы
емес,
 мүлдем
тиімсіз өмір сүреді, олар сау адамдар 
сияқты шындықты дұрыс қабылдай алмайды. Невроз – эмоция-
лық бұзылу емес, ол когнитивтік
 зақымдану!
Егер сау адамдар мен 
невротиктер арасындағы ерекшеліктер шындықты қабылдауға 
байланысты болса, онда фактілер және өмірлік құндылықтар 
туралы ойларға байланысты проблемалар бар екені анық 
көрінеді. Бұл мәселемен таныс адамдар үшін бұдан өмір 
құндылықтары, яғни этика, әлеуметтік қатынастар, саясат, дін, 
т.б. туралы арнайы ғылым жасауға болатыны анық... 
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар жаңаның, ерекшенің және 
жалпының ішінен нақтыны өте тез ажырата алады. Сонымен, 
олар қоршаған адамдардан гөрі шынайы өмірде өмір сүреді, 
күтінулер мен стереотиптерді шындықтың
 
орнына қабылдамай-
ды. Яғни өзі-өзі кемелдендіретін адамдар шындықты өздерінің 
армандарымен, қорқыныштарымен, өздерінің теориялары және 


46 
тұжырымдарымен шатастырмайды. Герберт Рид бұл қасиетті 
«кіршіксіз көзқарас» (
innocenteye
) деп тура атады. 
Біздің қарамағымыздағы сау адамдар белгісіздіктен қорық-
пайды және сол қасиетімен басқа адамдардан ерекшеленеді; 
белгісіздік оларды тартады; бұл аспектілер оларға тартымды 
болады. Эйнштейннің айтып кеткен сөзі бар: «Күйзелістердің ең 
кереметі – құпиялық. Ол барлық өнер мен ғылым түрлерінің 
бастауы болады». 
Өзіндік кемелденетін адамдар, әдетте, интеллектілік әре-
кетпен айналысады; бұл ғалымдар, зерттеушілер, сондықтан бұл 
жерде маңыздысы интеллектілік күш деп бекітуге болады. 
Сау адамдар белгісіздіктен қорықпайтындықтан, олар зират 
жанынан өткенде өз күштерін аруақтармен күресуге жұмсамайды 
немесе елесте жүрген қауіптерден сақтанбайды. Бұл адамдар 
белгісіздіктен бас тартып, одан қашпайды. Олардың таныс 
заттарға әуестігі болмайды. 
Осылайша, дұрыс шешім қабылдауды кейінге қалдыру көп 
адамдарға жағымсыз болса, ал кейбір адамдар бұны психология-
лық төмендеу емес, керісінше, жоғарылау деп түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет