44
Өзін-өзі кемелдендірген екі тарихи тұлға (Линкольн өмірінің
соңғы жылдарында және Томас Джефферсон).
Жоғары деңгейде өзін-өзі кемелдендірген жеті тарихи тұлға
және қоғам қайраткерлері (Альберт
Эйнштейн, Элеонора
Рузвельт, Джейн Аддамс,
Уильям Джеймс, Альберт Швейцер,
Альдус Хаксли және Бенедикт де Спиноза).
ЖАРТЫЛАЙ КЕЛЕТІНДЕР: осы кезеңнің бес адамы, олар-
дың бірнеше кемшіліктері болса да, зерттеуге қатыстыруға болады.
Мәліметтерді жинақтау және көрсету.
Мұнда көрсетілген
мәліметтер нақты және анықталған факторлар тізімі емес, жай
ауысып жатқан
тұтастай әсерлердің бейнесі, олар біздің доста-
рымызбен және таныстарымызбен қатынаста қалыптасады. Ере-
сек адамдарға әр түрлі жағдайлар жасауға,
бағытталған сұрақ
қоюға немесе тест жүргізуге мүмкіндік болмады (мұның бәрі
жастар арасында ғана мүмкін болды және жүргізілді де). Қаты-
настар көбінесе қысқа мерзімді және қоғамдық мерекелерде жа-
салды. Мүмкіндігінше зерттеуге қатысатын адамдардың туыс-
қандары мен жақын достарына да сұрақтар қойылды.
Жоғарыда айтылып кеткен ойларға байланысты және қаты-
сушылар туралы толық мәлімет болмағандықтан,
алынған
нәтижелерді сан жүзінде ұсынуға мүмкіндік болмады, сондықтан
тек жалпы әсерлерге сүйенуге тура келеді.
Бақылаулар нәтижелері
Жалпы әсерлерді холистикалық талдау үдерісінде өзін-өзі
кемелдендіретін адамдардың әрі қарай клиникалық және экспе-
рименттік зерттеулер жүргізу үшін
төмендегідей сипаттамала-
рын бөліп алуға болады: шындықты қабылдау, аяқастылық,
мәселелерге
тура қарау, жалғыздыққа құмарлық, автономия,
қабылдаудың жаңашылдығы, күйзелістер шыңы, адам туыстығы,
сыпайылық пен қоршағандарды сыйлау, этика, мақсаттары мен
құралдары,
қалжың сезімінің болуы, құндылықтар мен қарама-
қайшылықтың шешілуі, креативтілік, мәдени нормаларға кіруге
қарсылық, кемшіліктер, жеке тұлғалық қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: