Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет15/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Аяқастылық
. Өзін-өзі кемелдендіретін адамдарға аяқасты-
лық тән, ал олардың ішкі көріністері, ойлары одан да асқан 
аяқастылықпен ерекшеленеді. Олардың мінез-құлықтарында 
ешқандай көзге түсерліктей қылықтар жоқ, өздерін табиғи түрде 
ұстайды. Егер өзін-өзі кемелдендіретін адамдар ерекше қылық-
тармен көрінген кездерін санайтын болсақ, онда ол санаулы-ақ. 
Олардың мінез-құлқының басқалардан ерекшелігі ішкі себептер
аяқастылық, табиғи ұмтылыстары мен ой-пікірлеріне байланыс-
ты болады. Оларды қоршаған ортадағылар түсінбейтінін сезсе де, 
олар басқаларға зиян келтірмеуге тырысады... 
Сонымен, мұндай адамдар керек кезде маңызды да қажет істі 
атқару үшін адамдар арасында қабылданған барлық ережелерден 
бас тартуға бара алады. Өз мінездерін қадағалауға міндетті кезде 
біздің қарамағымыздағы адамдар өздерін еркін ұстай алатын 
қоғамды қалайды... 


48 
Оқырманда бұл адамдар өз сезімдерін жасырады деген ой 
туындамауы керек. Олар басқа біреулерді оқыту, үйрету немесе 
басқа адамдарды қорғауға тырысады. Мұндай жағдайда, менің 
байқауымша, адамдар өз сөздері мен қылықтары үшін өздерін 
кінәлі санамайды. 
Шындықты мойындау – ол кішкентай бала мен жануарларға 
тән. Мұндай қабілеттер туралы Фроммның көзқарасын клиника-
лық зерттеулер анық дәлелдеді. Жақсы бейімделген адамдар 
өзінің кім, оған не керек және ол не ойлайды деген сұрақтар 
туралы ойлана бермейді. 
Мұндай бақылаулар өзін-өзі кемелдендіретін адамдар мен 
басқа индивидтер арасындағы айрықша ерекшелікті ашуға кө-
мектесті, мәселен, өзін-өзі кемелдендіретін адамдардың моти-
вациялық сферасы тек сандық емес, сонымен бірге сапалық 
тұрғыдан да ерекшеленеді. Осындай адамдар үшін мотивация-
ның жаңа психологиясын, дәлірек айтсақ, мотивация немесе кей-
бір кемшіліктерді жою емес, жеке тұлғалық өсіп-даму мотива-
циясын ұсыну керек шығар. 
Мүмкін, өмір сүру мен осы өмірді сүруге дайындық арасын 
шектейтін сызық жүргізерміз. Біздің қарамағымыздағы адамдар 
күреспейді, олар өздерін жақсартуға тырысады. Әдеттегі адамдар 
өзінің базалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Ал 
өзін-өзі кемелдендіретін адамдардың қанағаттандырылмаған 
базалық қажеттіліктері болмайды. Олар да жұмыс істейді, күре-
седі. Тек олар үшін мотивация жеке тұлғалық өсу, өзін көрсете 
білу, даму, бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі кемелдендіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет