Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет16/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Проблемаға үңілу.
Сөз болып отырған адамдар өздерінің 
назарларын әдетте сыртқы мәселелерге аударады. Қазіргі терми-
нология бойынша, олар Эго-ға қарағанда, проблемаға үңіледі. 
Олар өздері проблемалы емес, сондықтан өздері үшін онша қам 
жемейді. Өзін-өзі кемелдендіретін адамдардың бұл өмірде 
қандай да бір қызметі бар, олар белгілі бір мақсатты ұстанады, 
белгілі бір сыртқы мәселені шешеді, сол нәрсеге көп уақытын 
және күшін жұмсайды. 
Бұл міндетті түрде олардың өздерінің алдына қойған мақ-
саты емес: шешілуін өздерінің міндеттері, парызы деп ойлай- 
тын басқа мәселе болуы мүмкін. Өзін-өзі кемелдендіретін 
адамдар өздерінің жеке пайдасын ойламайды, олар барлық 


49 
адамзатқа, халқына немесе отбасы мүшелеріне көмектескісі ке- 
леді. 
Мұндай адамдар көбінесе этикалық немесе философиялық 
деп аталатын базалық проблемалар мен мәңгілік мәселелерді 
шешумен айналысады. Бұндай адамдар аса кең көлемде өмір 
сүреді... Мысалы, өзін-өзі кемелдендіретін адамдар бойындағы 
ажырамас қасиетті бір жалпыланған терминмен
 ( ұ л ы л ық , к үйк і
тірліктің болмауы)
беруге болады. Көзқарасының кеңдігі, 
күйкі тірлік мәселелерінен жоғары тұру, кеңінен ойлаудың, 
бәлкім, әлеуметтік өзара қатынастар мен жеке тұлғааралық 
шешуші маңызы болар: осы қасиеттер арқылы өзін-өзі кемел-
дендіретін адамдардың ғана емес, қоршаған адамдардың да ты-
ныштық және сенім атмосферасы орнайды, оларда өмірін жеңіл-
дететін өтпелі мәселелерді жеңуге деген сенімділік пайда бо-
лады. 
Жалғыздыққа әуестік.
Барлық өзін-өзі кемелдендіретін 
адамдардың өздеріне ешбір зиянсыз жалғыздықта бола алары 
сөзсіз. Тіпті өзін-өзі кемелдендіретін адамдар қарапайым адам-
дардан гөрі жалғыздыққа әуес болады. 
Олар қоршағандардың дауылды сезімдерін туғызатынына еш 
қынжылмастан, «әскери әрекеттен» жеңіл ғана сырт қала алады. 
Сабырлылық пен тыныштықты сақтау олар үшін түк емес, 
сондықтан қарапайым адамдарға қарағанда өмір қиындықтары 
мен тағдырдың салғаны оларға ешқандай да өкініш әкелмейді. 
Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар өз абыройларын сақтай алады 
және ең қиын жағдайлардан да абыроймен шығады. 
Жағдайлардан бейтарап қала білу, оған сырттай қарау олар-
дың басқа қасиеттерімен де тығыз байланысты. Мұндай адам-
дарды әдеттегілермен салыстырғанда объективтілеу деуге бо-
лады. Олардың Эго-дан гөрі, проблемаларға үңілетіндігіне сенуге 
мүмкіндігіміз болды. Бұл қасиет олардың армандарымен, үміт-
терімен байланыста болғанда да көрінеді. Сонымен, бұлардың 
шоғырлануға қабілеттілігі жай адамдарға қарағанда басымдау. 
Бірақ бұл қасиеттің кері әсері бәрімізге мәлім алаңғасарлыққа, 
ұмытшақтығы қоршағандарға назар аудармауға әкеледі. Мысал 
ретінде, үрей мен уайым кезінде де олардың ұйқысы түзу, тәбеті 
жақсы, тіпті жымию, күле білу қасиеттерін жоғалтпайтынын 
айтуға болады. 


50 
Әлеуметтік қарым-қатынаста басқа адамдардан шеттеуі 
белгілі мәселелерді туғызады. «Қалыпты» адамдар бұны суық-
тық, достық қатынастың болмауы және тіпті қастық деп ойлауы 
мүмкін. Басқаларға қарағанда, оларда достық қарым-қатынас өте 
жақындықпен, өзара тәуелділікпен, жылылықпен, мақұлдау мен 
қолдауға қажеттілікпен сипатталады. Шынында, өзін-өзі кемел-
дендіретін адамдар қоршағандарға тәуелді емес. Бірақ айырылу-
ды уайымдау мен достық қарым-қатынасқа қажеттілік – әдеттегі 
достықтың құрамдасы достық қатынасты талап етушілікті қам-
тиды, сондықтан қоршағандарға мұндай шеттетілуді түсіну 
қиынға соғады. 
Автономияның басты қаруы – басқа біреудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет