52
әңгімелері осы тақырыпқа зейін аудартты, олар өздерінің жы-
ныстық өмірлеріндегі күйзелістерді
белгісіз терминдермен
сипаттады, ол терминді жазушылар өз шығармаларына қолда-
натынын мен кейін білдім. Осындай күйзелістерден кейін
адамдар өзгереді,
мықты болады, ол күнделікті өмірде де бай-
қалады.
Бұларды теологиялық және тым тылсым күйзелістерден
бөліп қарау аса маңызды, дегенмен олар бір-бірімен мыңдаған
жылдар бойы байланысты болып келді. Бұл күйзелістер
табиғи
жолмен пайда болады, яғни ғылыммен байланысты болғандық-
тан, мен оларды шыңына жеткен күйзелістер деп атадым.
Теологиялық әдебиетте мистикалық күйзелістер басқалар-
дан сапалы түрде ерекшеленеді деген пікір бар. Көп индивид-
терде әлсіз мистикалық күйзелістер болады, бірақ тек таңдаулы-
лары ғана оларды үнемі, тіпті күнде сезеді...
1935 жылы жүргізілген
зерттеулерден кейін, мен шыңына
жеткен күйзелістерді сезінген және сезінбеген адамдардың ара-
сындағы ерекшеліктеріне көп назар аудара бастадым. Сөз
олардың сандық ерекшеліктері туралы болмақ, дегенмен олар да
маңызды. Бұл тақырып менің бір жұмысымда толық қарасты-
рылады
(Maslow, 1969).
Өзін-өзі кемелдендіруші шыңына
жеткен күйзелістерді сезінбейтін
адамдар өмірді сол қалпында
қабылдайды. Ал қайғының ең ауырын өз басынан кешірген адам-
дар поэзияға, эстетикаға, символдарға, т.б. әуес болады.
Менің
ойымша, бұл әлеуметтік өмірге әсер ететін маңызды мінез-
құлықтық ерекшелік. «Сау» өзін-өзі кемелдендіретін күйзеліссіз
адамдар әлеуметтік әлемді жақсартуға тырысады: бұл саясаткер-
лер, реформаторлар, қоғам қайраткерлері. Ал күйзелістерді
сезінетіндер поэзия, музыка, дін
және философияға жақын тұ-
рады.
Достарыңызбен бөлісу: