Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет42/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

«Сұрақ – жауаппен қатынас»
Әр оқушыға бірден сұрақ дайындап, сабақ уақытында 
параққа жазу керектігі туралы тапсырма беріледі. Содан соң осы 
парақтар бір оқушыдан екіншісіне кезекпен беріліп отырады. 
Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы оқушының 
жазған жауабының астына жазады. Егер сұраққа жауап бергісі 
келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді. (Жауаптан 
соң оқушы өз аты-жөнін жазуға болады.)
«Елестету көрінісі» 
Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса елестетуге тырысыңыз. 
Егер мүмкіндік болса сурет, тірек сызба, сықақ ретінде қағазға 
түсіріңіз, суреттеріңізді қорғаңыз. 
6. Жаңа білімді және іс – әрекет амалдарын бекіту кезеңі
Кезеңнің білімділік міндеттері:
1. Өзіндік жұмыс жүргізуге қажетті оқушылардың білім 
мен іс-әрекет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету.
2. Бекіту барысында оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру 
деңгейінің жоғарылауына, түсінудің тереңдеуіне жағдай жасау.
3. Оқытылған материалды бекітуде оқушының жеке өзіндік 
тәсілдерін анықтауға жағдай жасау. 
4. Білімді бекітудегі жеке өзіндік әдістерді ескере отырып, 
оқытылған жаңа материалды бекітуді қамтамасыз ету.
Сабақ кезеңінің мазмұны:
1. Оқытылған танымдық объектілердегі мәнді белгілерді 
есте сақтау үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
2. Үлгі бойынша және өзгерген жағдайларда оқушылардың 
зерделенген әрекеттерін қолдануды қайта қарауды ұйымдастыру.
3. Жаңа материалды оқыту әдістерін бекіту.
4. Кезекті білім тексеру кезінде жауап беру жолдарын 
нақтылау.
5. Ережені қолданудың логикалық алгоритмін құру.
Білімділік міндеттердің орындалу көрсеткіштері:
1. Оқушылардың фактіні, түсініктерді, ережелер мен 
ұсыныстарды салыстыра білуі.


107
2. Оқыған танымдық объектіні оқушылардың қайта еске 
түсіру дағдысы.
3. Оқушылардың алгоритмдерді еске түсіруі, оларды 
стандарттық және өзгерген жағдайларда қолдана білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет