Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Оқудағы үлгермеушіліктің себептері



Pdf көрінісі
бет59/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

2.
Оқудағы үлгермеушіліктің себептері.
 
Зерттеу көрсеткендей, 


136
ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау кезінде оқушының оқуға 
деген қатынасы, қызығушылықтары, өзін бағалауы, танымдық 
қызығушылығының даму деңгейі, ақыл-ой еңбегіне негізделген 
жұмысқа қабілеттілігі, дағды, бейім, табандылық сияқты «жеке 
бас көрсеткіштерін» есепке алу керек. Оқудағы үлгермеудің 
түрлі себептері бар, сондықтан ақыл-ой дамуындағы артта 
қалушылық сипатына байланысты үлгермеушіліктің арнайы 
түрлері айқындалған.Үлгермеудің бастапқы түрі балада ерте 
жасынан, тіпті мектепке дейін басталады. Екіншісі баланың кіші 
мектеп жасынан тұрақты байқалады. Үшінші түрі бастауыш 
сатыдан орта буынға өту кезінде көрінеді.Үлгермеушілік кейде 
аяқ астынан басталса, кейде баяу, біртіндеп басталады. Мұғалім 
өзгерісті ерте байқап, баламен жұмыс кезінде жеке тәсілдерді 
қолданса, алдын алуға болады. З.И.Калмыкова еңбектерінде 
үлгермеушілердің негізгі екі түрін көрсетеді:
 
бірінші түрі

тәрбиеге көнбейтін, білімінде кемшілігі бар, бірақ оқуға 
қабілетті. Олардың оқуындағы үлгермеушілік әсіресе, орта 
буынға көшкенде айқын көрініп тұрады. Бұндай балалардың 
ақыл-ой қабілеті дамиды, бастауыш сыныпта аса күш жұмсамай 
оқыған. Нәтижесінде осындай балалар жалпы оқу, білім, білік 
дағдыларын меңгермейді, білімі жүйесіз, өзін бағалауы тым 
жоғары. Осы себептерге байланысты оқушы мен мұғалім арасында 
түсініспеушілік туындайды, оқуға деген ынтасы төмендейді, теріс 
көзқарас пайда болады. Бұндай балаларға дер кезінде қол ұшын 
берсе, оқу үлгерімін біршама түзеуге мүмкіндік бар.Баланың 
өз ынтасы болмаса, қаншалықты қатаң бақылауға алғанымен 
оқу үлгерімі түзелмейді.
 
Екінші түрі
 
бірнеше топқа бөлінеді. Бірінші топқа ерте 
жастан бастап тәрбиеге көнбейтін балалар жатады. Мұндай 
балалардың ішінде балалар үйінде тәрбиеленушілерді жиі 
кездестіруге болады. Осы топқа жататын балалар ерте жасынан 
бастап үлкендердің қолдауы мен көмегіне мұқтаж. Балаға
жеткілікті көңіл бөлінбеген, жағдайда бала интеллектісі 
баяулайды. Ұзақ уақыт бойы ойынға да қосылмайды. Еш 
мағынасы жоқ іспен айналысып отыра беруі де ықтимал. 
Мектеп жасына жақындаса да бала сурет салуды да, қиялдап 
ойнауды да білмейді, сөйлесу тілі өте жұтаң. Қатарластарымен 
қарым-қатынаста баяу қимылдайды, ойын кезінде орындаушы 
қызметін атқарады. Немесе ойыннан тыс қалады. Осы типтес 


137
балалар өз жас ерекшелігіне байланысты дамуға сәйкес келмейді. 
6-7жастағы бала 3 жастағы баланың дамуына шамалас келеді. 
Түсініктері толық қалыптаспаған, ең маңыздысын біліп көрсете 
алмайды, түстерді ажырата алмайды, өзіне таңсықтарды жіктеп 
бере алмайды, мұндай балалар мектепте бірден үлгермеушілік 
қатарына кіреді. Мұғалім осындай типтегі балалармен табандылық 
көрсетіп, жеке жұмыс істесе, даму бірден алға басады. Ерте 
жастан түзет у жұмыстары жүрмеген кезде мұндай балалардың 
дамуында артта қалушылық байқалып, алға басушылық тіпті 
мүмкін болмайды.
Екінші топқа оқу үлгерімі төмен оқушы-практиктер жатады. 
Бұл балалар табиғатынан нақты түсініктері бар, санасында көрген 
дүниесі сақталған, бірақ ойын ауызша жеткізуге шорқақтау.
Абстрактілі ойлауы жеткілікті деңгейде дамыған, алайда оларды 
оқыту барысында үнемі көрнекі құралдарды пайдалануды талап 
етеді. Жаңа ұғымды таныстырғанда бұрыннан меңгерілген 
білімді негіз қылу қажет. Жаңаны тану міндетті түрде нақтыдан 
абстрактілі ұғымға өту арқылы жүзеге асырылады.
Олар суретті жақсы салуы мүмкін, бірақ абстрактілі ойлау 
артта қалған, сол себепті мұндай оқушылар оқу үлгерімінде 
көбінесе төмен болып жатады.
Мұндай балаларға психикасын есепке ала отырып, жеткілікті 
көңіл бөлінсе, барлық кемшіліктерді жеңуге болады.
Үшінші топқа оқу үлгерімі төмен, психикалық дамуы кешігіп 
жетілген, жүйке-жүйесі түрлі ауытқуларға ұшыраған бала жатады. 
Мұндай балалардан жоғарғы деңгейдегі қалжырап-шаршау мен 
көңілін бір іске ұзақ тұрақтандыра алмау, мен ақыл-ойдың 
нақты болмауы мен тұрақсыздығы байқалады. Мұндай балалар 
әлеуметтік селқос. бейнелі ойлауы баяу дамиды. 
Оқушылардың ақыл-ой дамуындағы кемістік мектептегі 
оқу кезінде балабақша тәрбиешісімен, ата-анамен әңгімелесу 
барысында, дефектологтың тексеруі кезінде анықталады. Алайда 
баяу даму кезінде кемістік бірден байқалмайды, тіпті бірінші 
сыныптың соңында ғана анықталуы мүмкін. Мұғалім кемістікті 
байқасымен, тек бақылау жүргізу аздық етеді. Ақыл-ой дамуының 
диагностикасын жүргізуге жеңілдеу эксперимент әдістемесін 
қолдану көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет