Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет48/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

«Мергенбайдың әйелі белді 
бекем буып, «сен араласпа, баймен не болса да мен өзім сөйлесем» – деп бай 
үйіне келіпті. 
— Мергенбай айықпас ауруға шалдықты. Айтуға аузым бармайды. Бақсы-
балгер, құшынаштар Тасты өзенге апармасаң адам болмайды дейді. Малшы-
жалшыңды тауып ал бай-еке. Біз таңнан қозғаламыз. Тез кетпесек, тез 
жұғатын 
індет 
бәріңді 
де 
былғайды, 

депті 
байға 
әйел. 
Үрейі ұшқан бай «Алдарыңнан жарылқасын» – деп он тоғыз жылғы еңбегіне 
батасын беріп тез құтылуға асығыпты»
(«Пиғылсыз байдың сазайы» 
ертегісі). Көріп отырғанымыздай, берілген мәнмәтіннен бай мен оның 
жалшысы 
арасындағы 
қарым-қатынас 
стратегиясының 
бірнеше 
ерекшеліктерін байқауға болады: бай жалшысының тоғыз жылғы еңбегін 
бермей, оның орнына бата бергенін және ол батаның шын көңілмен емес, 
жалшыдан тезірек құтылу мақсатында берілгенін, Мергенбайдың науқасы 
жұғып кетер деген қорқынышын аңғартып тұр. Ертегі дискурсында ақ 
тілекпен бата беруден гөрі бата сұрау, бата тілеу жағдаяттары жиі кездеседі. 
Мысалы, 
«Баяухан: «Қой, мен қайда барсам да, не істесем де абыздан рұқсат 
алушы едім ғой. Қате болған екен, абыздан ақыл алып, бата алмай кеткенім», 
– деп әскерін сол араға қалдырып, бас уәзір екеуі абызға келіпті.
Абыз: – Уа, ұлым, қайда аттандың? – деп сұрапты. Баяухан: – Уа, баба, 
сізден бата ала кеткелі келдім. Жер қайысқан қол жиып, дүниеге тиыштық, 
әділдік орнатқалы аттандым, – дейді»
(«Ай астындағы Айбарша сұлу» 
ертегісі). Бұл мысалдардың біріншісінде қазақ тілінде сөйлеуші реципиент үшін 
ақсақалдың батасын алу, сыпайы сөйлесу, алғыс алу - мерейлі, мәртебелі іс, 
қоғамда белгілі бір қалыптасқан дәстүріміздегі үлкенді сыйлау, кішіге құрмет 
жасау, қонаққа шақыру, бата алу сияқты әдеп ережелері тұрғанын бірден 
түсінеді. Екінші мысалда абыздан бата алу алдағы аттанғалы тұрған сапарына 
сәттілік тілеуден туған түсінік деп қабылдаймыз. Бұл туралы Б. Уахатов былай 
деп жазады: «...бұл да қазақтың ескілікті әдет-ғұрпынан туған, батагөй 
қариялар айтатын сөз өнерінің бір түрі. Адам бойына жабысқан әр түрлі ауру-
сырқауды сиқырлы сөзбен қуып, аластауға болады деп сенген халық, бір 
замандарда, бақ пен дәулетті де, бас амандығы мен байлықты да ақ тілеу айтып, 
бата беру арқылы дарытуға болады деп түсінген. Жарылқаймын десе де, 
жабырқаймын десе де Қыдыр атаның еркі біледі деп есептеген. Бата қалың 
нөпір ел бас қосқан жиындардың, тойлардың, астардың соңында айтылады» 
[127, 81]. 


89 
Ертегі дискурсындағы ертегіші мен тыңдарманның арасындағы қарым-
қатынас стратегиясында бата-тілектермен қатар қарғыс мәнін білдіретін сөздер 
мен сөз тіркестерінің кездесетіні байқалады. Қарғыстардың да шығу тарихы 
алғыстар секілді көнеден келе жатқандығы ертегі дискурсында анық 
байқалады. «Мұның себебін адам психологиясының қуану мен ренжу сияқты 
көңіл-күйлері кезектесіп отыратындықтан, алғыс пен қарғыс, оң бата мен теріс 
бата да жағдаятқа байланысты айтылып отырған» деп түсіндіреді ғалым
Г. Смағұлова [128, 21]. Қарғыс пен алғыстың шығу тегінің өте ертеде екенін 
айта келіп, Ә. Болғанбаев былай дейді: «Бұлардың негізгі идеялары көбіне діни 
ұғымдармен тығыз байланысты. Кісінің аузынан шыққан алғысы мен қарғысы 
арқылы адам баласының, жан-жануарлардың өмір тіршілігін оңайлатуға немесе 
қиындатуға, ұзартуға болады деген теріс ұғымнан келіп туған» [129, 117-121]. 
Сөздердің мұндай тобы мазмұны жағынан этностың менталды дүниесіне тән 
тілдік және тілден тысқары білімдер жүйесінің бар екенін көрсетеді. Бұған 
дәлел ретінде ертегі дискурсында кездесетін қарғыс мәнді сөздерді айтуға 
болады. Мысалы, 
Кемпір Төстікті бұрынғыдан да жаман қарғап-сілейді: 
- Қыршыныңнан қиылғыр, Төстік! Менің жалғыз балама әлің жеткенше, 
айдалада тентіреп өлген сегіз ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай 
ма? -дейді. 
- «Алда ғана шешек-ай! Өрмегімді үзіп кеттің-ау! Ертеден қара кешке 
дейін бүйтіп жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп кеткен сегіз ағаңды 
тауып алмайсың ба?» - деп қарғап-сілейді 
(«Ер Төстік» ертегісі»), 
Кешке 
жақын өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар суға түспейді. Кендебай
ашуланып кетіп, сиырларды сирағынан ұстап алып, бір-бірлеп лақтыра 
бастайды. Лақтырған сиырлар өзеннің ортасындағы аралға томпылдап 
түсіп жатады. Сол кезде ханның кіші қызы судың арғы жиегінде көріп тұр 
екен. 
- Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Неге күндегідей: «Айрылғырдың 
суы, айрыл!» деп айтпайсың?- деп айғай салады. Кендебай: «Айырылғырдың 
суы, айырыл» - деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан жол ашылады 
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі). Мұндай сөздерді ұғыну үшін тек қана 
белгілі бір дәрежедегі аялық білімі ғана емес, қазақи ұғымы да болу керек. 
Белгілі ғалым Н.Уәли: «Сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты көздемейді, 
сонымен қатар толып жатқан тілдік амал-тәсілдердің ішінен мағына, стильдік 
жағынан аса дәл, бедерлі, ұтымды түрін талғау дегенге саяды»,— деген пікір 
айтады [130, 362]. Орыс ертегі дискурсында көңілі толмау мағынасын беруде 
кемсіту, мұқату мәнді білдіретін теңеу сөздер қолданылады. Оларды төмендегі 
мысалдан көреміз:
« 
– Эх ты, старая хрычовка! «Экое диво! -подумал солдат. 
Подходит к этой горе и видит – три черта дерутся, кровь с них так и 
льется, клочья так и летят! 
– Стойте, окаянные! За что вы деретесь? 
– Да, вишь, третьего дня помер у нас отец, и остались после него три 
чудные вещи: ковер-самолет, сапоги-скороходы да шапка-невидимка, так мы 
поделить не можем. 


90 
– Эх вы, проклятые! Из таких пустяков бой затеяли. Хотите, я вас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет