129
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу жұмысында қазақ, орыс және араб ертегі дискурсының
лингвомәдени өлшемдерін анықтауға ұмтылыс жасалды. Зерттеу материалы
ретінде алынып отырған үш тілдің ертегі материалдары, мәтін лингвистикасы,
фольклортану, әдебиеттану ғылымдары аясында жеткілікті зерттелгенімен,
дискурс теориясы шеңберінде салғастырмалы аспектіде зерттеу әлі де болса
толықтыруды қажет етеді. Әсіресе, бұл зерттеу тіл білімінің антропоөзектік
парадигмасы ұсынған көзқарастар мен принциптер тұрғысынан алғанда өзекті
болып отыр. Өйткені тілді белгілі бір ұлттың мәдениетімен байланыста
қарастыру сол халықтың дүние бейнесі туралы ақпарат береді. Ертегі дискурсы
ұлттың ғасырлар бойы қоршаған дүниемен қарым-қатынасы негізінде
қалыптасқан дүниетанымдық түсініктерінің тілдегі көрінісі.
Ертегі дискурсы деп ертегі мәтінінде берілген коммуникативтік үдерісті
түсінеміз, біздің зерттеу нысанымызға қатысты оның нәтижесі қазақ, орыс және
араб лингвомәдениетіндегі жағдаяттардан көрінеді. Ертегі дискурсының
лингвомәдени өлшемдерін анықтау үшін қазақ, орыс және араб ертегілік
категориясын
анықтап,
олардың
аталған
лингвомәдениеттерге
тән
ерекшеліктерін айқындауды мақсат еттік.
Қоғамдық және әлеуметтік қажеттіліктермен ертегі дискурсының
маңыздылығы арта түседі. Біз зерттеуімізде ұлттың өмір сүру салты мен
тарихи-әлеуметтік дамуын тұрмыстық деректердің ойлау процесіне және
ұлттық тілді қалыптастыруға тікелей қатысы барлығы анықталып, ертегі
дискурсын ерекше мәдени қабат деп тануға болатындығын дәйектедік. Одан әрі
қорытындылап берсек, ертегі дискурсын халықтың барлық әлеуметтік
қабатындағы ұжымдық тілдік санадағы күрделі лингвомәдени құбылыс деуге
негіз бар.
Ұлттың сөйлеу тілі белгілі бір этностың қарым-қатынас сипатын бекітеді,
әдептің қалыпқа түскен үлгісін және ұлттық сөйлеу мәнерін айшықтайды.
Ертегі дискурсында ойды жеткізу, әңгімелеу әрекеті кезінде адресант санадағы
ақпаратын кейде ашық (эксплицитті), кейде тұспалды түрде (имплицитті) беруі
ықтимал. Сол себепті де дискурс белгілі бір халықтың ұлттық
айырмашылықтарына бағытталған күрделі құрылым болып табылады.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемінің қарым-қатынас стратегиясы
сөйлеушілердің сөйлеу мәнерінің ерекшелігінен, ұлттық сөйлеу әдебінен,
сөйлеудегі сыпайылық пен сөз мәдениетінен, сөйлеуде қалыптасқан
стереотипті формалардан көрінетіндігі анықталды. Сөйлеуші мен тыңдаушы
арасындағы дискурс орын алу үшін ұлттық сөйлеу әдебі ерекшеліктеріне назар
аударудың маңызы зор.
Ертегі
дискурсының
лингвомәдени
өлшемдерінің
когнитивтік-
коммуникативтік деңгейі екі аспектіде қарастырылады: коммуникативтік
(дискурс – экстралингвистикалық факторлардың маңыздылығын өзектейтін
әлеуметтік әрекет) және когнитивтік (дискурс – сана механизмі). Ертегідегі
дискурстық әрекетке когнитивтік сипат тән, ол ақпаратты өңдеу мен білімді
тасымалдаумен байланысты анықталады. Сөйлеуші өзінің тілдік білімі мен
130
нақты жағдаятқа сәйкес қажетті тілдік бірліктерді қарым-қатынас ережесіне
сай таңдайды, сөйтіп дискурсқа түседі. Тыңдаушы өзінде бар білім мен
дискурстық тәжірибеге сай ақпаратты қабылдайды. Дискурсқа түсу үшін
қарым-қатынас актісінде қандай тілдік құрылымдар таңдап алынады деген
мәселе дискурстық әрекеттің когнитивтік аспектісін құрайды және сол тілдік
құрылымдар қандай түрде қолданылады деген сұрақ дискурстық әрекеттің
коммуникативтік аспектісін анықтайды.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін салғастырмалы талдау
нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1) Зерттеу барысында отандық және шетелдік дискурс теориясын зерттеуші
ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, «дискурс» терминіне берілген
анықтамалар талданып, нәтижесінде «дискурс» ұғымына анықтама берілді.
2) Шетелдік және отандық ертегі дискурсын зерттеуші ғалымдардың еңбектері
жеке-жеке зерделеніп, «ертегі дискурсы» терминіне анықтама ұсынылды.
3) Мәтін
лингвистикасы,
дискурс
теориясы,
фольклортану,
лингвофольклористика аясында жүргізілген зерттеулерді қарастыра отырып,
ертегі дискурсы жанрын басқа дискурс жанрынан ажырататын белгілер
анықталды.
4) Ертегі дискурсын зерттеуші ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала
отырып, ертегі дискурсының жанр құраушы бірлігі ретінде ертегілік
категориясы алынды.
5) Зерттеу барысында ертегі дискурсының астырт және үстірт құрылымдары
анықталып, астырт құрылымда ертегі дискурсының барлық құндылығы
жататыны анықталды. Ертегі тыңдарманының сол астырт құрылымдағы мәдени
мәнді ұғынуы дискурстың орын алуының басты алғышарты болып саналады.
6) Ғылыми зерттеу барысында ертегі дискурсының үш лингвомәдени өлшемі
анықталды
(тілдік,
қарым-қатынас
стратегиясы,
когнитивтік-
коммуникативтік). Аталған өлшемдер қазақ, орыс және араб қиял-ғажайып
ертегілері материалдары бойынша зерттелді, мысалдармен дәлелденді.
7) Зерттеу материалдарын талдау кез келген ұлттың тілдік санасы оның дүние
туралы білімімен, мәдениетімен, әлеуметтік ортасымен, діні, ділі, салт-
дәстүрімен байланысты дамып, оның өзіне ғана тән коммуникативтік сөйлеу
мінез-құлықтарын қалыптастырады, нәтижесінде әр ұлтқа тән ұлттық мінез
қалыптасады деп тұжырым жасауға жетелейді.
8) Зерттеу нәтижесінде ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін
салғастырмалы талдау әдістемесі жасалып, ертегі дискурсын дискурстық-
лингвомәдени салғастырмалы талдау үлгісі ұсынылды.
9) Қазақ, орыс және араб ертегі дискурсын салғастырмалы талдау ертегі
дискурсының жанрына тән әмбебап белгілер мен зерттеу нысанына алынып
отырған лингвомәдени қауымдастықтардың тілдік дүние бейнесі мен діліне,
тілдік санасына тән ұлттық ерекшеліктер болатынын анықтауға мүмкіндік
берді.
10) Зерттеу барысында ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің
ауызша дискурста қабылдануы мен қайта түзілуін анықтауға арналған
эксперимент жүргізіліп, нәтижелері талданып, қорытынды жасалды.
131
Эксперимент нәтижесі бойынша оқушылардың ауызша дискурсында жіберілген
лексика-грамматикалық, логикалық қателерге қарамастан, ауызша дискурс
орын алды деп тұжырымдаймыз. Себебі ертегі дискурсының ауызша
қабылдануы мен қайта түзілуінің шығармашылық сипаты басым және
оқушылардың тыңдалған ертегі мәтініне тәуелсіз жалпы білімдерінің алатын
орны ерекше. Эксперимент нәтижелерін талдау қала және ауыл мектептері
оқушыларының танымында ертегі дискурсының қабылдануы мен оның қайта
түзілуінде айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Қала мектебі оқушылары
жіберген қателіктердің басым көпшілігі олардың санасында тиісті білімдер мен
ақпараттардың болмауынан туындағанын байқатты. Ертегі дискурсында
кездескен кейбір тілдік құрылымдарға ұқсас үлгілердің жадта болмауы
себебінен ертегі дискурсын қайта түзуде кейбір ақпараттар кодталмады. Ауыл
мектептері оқушыларының ертегі дискурсын қабылдауы мен қайта түзуі қала
мектептері оқушыларына қарағанда біршама қалыптасқандығын көрсетті.
Мұның себебі ауыл оқушысының күнделікті тұрмыста көрген-түйгенін ертегі
мәтініндегі таныс жағдаяттармен салыстыру арқылы қайта түзуге бейім екенін
дәлелдеді.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің семантикалық белгілері
астырт құрылымнан анық көрінеді. Әсіресе, мәдени код, мәдени маркерлер,
символдарда ұлттық семантикалық мағына жатады. Қазақ ертегі дискурсының
араб және орыс ертегі дискурсынан ерекшелігі ұлттық мәдениетті бейнелейтін
мәдени кодтардың көп қолданылуынан көрінеді.
Отау тігу, түтін түтету,
шаңырақ көтеру, қыл бұрау салу, жеті ата, козыкөш жер, ет асымдай уақыт
т.б. Ертегі дискурсы орын алу үшін осындай дүниелік білімдер тыңдарманның
санасында болуы шарт. Болмаған жағдайда қарым-қатынас сәтсіздігіне
ұшырайды.
Зерттеу жұмысының
Достарыңызбен бөлісу: |