Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Салық элементтеріне жатпайтын нұсқаны таңдаңыз?



Pdf көрінісі
бет100/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

27. Салық элементтеріне жатпайтын нұсқаны таңдаңыз?
а) салық объектісі
ə) салық субъектісі 
б) салық жеңілдіктері
в) салық ауыртпашылықтары
28. Экономика тепе-теңдік жағдайда деп ұйғарайық. Бұл жер-
де жинақтауға шекті бейімділік 0,25-ке тең. Импорттауға шекті 
бейімділік 0-ге тең. Егер үкімет салықтық түсімдерді өзгертпей 
мемлекеттік шығындарды 2 млрд. теңгеге арттырса, онда өндірістің 
тепе-теңдік деңгейі қалай өзгереді?
а) 6 млрд. теңгеге өседі
ə) 4 млрд. теңгеге өседі 
б) 2 млрд. теңгеге өседі
в) 8 млрд. теңгеге өседі
29. Мемлекеттік бюджет тапшылығының осы уақытқа дейін 
жиналып келген жиынтық сомасы:
а) тікелей салықтар
ə) мемлекеттік қарыз
б) мемлекеттік несие
в) мемлекеттік шығындар
30. Салықтардың жоғарылауынан: 
а) еңбек ұсынысы төмендейді
ə) жинақтау мөлшері төмендейді
б) салықтық түсімдердің көлемі төмендейді
в) аталғандардың барлығы дұрыс


142
6-тақырып.
АҚША НАРЫҒЫ ЖƏНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Мақсаты: 
ақша рөлінің жəне макроэкономикалық қызмет-
терінің мəнін ашу, ақшаға сұраныстың негізгі теорияларын тал-
қылау, ақша ұсынысы, ақша мультипликаторы, ақша базасы 
сияқты мəселелерді қарастыру, Ақша нарығының тепе-теңдігін 
қарастыру. Ол үшін дəрістің төмендегідей сұрақтарын талқылау 
қажет.
Дəріс жоспары:
1. Ақшаның макроэкономикалық мəні, қызметтері, агрегат-
тары.
2. Ақшаға деген сұраныс жəне оның теориялары.
3. Ақша ұсынысы жəне ақша мультипликаторы. Ақша нары-
ғындағы тепе-теңдік.
Негізгі түсініктер: 
ақша; ақшаның қызметтері; ақша агре-
гаттары; атаулы пайыз мөлшерлемесі; нақты пайыз мөлшерлеме-
сі; нақты кассалық қалдықтар; ақшаның сандық теориясы; Фи-
шер теңдеуі; ақшаның бейтараптылығы; ақшаға деген сұраныс
ақшаға деген сұраныстың үлгілері; ақша ұсынысы; ақша на-
рығындағы тепе-теңдік; ақша базасы; ақша мультипликато-
ры; ақша ұсынысының қысқа жəне ұзақ мерзімдегі қисықтары 
жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет