Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет101/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Тақырыптың мазмұны. 
Ақшалар нарықтық экономикада аса маңызды элемент ретін-
де жұмыс істейді, ал ақша нарығы мен бағалы қағаздар қаржы 
нарығының құрамдас бөліктері ретінде игіліктер нарығы жəне 
еңбек нарықтарымен қатар, негізгі макроэкономикалық нарықтар 
болып табылады.
Ақшалар (ақша массасы) жəне бағалы қағаздар (ең алды-
мен, акциялар мен облигациялар) қоғамның қаржы активтерінің 
негізгі түрлері болып табылады.


143
Олай болса, макродеңгейде ақшаның түсінігі кеңейе түседі:
1) 
ақша
– бұл келісімдер үшін қолданыла алатын қаржы 
активтерінің түрі;
2) 
ақша
– бұл игіліктерді айырбастау кезінде жалпылама эк-
вивалент рөлін атқаратын ерекше тауар;
3) 
ақша
– бұл бағалардың тұрақты деңгейінде табыс əкел-
мейтін мүліктің ерекше түрі;
4) 
ақша
– бұл инфляциялық үдерістерді, циклдік толқуларды, 
экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар жəне ақша 
нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды 
макроэкономикалық категория.
Ақшаның негізгі қызметтері бар:
құн өлшеу құралы ретінде
– тауарлардың бағалар түріндегі 
құндарын өлшеу жəне салыстыру үшін қызмет атқарады
• айналым құралы немесе жалпылама айырбастау құралы 
ретінде
– айырбас кезінде делдалдық қызмет атқарады; 
• жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде
– болашақта са-
тып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады; 
• төлем құралы ретінде
– несиелік төлемдерді қайтару үшін 
қызмет атқарады; 
• əлемдік ақшалар ретінде
– əлемдік нарыққа қызмет көрсету 
үшін қолданылады.
Өтімділік
(ликвидность) деген аса маңызды макроэко 
но-
микалық категория ақшалармен тығыз байланысты, ол ақша ның 
ерекше қасиетін жəне белгісін білдіреді. Активтің немесе мүліктің 
барлық түрлері үшін өтімділік олардың өз құнын еш жоғалтпай 
ақшалай формаға тез айнала алу қабілетінің болуын сипаттай-
ды. Өз кезегінде, ақшалар абсолютті өтімділікке ие: əртүрлі тең 
жағдайларда олар тауардың кез келген түріне айырбастала ала-
тындай қабілетке ие болады. 
Өзінің тарихи даму қадамында ақшалар натуралдық ақша-
лардан (мал, аң терілері, ұлу қабыршақтары жəне т.б.) бастап 
қазіргі заманғы электрондық «виртуалдық» ақшаларға дейін 
əртүрлі формалардан өтті. Ұзақ уақыт бойы ақша материалы 
ретінде бағалы металдар – алтын мен күміс қолданылып келді. 
Ал қазіргі уақытта, ақшалар мынадай формаларда көрініс та-
бады: 


144
• қолма-қол нысандағы қағаз ақшалар
• айырбастау (айыру) монеталары; 
• қолма-қолсыз нысандағы қаржы-несие институттарындағы 
есепшоттардың жазулары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет