Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет107/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Бірінші жағдай.
6.2-суретте индивидтің банкке 1 рет ба-
руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында өзінің 
ақшасын (Y теңге) жинақ шотынан бір-ақ рет шешеді жəне оны 
жыл бойы жұмсайды. Жылдың басында оның ақшасы – Y теңге, 
жылдың соңында – 0 теңгеге тең, онда жыл бойындағы ақшаның 
орташа сомасы мынадай: Y/2.
Екінші жағдай.
6.3-суретте индивидтің жылына банкке 2 рет 
баруындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында Y/2-ге 
тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жылдың бірінші жар-
тысында жұмсайды, содан кейін сондай соманы тағы бір рет ба-
рып шешіп алады да оны жылдың екінші жартысында жұмсайды. 
Мұндай жағдайда, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша 
сомасының мөлшері Y/2-ден 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сома-
сы Y/4-ке тең болады.
Үшінші жағдай. 
6.4-суретте индивидтің банке N рет ба-
руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың əр уақытында 
Y/N-ге тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жыл бойы 
1/N кезеңдерде тең бөліктерге бөліп жұмсайды. Мұндай жағдай-
да, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша сомасының 
мөлшері Y/N-нен 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сомасы Y/2N-ге 
тең болады.


150
6.2-сурет. 
Банкке 1 рет бару кезіндегі индивидтің қолындағы 
ақша сомасы
6.3-сурет
. Банкке 2 рет бару кезіндегі индивидтің
қолындағы ақша сомасы
6.4-сурет.
Банкке N рет бару кезіндегі индивидтің қолындағы 
ақша сомасы


151
6.2 - 6.4-суреттерінен көріп отырғанымыздай, жыл бойындағы 
индивидтің қолындағы ақша сомасының орташа жылдық шама-
сы оның банкке бару санына тəуелді болады. Банкке барудың 
оңтайлы саны (N*) мына формуламен анықталады:
N* = √iY/2F, 
мұнда, N* - банкке барудың оңтайлы саны; Y – қажетті ақша 
сомасы; i – пайыз мөлшерлемесі; F – банкке барудың шығындарын 
ақшалай бағалау.
Олай болса, N саны кезіндегі қолға қажетті ақшаның орташа 
сомасы мынаған тең болады:
Y/2N* = √YF/2i.
Банкке барудың оңтайлы санын анықтау кезінде ақшаны 
өтім ділік тұрғысынан сақтаудың жиынтық шығындарын ескеру 
қажет. Бұл шығындар баламалылықты сипаттайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет