148
деген трансакциондық сұраныс ең алдымен, табыс деңгейіне
тəуелді, ал пайыздық қойылымға тəуелді емес.
Сондықтан да
оның сұраныс қисығы тік сызық түрінде орналасады (6.1 а-сурет).
Ақшаға алыпсатарлық сұраныс
пайыздық қойылымға тə-
уелді жəне оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады
(6.1 ə-сурет).
Кейнс теориясы бойынша ақшаға жиынтық сұраныс екі өзгер-
мелі функцияны көрсетеді:
а) табыс;
ə) пайыздық қойылым.
M
d
= M (Y, r)
6.1-сурет.
Ақшаға деген трансакциондық жəне
алыпсатарлық сұраныс
Сонымен, екі теорияны қорыта келе, ақшаға деген сұранысқа
əсер ететін мынадай факторларды атап көрсетуге болады:
1) табыс деңгейі;
2)
пайыздық қойылым;
3) ақша айналымының жылдамдығы.
Классикалық теория ақшаға сұранысты нақты табыспен бай-
ланыстырса, кейнстік теория ақшаға сұраныстың негізгі факторы
ретінде пайыздық қойылымды алға тартады.
Баумоль-Тобин үлгісі.
1
Баумоль-Тобин үлгісі
– бұл адамдардың өздеріне қажетті
1
Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р.
Макроэкономика. 2 - е изд. - Спб.: Питер, 2008.,
141-144 с.
149
қолма-қол ақша сомаларының
мөлшерін осы сомаға банктің
алынбаған пайызы түріндегі шығындары мен банкке барып келу
уақытын үнемдеуді бағалаумен болатын шығындарды салысты-
румен байланысты ақшаға сұраныстың ерекше үлгісі.
Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол ақшаның трансакциондық
жəне альтернативтік
шығындарын ескере отырып, нақты кас-
салық қалдықтардың оңтайлы мөлшерін қалай анықтауға бола-
тындығын түсіндіреді. Бұл үлгіні АҚШ экономистері Уильям
Баумоль (1922 жылы туылған) мен Джеймс Тобин (1918-2002,
Нобель сыйлығының лауреаты) өзара тəуелсіз ұсынды.
Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол
ақшаның артықшылықта-
ры мен кемшіліктерін талдайды.
Негізгі артықшылығы:
егер
индивид тауар сатып алуға қажетті ақшасын қолында ұстаса,
онда банкке барудың қажеті жоқ.
Негізгі кемшілігі:
егер индивид
мəміле жасау үшін ақшасын қолында ұстаса,
онда ол сол ақшаны
банкке депозитке салып, оның үстінен пайыз алу мүмкіндігінен
айырылады. Баумоль-Тобин үлгісін нақты түсіндіру үшін мына-
дай үш жағдай қарастырылады (6.2-6.4-суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: