Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет224/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

sf (k) = (n + δ + g) k.
12.4-сурет. 
Солоу үлгісіндегі экономикалық өсу жəне 
технологиялық прогресс
Сонымен, Солоудың үлгісінде технологиялық прогресс эконо-
микалық өсудің экзогенді факторы ретінде ұзақ мерзімде жан ба-
сына шаққандағы шығарылым көлемін ұлғайтады.
Сөйтіп, Роберт Солоу экономикалық өсу теориясына сүбелі үлес 
қосқаны үшін 1987 жылы Нобель сыйлығының иегері атанды. 
Экономикалық өсудің тарихи-əлеуметтік теориялары.
Американ ғалымы жəне социологы Уолт Ростоу, өткен 


299
ғасырдың 60-жылдары жасаған 
«экономикалық өсудің стадия-
лары»
атты концепцияның авторы, өзінің осы теориясында қоғам-
ның экономикалық өсу тарихын бес фазаға бөледі: 
1) 
дəстүрлі (таптық) қоғам
– бұған қол еңбегін қолдану, 
экономиканың негізі ретіндегі ауыл шаруашылығының дамуы, 
төменгі еңбек өнімділігі, техникалық-экономикалық өзгерістердің 
баяу қарқыны сияқты белгілер тəн; 
2) 
қоғамның алға жылжуы үшін экономикалық жағдайлар 
жасау кезеңі
– мұнда қоғамның алға жылжуы үшін басты қоз-
ғаушы күштер ретінде ғылымның, нарықтық қатынастар мен 
ер кін бəсекелестіктің дамуы, халық шаруашылығында капитал- 
дың жинақталуы мен капитал салымдарының өсуі деген фактор-
лар қарастырылады; 
3) 
қоғамның алға жылжуы немесе өнеркəсіптік төңкеріс 
кезеңі
– мұнда ҒТП-нің жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік 
туады, даму үшін үкімет институттарының жəне əдет-ғұрыптар- 
дың жасайтын кедергілері жойылады, өнеркəсіптің жекелеген 
салалары тез қарқынмен дамиды, қол еңбегі машиналы еңбекке 
ауысады; 
4) 
қоғамның кемелдену кезеңі
– мұнда экономикалық дамудың 
қарқыны өседі, өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен ар-
тады, адамдардың тұрмыс жағдайы өсе түседі, нəтижесінде халық 
шаруашылығының барлық салаларында жылдам əрі тұрақты 
даму үрдістеріне қол жеткізіледі; 
5) 
қоғамның жаппай тұтынуының жоғарғы деңгейін қам-
тамасыз ететін кезең
– мұнда өндіріс көлеміне шектелген ре-
сурстар кедергі келтіреді мəселе жойылады, керісінше, сұраныс 
пен экология тарапынан шектелудің туа бастауы өсе түседі, ұзақ 
мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы 
күшейе түседі. Бірақ Ростоу 70-жылдары өзінің концепциясын 
алтыншы кезеңмен толықтырды, яғни бұл кезеңде қоғам адам-
зат үшін өмір сүрудің аса қолайлы жəне сапалы жағдайларын 
жасаудың жаңа жолдарын іздеумен айналысады. Сондықтан да 
ғалымның көрсеткен қосымша алтыншы кезеңін – 
қоғамның 
сапалы өмір сүруі үшін жаңа жолдарды іздестіру кезеңі
деп 
атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет